1. Горная энциклопедия / Под ред. Е.А. Козловского. М.: Сов. энциклопедия, Т. 1. 1989.
2. Чернов О.И., Пузырев В.Н. Прогноз внезапных выбросов угля и газа. М.: Недра, 1979. 296 с.
3. Ходот В.В. Внезапные выбросы угля и газа. М.: Гос. науч. техн. изд. лит. по горному делу, 1961. 363 с.
4. Ходот В.В. Основные направления научного поиска в области борьбы с газодинамическими явлениями в шахтах // Вопросы теории выбросов угля, породы и газа. Киев: Наукова думка, 1973. 287 с.
5. Правила технической эксплуатации угольных шахт. М.: Углетехиздат, 1941-1946. 308 с.
6. Скочинский А.А., Комаров В.Б. Рудничная вентиляция. М.: Углетехиздат, 1959. 632 с.
7. Лидин Г.Д. Опыт классификации необычных явлений газа из разрабатываемого угольного пласта // Труды ИГД. М., 1956. С. 119-140.
8. Петросян А.Е. Об определении некоторых отличительных признаков высыпаний угля // Труды ИГД АН СССР. Т. 2. 1955. С. 145-149.
9. Петросян А.Э. Выделение метана в угольных шахтах. М.: Наука, 1975. 188 с.
10. Чернов О.И., Розанцев Е.С. Подготовка шахтных полей с газовыбросными пластами. М.: Недра, 1975. 287 с.
Біріккен Ұлттар Ұйымның (БҰҰ) Конвенциясының мәліметі бойынша Қазақстанда жыл сайын топырақтың қарашірігінің жоғалуының әсерінен 2,5 млрд. АҚШ долларға пара-пар зиян [1], ал жыртылмалы топырақ бетінің сумен шайылуының әсерінен 79 млн. АҚШ долларына сай залал келеді екен. Екінші қайта тұздану мен сорланудың әсерінен 62 мың гектар суармалы жер қолданыстан шығып кетті. Яғни аталған жерлерден алынбаған пайда 375 млн. АҚШ долларын құрайды. Осы үрдістердің әсерінен суармалы жерлердің көлемі 2,28 млн. гектардан 1,3 млн. гектарға дейін азайды, суармалы ауылшаруашылық өсімдіктерінің орташа өнімділігі 1996…1999 жылдары 1986…1990 жылдармен салыстырғанда 20 пайызға төмендеп кетті. Осы аралықта күріш, жүгері, қант, қызылша, көкөніс, картоп және мақта өнімділігі 18,0…58,0 пайызға кеміді.
Қазақстан ғалымдарының ұйғарамынша суармалы жерлердің канағаттандырғысыз жағдайы — гидромелиоративтік жүйелердің техникалық деңгейінің төмендігінен, оны пайдаланудың нашарлығынан, нарық бағаларының тұрақсызданбауынан, мемлекет тарапынан қаржыландырудың төмендеуінен туындайды. Сонымен қатар егіс танаптарына тыңайтқыштар беру төмендеп кеткен.
Қазақстанның территориясында орташа ылғалды жылдары 100,5 км3 шамасында жер бетінің сулары негізгі өзендер: Сырдария, Іле, Шу, Талас, Ертіс арқылы келіп түседі [2]. Оның 56,5 км3 (56 %) шекаралас мемлекеттер жерінде құралады, атап айтқанда Қытайда — 18,9 км3 (33,5 %); Өзбекстанда — 14,6 км3 (25,9 %); Ресейде — 7,5 км3 (13,3 %); Қырғызстанда — 3,0 км3 (5,3 %).
Қазіргі кезде Қазақстанның барлық суармалы жерлерінде су тапшылығы сезілуде, ол су қорының вегетация аралығында қажетті мөлшерде берілмеуінен және су көздерінің ластануынан болып отыр.
Нарықтық экономикаға көшкен соңғы он жылдықта қуат көздері (электр қуаты, жанар-жағар майлар), ауылшаруашылық дақылдардың тұқымы, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, ауылшаруашылық техникалары өте жылдам қымбаттап, ақылы су пайдалануға көшуге байланысты егістік алқаптарындағы суару жүйелерінің суды пайдалану коэффициентінің төмендігінен, суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі төмендеп кетті. Суармалы егіншілікте қалыптасқан шаруашылық-экономикалық тығырықтан шығудың жолы — суару жүйелерінің желілерін қайта жаңғыртып, экологиялық мелиоративті қауіпсіз, қуатты, қорды, ылғалды үнемдейтін және топырақ қорғайтын технологиялық тәсілдерді кең көлемде енгізіп, пайдалану. Осындай талаптарға жауап беретін тәсілдердің бірі — топырақ ішінде орналасқан құбырлар арқылы ауылшаруашылық дақылдарының тамырлары орналасқан қабатты қолайлы мөлшерде, тапшылықсыз капиллярлы ылғалмен қамтамасыз ету.
Топырақ ішінен суаруды бірнеше тәсілдермен атқаруға болады [3]: ылғалдандырғыш құбыр арқылы, көртышқан індес кәрізбен, машина көмегімен және жерасты суын бөгеп, деңгейін реттеу арқылы. Келтірілген тәсілдердің ішіндегі ең көп қолданыс тапқаны және болашағынан үміт күттіретіні — топырақ ішінен ылғалдандырғыш құбыр және жерасты суын бөгеп, деңгейін реттеу арқылы.
Топырақ ішіндегі жүйемен суды өсімдік тамырлары орналасқан қабатқа арынмен жеткізу бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: 1) арынсыз (өздігімен танап көлбеулігін пайдаланып ағатын); 2) төмен арынды — 1...1,5 м; 3) арынды — 2 метрден жоғары; 4) адсорбциялы (вакуумды). Аталғандардың ішінде тәжірибе жүзінде өндірісте қолданыс тапқандары екінші және үшінші түрлері, ал бірінші мен соңғысы зертханалық тексерулерден өтуде. Дегенмен соңғы аталған әдістер болашақта кең қолданысқа ие болады деген ойдамыз, себебі жүйелермен суды танап көлбеулігін пайдалана отырып, сорғысыз жеткізуге мүмкіндік бар.
Топырақ ішінен суару, жер бетімен және жаңбырлатып суару әдістеріне қарағанда, төмендегідей артықшылықтарымен ерекшеленеді [3, 4, 5]: топырақ ішінен ылғалдау көбінесе капиллярлық күштердің әсерінен іске асады, сол себептен вегетация аралығында топырақтың табиғи құрылымы сақталып, топырақ бактерияларының тіршілігіне қажетті жағдай жасалып, ондағы физика-химиялық үрдістер жақсы деңгейде өтеді; топырақтың жоғарғы қабаты (0...20 см), вегетация бойынша өз қуыстылығын сақтап, қажетті мөлшерде сумен, ауамен және жылумен қамтамасыз етіліп, танапқа берілетін судың топырақ бетінен өнімсіз буланатын ылғал ысырабына жол берілмейді; әр суарған сайын жүйек аралық қопсыту қажет етілмейді; танапта арам шөптердің өніп-өсуіне тосқауыл қойылады; тыңайтқыштарды дайын ерітінді түрінде сумен бірге, қажетті мөлшерде, қосымша еңбек шығындарсыз беруге мүмкіндік туады; танаптың есепті топырақ қабатында суару кезінде бос гравитациялық сулардың пайда болуына тосқауыл қойылады, ал өнімсіз су ысырабы төмендеп, қоректік заттардың төменгі қабаттарға ығысуы тоқталады, солардың нәтижесінде суармалы егіс өнімділігі артады.
Н.Р. Хамраевтың [5] ұйғарымынша ауылшаруашылық дақылдарды топырақ ішінен суаруға арналған алғашқы зерттеулер ХIХ ғасырдың ортасында басталып, ХХ ғасырда өндіріске енгізіліп, бірақ егіс танаптарында кең көлемде қолданылмауының себебі, оның құрылысына кететін қаржының тым жоғары болуында. Ал біздің байымдауымызша, бұл айтылған себептер өткен ғасырдың 1960...1980 жылдарына сәйкес мәселелер. Ол кезде, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) тұсында, суармалы егіншілікте су тапшылығы қазіргідей кең етек ала қоймаған кез. Топырақ ішінен суаратын жүйеге пайдаланатын пластикалық құбырлар көбіне шет елдерден әкелінетін, сондықтан олар құрылыс технологиялары және бағасы жағынан басқа материалдардан жасалған құбырлармен бәсекеге түсе алмайтын.
Қазіргі таңда, су тапшылығы күннен күнге етек жайып, өршіп келе жатқан кезде, пластикалық құбырлардың салыстырмалы бағасының төмендігін, қажетті көлемде өзіміздің жергілікті Қазақстандық кәсіпорындарының жасап шығаратынын, оның жоғары санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкестігін, құрылыс технологияларының дамып, жетілгенін ескере отырып, топырақ ішінен суаратын жүйелердің тиімді технологиялық әдістерін іздестірумен жақынырақ айналысу керектігіне көзіміз жетіп отыр.
Пластикалық құбырларды топырақ ішінен суару жүйесінде пайдалану тәжірибесі АҚШ-та 1963 жылы Массачусетс және Техас штаттарында жүргізіліп, жер бетімен суару тәсіліне қарағанда, танап бетінен өнімсіз булану мен есепті қабаттан төмен сіңіп кететін су шығындары 42 пайызға азайатыны дәләлденген.
Бұрынғы КСРО-да пластикалық құбырларды топырақ ішінен суару жүйелерінде пайдалану 1967 жылы СоюзНИХИ-дың мақта шаруашылығының тәжірибелік танаптарында (Өзбекстанда) қолданылды. Осы сияқты жұмыстар Әзербайжанда, Тәжікстанда, Украинада және де басқа да Одақтық Республикаларда жүргізілді. ГрузНИИГиМ-нің тәжірибелік мелиоративтік «Самгор» пунктінде ылғалдандырғыш құбыр ретінде саңлауы бар диаметрі 8…50 мм пластикалық құбырлар қолданылған. 1970 жылдан бастап Өзбекстанның Жалаңаш дала жерінде, жеті жыл ішінде 150 гектар алқабта [5] топырақ ішінен суару жүйелері салынып, өндірістік тәжірибелер жүргізілген.
1982 жылдан бастап Ресейдің Еуропа бөлігінде ірі қара малдың шайынды суларын пластикалық құбырлардан тұратын суару желілермен таратып, кең көлемде зерттеулер жүргізілген.
1988...1989 жылдары Қырымда 26...30 жылдық жүзімдіктерде пластикалық құбырлардан құралған топырақ ішінен суаратын жүйелерді 0,5...0,7 м тереңдікке орналастырып, өндірістік тәжірибелер жасалынды. Топырақ ішінен суарғанда жүзімдік өнімділігі 196 ц/га жетіп, жер бетімен жүйек арқылы суарғанда 112 ц/га аспады, яғни топырақ ішін суару (ТІС) тәсіліне қарағанда өнімділік 57 пайызға төмен болды, суару нормасы реті бойынша 2808 және 3227 м3/га құрап, ТІС тәсіліне қарағанда су пайдалану мөлшері 15 пайызға артық болды. ТІС тәсілінде 1 ц жүзім өнімін алу үшін 14,2 м3 су қажет болған болса, жер бетімен жүйек арқылы суғарғанда 28,3 м3/ц су жұмсалынды, яғни соңғы тәсілде екі есе көп су артық шығындалынды.
Иранда жүгері алқабын ТІС тәсілімен суарғанда оның өнімділігі 104,4 ц/га жетті, ал жер бетімен суарғанда өнімділік 62,2 ц/га құрап, су мөлшері соңғысында 25...50 пайызға артық жұмсалынды.
1974...77 жылдары УкрНИИОЗ жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша ТІС тәсілін пайдаланып жоңышқаны суарғанда оның өнімділігі жер бетімен суарғанға карағанда 117 ц/га жоғары болып, жаңбырлатып суарумен салыстырғанда су көлемі 25...28 пайызға кем жұмсалынды. Жалаңаш даладағы көп жылдық тәжірибелер көрсеткендей, ТІС тәсілін жүйекпен суарумен салыстырғанда қосымша өнім 15...20 пайызға артып, үнемделген су мөлшері 59 пайызға жетіп, суармалау нормасы 2000 м3/га құрады. Волгоград облысында (1978 ж.) ТІС тәсілін жаңбырлатып суарумен салыстырғанда сүрлемдік жүгерінің өнімділігі — 424,7 ц/га (297 %); картоп — 159,2 ц/га (242,9 %); сәбіз — 174,2 ц/га (210 %) құрады. Ростов облысында ТІС тәсілін, жүйекпен және жаңбырлатып суарумен салыстырғанда картоп өнімділігінің айырмасы ретімен 41,1 мен 26 ц/га құрады. ТІС тәсілін қолданғанда, жалпы еңбек шығыны жаңбырлатып суаруға қарағанда 1,2...1,6 есе, ал жүйекпен суаруды салыстырғанда 1,1...1,8 есе аз болды. ТІС тәсілінде суаруға дайындық және суару үрдістерін жүргізу, жаңбырлату тәсіліне қарағанда 4…5,5 есе, ал жүйекпен суаруды салыстырғанда 7…8 есе кем еңбек сіңіруді қажет етеді.
Жоғарыдағы келтірілген мәліметтер топырақ ішінен суару тәсілі, жер бетімен және жаңбырлатып суару тәсілдерімен бәсекеге түсіп, оларды көптеген көрсеткіштерімен (суды тиімді, ысырапсыз пайдалану, топырақ карашірігінің және де қоректік элементтердің төменгі қабаттарға ығысуының азайуы), сонымен қатар танап өнімділігі 25…50 пайызға артуы бойынша тиімді ұтып шығатынын анық көрсетті. Яғни топырак iшiнен суару тәсiлi көшбасшылыққа лайық орны бар eкeнін дәлелдедi, сол себептен бұл тәсiлдi суармалы егіншілікке енгізу жолдарын жан жақты қарастыру қажет, әсіресе вегетация кезінде су тапшылығы жиі сезіліп отыратын Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде кеңінен тарату керек.
Бiздiң қолымыздағы ақпарат бойынша Қазақстанда осы уақытқа дейiн топырақ iшiнен суару тәсiлiнің негізінде өндірістік тәжірибелер және зертханалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Осыған байланысты Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (СШҒЗИ) көп жылдар бойы әр түрлі ізденістер жасап, өсімдіктердің суға деген қажеттілігін толығымен қанағаттандыру үшін суды жеткізу, белгілі уақыт аралығында беру үрдістерінің жаңа тәсілдерін қарастырды. Осы талаптарға сай келетін тәсілдің бірі — топырақ ішімен суару. Бұл тәсіл су мен қоректік заттарды топырақ ішінде орналасқан ылғалдандырғыш құбырлармен өсімдіктердің тамырлары орналасқан қабатты қажетті мөлшерде үздіксіз қамтамасыз етіп суармалы егістіктің экологиялық мелиоративтік қауіпсіздігін көп жылдар бойы қамтамасыз етеді.
Қазақстанның суармалы жерлеріндегі су тапшылығын ескерiп, суару жүйелердiң техникалық жағдайын бiле отыра, басқа елдердiң тәжiрибесiне сүйенiп, жаңа гидромелиоративтiк жүйелерге қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (СШҒЗИ) соңғы жылдары осы мәселеге көңілін көбірек аудара бастады.
Бiз өз iзденiсiмiздің арқасында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) және шет елдерде қолданылатын топырақ iшiнен суару жүйесiн сол күйінде көшіріп ала салмай, қуат-, қор-, ылғал үнемдейтін экологиялық-мелиоративті қауіпсіз адсорбциялы жүйенің конструкциясын ұсындық [6].
Бiздiң бiлуiмiзше, қазіргі ТМД елдерінде қолданылатын топырақ iшiнен суару тәсілінде танапқа су әр кезең сайын, сорғының көмегімен (10...20 күн сайын) бір рет беріледі, яғни есепті топырақ қабатындағы қаныққан капиллярлы ылғал мөлшерінің деңгейі 70...75 пайызға түскенде, сорғының көмегімен арынды суды танапқа ылғалдылығы 100 пайызға көтерілгенше (3... 24 сағат аралығында) бір гектарға шаққанда 800... 1500 м3 шамасында беріледі. Келесі суару мерзімі, есепті топырақ қабатының ылғалдылығы 70...75 пайызға жақындағанда, қайтадан жүргізіледі. Осылайша суармалы егістікке вегетация ішінде 3...11 қайтара су берілуі мүмкін. Сол себептен қолданыстағы топырақ ішінен суару әдісін пайдаланып, суармалы егістікте суды электр қуатының, жанар-жағар майлардың көмегімен жеткізсе, өндірілетін ауылшаруашылық өнімнің өзіндік құны өсе береді.
Біз ұсынып отырған топырақ ішінен суару жүйесі, ақылы қуат көздерін (электр қуатын, жанар-жағар майларды) пайдаланбай-ақ танаптың өз көлбеулігінің әсерінен және топырақтың қайта жаңғыратын адсорбциялық сору қасиеттерін пайдаланып, танапқа суды аз мөлшермен тапшылықсыз, вегетация кезеңінде ылғал мөлшері капиллярлы ылғал деңгейінде ұстап және де автоматты түрде өсімдіктердің негізгі тамырлары дамыған қабатты және де қажетті қоректік заттармен (өсімдікке сіңімді ерітінді күйінде) биологиялық қажеттілікке байланысты қамтамасыз етеді.
Біздің ноу-хауымыздың мәні, топырақтың қайта жаңғыратын табиғи сору күшін пайдаланып, есепті қабатқа суды сол сору күші арқылы аз мөлшерде үздіксіз жеткізіп, тапшылықты болдырмай, ылғалды, сонымен қатар қоректік заттарды вегетация кезеңі бойында өсімдіктерге сіңімді деңгейде автоматты түрде қамтамасыз ету. Бізге белгілі болғандай, топырақтың капиллярлы ылғалдылығының шамасы қаныққан ылғалдылықтан 60...100 пайыз арасында өзгергенде, яғни -3…-0,3 м су деңгейіне пара-пар (кері) табиғи күші (сору күші) пайда болады [7].
Ұсынып отырған өздігінен ағатын, топырақ ішінен суаратын адсорбциялы жүйенің жаңалығы алдын ала патентпен қорғалған [8], жаңа гидромелиоративтік жүйелерді салу мен қайта жаңғырту ұсыныстарын [9] ескере отырып, төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталынады:
- танапқа су, сорғысыз өздігінен үздіксіз ағып келіп, су тазалағыш сүзгі қондырғыларды қажетсінбейді;
- танапты суаруға өзен, артезиан және әртүрлі қалқымасы бар малдардың шайынды суларын пайдалануға болады;
- вегетация кезеңінде танаптың су режимі қажетті денгейде автоматты түрде реттелініп тұрады, сонымен қатар тұз, ауа, жылу, қоректік заттар да реттелінеді;
- суды танапқа жеткізу, суару үрдістерін жүргізу, тыңайтқыштарды, гербицидтерді шашу (беру) және топырақты өңдеуге кететін еңбек шығындары, қолданыстағы жүйелермен салыстырғанда шамамен 70 пайызға дейін кемиді;
- вегетация кезеңінде танапқа суды топырақ ішінен беріп, есепті қабаттағы ылғалдылық салыстырмалы жоғары денгейде автоматты түрде ұстап тұрудан, топырақтың екінші рет тұздануына жол берілмейді;
- су топырақ ішінен капиллярлы түрде берілуінен, есепті қабаттан төмен ығысатын өнімсіз су ысыраптары 50...80 пайызға азайып, сонымен қоса қоректік заттардың шайылуы кеміп, оларды тиімді пайдалануының әсерінен, өсіріліп отырған ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігі 1,5...2,0 есеге өседі.
Ұсынылып отырған жаңа жүйе төмендегідей ретпен жұмыс жасайды. Көктемгі кезеңде, танап топырағының ылғалдылық деңгейіне қарай, суды жеткізу бас канал 1 және тасымалдау желісі арқылы 2 (суретке қараңыз) егінді екпей тұрып немесе еккеннен кейін жүргізіледі. Алдын ала, 3 жинақтаушы құрылым ішіндегі және 4, 5, 6 пластикалық құбырлардың үстіңгі жағының әр ара қашықтығында орналасқан жіңішке түтікшелері бар жапқыш тетіктерді ашып қою қажет. Олар жер бетінен 0,1...0,3 м биіктікке дейін шығып тұруы керек. Осы тетіктер бар түтікшелердің көмегімен жабық жүйелердің ішінде жиналып қалған «ауа тығыны» атмосфераға шығарылып тасталынады. Барлық желілерге 3, 4, 5, 6 су толығымен еніп болған соң, «ауа тығынының» жоқтығына көз жетісімен, 4, 5, 6 құбырларындағы тетіктерді жауып, ал 3 жинақтаушы құрылым ішіндегі жапқыш тетік вегетация бойынша ашық тұрып, оның ішіндегі су деңгейі арнайы қондырғының көмегімен, жер астында орналасқан 4 пластикалық құбырдың су енетін аузынан тұрақты түрде жоғары бірқалыпты деңгейде тұруын қамтамасыз ету керек. Осы талаптарды орындап болған соң, адсорбциялы топырақ ішінен суару жүйесі автоматты түрде жұмыс істеу үрдісіне көшеді.
Көбінде, вегетация басында күздік жаңбыр мен қыстық қарлардың әсерінен танаптың есепті қабатының ылғалдылығы қаныққан ылғалдылық денгейіне жақын болады, яғни капиллярлы ылғал мөлшері 100 пайызға жуық болады. Бұл кезде топырақтың сору күшінің мәнінің төмен болғандығынан (-0...-0,2 м) жер асты жүйесі құбырларының ішінен есепті қабатқа су соруы уақытша кідіріліп тұрады. Ал топырақ беті біраз тереңдікке дейін қызып, оның бетінен ылғал булануы мен өсімдік бойынан транспирациялық су шығыны ұлғая бастасымен есепті қабаттың адсорбциялы сору күші жоғарылай береді (шамамен -0,3...-0,6 м). Осы кезде қорғағыш сүзгі орналасқан топырақ қабатыңда пайда болған сору күшінің әсерінен, ылғалдандырғыш құбыр ішінен су топырақтың ылғалдылығы жоғары мәніне жеткенше ене береді, яғни сору күшінің көрсеткіші нольге жақындағанша. Осы үрдіс ауа райының жылу режіміне байланысты, суару кезеңінде бірнеше мәрте қайталанады. Сөйтіп вегетация кезеңінде есепті топырақ қабатындағы ылғалдылық мәні автоматты түрде 75...95 пайыз төңірегінде болып (капиллярлы қозғалмалы, өсімдікке сіңімді түрінде), бір қалыпты, қатты ауытқусыз, ылғал тапшылығын тудырмай, көрсетілген ылғалдылық дәлсіз аралығынан шықпайды.
1 — бас канал су көзімен бірге (ашық және жабық желілер, артезиан ұнғымасы т.т.); 2 — тасымалдау желісі (канал, темірбетон науа); 3 — жинақтаушы құрылым, суды бір деңгейде ұстап тұратын қондырғымен қоса; 4 — пластикалық тарату құбыры; 5 — учаскелік пластикалық құбыр;
6 — топырақ ішінен ылғалдандыратын саңлаулы
қорғағыш сүзгісі бар пластикалық құбыр
Өздігінен ағатын абсорбциялы топырақ ішінен суару жүйесі
Апаттық жағдай болып, 1,2 желілерде бірнеше күн су болмай қалған кезде, жинақтаушы құрылым ішіндегі жапқыш тетікті, су деңгейі таратушы құбыр ернеуіне жетпестен бұрын жауып қою керек, яғни құбырға сырттан ауа еніп вакуумды (кері арынды) болдыртпай тастамас үшін. Себебі қайтадан, жабық құбыр ішінде вакуумды (қайта жаңғырғыш сору күшін) болдыру үшін біраз қиындықтар тууы мүмкін. Апаттық жағдайдан кейін, су 1,2 желілер арқылы беріліп, 3 жинақтаушы құрылым толысымен жапқыш тетікті қайтадан ашу керек. Әрі қарай жүйе, топырақтың қай-
та жаңғырғыш сору күштерінің әсерінен, автоматты үрдісте жұмыс істей береді. Сонда бұл жаңа жүйедегі суарушы-оператордың міндеті, судың 1,2 желілер арқылы 3 жинақтаушы құрылымға үздіксіз келіп, құйылуын, ондағы судың деңгейі бір қалыпты ұсталып тұруын қадағалап, су бетіне келіп түсетін қалқыма заттардан (тұрмыстық, өсімдік және жан-жануарлар қалдықтарын) тазартып отыру.
Алғашқы есеп бойынша, бір жинақтаушы құрылымнан 5...10 га танапқа су таратылып, қызмет көрсетіледі. Осы құрылым арқылы вегетация кезеңінде өсімдіктерге топырақ ішінен, сумен бірге әртүрлі қоректік заттар мен гербицидтер беріліп тұрылады. Яғни ешқандай еңбек күші жұмсалмайды, ауылшаруашылық техника пайдаланылмайды.
Ұсынылып отырған суару алқабында 1бас канал мен 2 тасымалдау желісінен басқасының бәрі (4, 5, 6) жер астында орналасқандықтан жерді пайдалану коэффициенті шамамен 0,95...0,98 құрайды. Ал, 4, 5, 6 пластикалық құбырлар жер бетінен 0,4...0,75 м тереңдікте жатуына байланысты, ауылшаруашылық техникаларының танапта әртүрлі агрономиялық жұмыстар атқаруына ешқандай кедергілер жасамайды.
Күзде танаптағы өнім жиналып болған соң, жүйені қысқа дайындау қажет болады. Ол үшін 1бас канал мен 2 тасымалдау желісі арқылы танапқа судың алдын ала келуін тоқтатып, 4, 5, 6 жүйелердегі судың топырақ қабатына толығымен сіңіп кетіп, олардың ішінде қысқа қарай су қалмауын бақылау қажет.
Танап көлбеулігін пайдаланып өздігінен (сорғысыз) ағып келетін адсорбциялы топырақ ішінен суару тәсілі негізінде тәжірибелік ғылыми-зерттеу жұмыстары СШҒЗИ эксперименттік участкісінде жүргізілді. Алғашқы нәтижелер бойынша қолданыстағы тәсілдермен салыстырғанда суару нормасы екі есе кем жұмсалынатын дақылдардың өнімділігі 1,5...1,8 есеге артатынын көрсетті.