Жетiсу өңiрiндегi аттары кеңiнен мәлiм екi қала әрi жiбек жолындағы аса iрi екi орталық болып саналатын Суяб пен Баласағұн қашаннан-ақ зерттеушiлердiң назарын аударып келедi. Алайда авторлар еңбектерiнде едәуiр мол мағлұматтар келтiрiледi, дегенмен осынау қалалардың тарихи тағдырларында әлi де бұлыңғыр тұстар жоқ емес. Бұл олардың тұрған орындарын анықтауға да қатысты нәрсе.
Суяб жайында ең көне, сонау VII ғасырдың бiрiншi жартысы мен VIII ғасырдан қалған деректер ... мәлiметтерiнде сақталған. Будда тәуапшысы Сюань Цзянь 629 жылы Үндiстанға бара жатқан сапарында Жетiсуды басып өтедi. Сүйе өзенiнiң маңында ол бiр қалаға кез болады. «Оның аумағы 6-7 ли. Онда түрлi елдерден келген көпестер мен соғдылар тұрады екен. Топырағы қызыл, тары мен жүзiм өсiруге қолайлы. Сүйеден тура батысқа қарай бiр-бiрiнен бөлек ондаған жеке қалалар орналасыпты». Бұдан әрi Сюань Цзянь Жетiсу қалаларының тұрғындарын, олардың дәстүрлерiн, киiмдерiн, әдет-ғұрыптарын сипаттап, сөзiнiң соңында бұл қалаларда диқандар мен саудагерлер тұратынын жазған.
VIII ғасырдың алғашқы жартысына дейiнгi деректер ұсынатын беймәлiм автордың «Худуд аль-Алем» атты еңбегiнде, сондай-ақ Гардизидiң «Зайн әл- ахбар» («Баяндау көркi») шығармасында Суяб туралы мынадай сипаттама келтiрiледi: «бұл 20 мың адам тұратын үлкен мекен. Шаһардың әмiршiсi Ялан шах есiмдi джабгудың бауыры екен». Баласағұнды басып алған түркiлер (қараханидтер) ислам дiнiн қабылдап, бiрте-бiрте Орта Азияны жаулап алады.