Гигиена труда как наука, история развития. Государственный санитарный надзор в области гигиены труда


фильтрация, тасымалдау, өнімді ыдыстарға салу және аппараттарды қалдықтардан тазарту



бет5/9
Дата13.09.2022
өлшемі0.5 Mb.
#460641
1   2   3   4   5   6   7   8   9
OFG L-2 kaz

фильтрация, тасымалдау, өнімді ыдыстарға салу және аппараттарды қалдықтардан тазарту
жоғары температура,
жоғары қысым,
герметкалық емес аппараттар мен коммуникациялар
Жабдықтар
дезинтеграторлар, уатқыштар, диірмендер, шнектер, ұнтақ материалдарды тасымалдауға арналған элеваторлар
технологиялық тәртіптің бұзылуы, технологиялық сынаманы толтыру кезінде сұйықтықтың сыртқа ағып кетуі коммуникациялардың бүтіндігінің бұзылуы және басқа апаттық жағдайлар
НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Гигиеналық тұрғыдан, аппаратураны жөндеу мен тазалау және апаттық жұмыстар жүргізу операцияларының маңыздылығы үлкен, бұл кезде әртүрлі зиянды заттар мен жұмысшылардың жанасуы байқалады.
Жабдықтардың ішінде орындалатын операциялар аса маңызды.
Апаттар жиі технологиялық тәртіп параметрлерінің бұзылуымен байланысты, нәтижесінде аппараттағы температура және қысым өзгереді. Бұл аппараттар және коммуникациялардың герметикалығының бұзылуына әкеледі (асып ағып кету (перелив), сальниктің түсуі) және зиянды заттардың жұмыс бөлмесіне түсуіне әкеп соғады.
НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Бөлмедегі зиянды заттар концентрациясы химия өндірісінің эксплуатация кезеңіне де байланысты.
Әсіресе, гигиеналық жағынан қолайсызы іске қосу-баптау кезеңі. Бұл кезең қызмет етуші персоналдың басқару дағдыларының жетік болмауымен, технологиялық процестің тұрақтылығымен, өндірістік ортаның ластану мүмкіндігімен сипатталады.
Осыған байланысты эксплуатацияның гигиеналық маңызды келесі кезеңдерін ажыратады –іске қосу-баптау, тұрақты және жөндеу жұмыстары.

Бұл кезеңдер еңбек қауіпсіздігін дифференциалды санитарлық-гигиеналық және профилактикалық қамтамасыз етуді қажет етеді. Жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету эксплуатацияның тұрақты тәртібіндегі еңбек жағдайы сияқты болуы тиіс.
НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Химия өнеркәсібінде ауа ортасы әртүрлі химиялық заттар жиынтығымен ластанады.
Олардың көп мөлшері соңғы өнім әртүрлі шикізаттан, қоспа, катализатордан алынатын синтез процестерінде болады. Ауада біруақытта әртүрлі агрегаттық күйдегі – бу, газ, аэрозоль көптеген заттар және де бір-бірімен әсерлеу нәтижесінде түзілген қосылыстар немесе термиялық ыдырау өнімдері кездеседі. Ауаға түскен зиянды заттар әрі қарай бір-бірімен әсерленіп тотығу, гидролиз және басқа өзгерістерге ұшырайды.
Салыстырмалы тығыздығы ауадан жоғары бу және газдар төменгі бөлікте жиналады, ал бөлменің вертикальды жоспарлануы кезінде жоғарғы қабаттан төменге ауысады. Бірақ ауаның жылу конвективтік ағыны болса кері процестер болуы мүмкін.
НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Өндірістік бөлменің ауасына жалпы улы әсер ететін улы заттармен бірге мутагенді, эмбриотропты, тератогенді, аллергиялық, канцерогенді әсер көрсететін заттар бөлінеді.
Зиянды заттардың канцерогенді әсері анилинді бояу өнеркәсібі кәсіпорындары, пластмасса өндірісі (поливинилхлоридтер), резина-техникалық бұйымдар, жану процесі қолданылатын (тас, көмір, мұнай) өндірістерге тән.
Жұмысшыларды қатерлі жаңа түзілімдер дамуына әкелуі мүмкін заттар: бензидин, бензол, винилхлорид, хром, никель, мышьяк, тас көмірді айыру өнімдері және т.б.
НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Шаң - көптеген химиялық зауыттарда орын алатын зиянды фактор.
Бұл фактор көп дәрежеде бастапқы (шикізатты өңдеу) және соңғы (кептіру, бөлу және т.б.) технологиялық процесс кезеңдерінде айқын болады.
Бөлінетін шаң дисперстілігі әдетте жоғары: құрамында мөлшері 5 мкм аз бөлшектер көп болады.
Зиянды заттардың газдары мен буларын жақсы сорбциялайтын шаң деммен түсіп, десорбция нәтижесінде сол заттардың организмге түсуінің қосымша көзі болып табылады.
НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Физикалық факторлардан тұрақты болатын шу, діріл және қолайсыз метеожағдайлар.
Химиялық зауыттағы шу және дірілдің негізгі көзі бұл әртүрлі технологиялық жабдықтар: уатқыш, элеватор, кептіргіш барабан, желдеткіш, центрифуга, компрессорлар және т.б.
Бұл жабдықтардың шу интенсивтілігі 90-100 дБА және одан да жоғары болуы мүмкін.
НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Өндірістік бөлмеде метеорологиялық жағдай технологиялық процестің сипатына байланысты анықталады.
Ауа температурасы кейбір учаскеде +300 С-қа жетуі мүмкін.
Қолайсыз микроклимат себептері – аппарат және коммуникациялардың жылу оқшаулауының жеткіліксіз болуы, жабдықтардың өте тығыз орналастырылуы, желдету жүйесінің тиімсіздігі.
Жабдықтар мен коммуникациялар беттерінің жылуды оқшаулау жеткіліксіздігі тек конвекциялық қана емес, радиациялық жылудың да көзі болуы мүмкін.
НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Бірқатар химия өндірістеріне жабық бөлмелерден сыртқы қондырғыларға жиі ауысу қажеттілігімен байланысты жұмысшыларға ауа температурасының кенет ауысып отырып әсер етуі тән.
Жұмыстың кейбір учаскелерінде, әсіресе бастапқы кезеңдерде (қойма, уату, ұнтақтау бөлімдерінде) және де сыртқы қондырғылармен жұмыс істегенде жұмысшылар суық мезгілде төмен температуралы және ауа қозғалысы жылдамдығы үлкен болатын салқындатушы микроклимат әсеріне ұшырайды.
НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Центрифугалау, сүзу, тұндыру және басқа операциялар кезінде артық мөлшерде ылғал бөліну кездеседі, соған байланысты ауа ылғалдылығының жоғары болуы байқалады.
Қазіргі заманғы химиялық зауыттарда өлшегіш аппаратураларда және катализатор ретінде радиооактивті заттар қолданылады.
Химиялық цехтарда электрлік, механикалық, термиялық және химиялық жарақат алу қаупі жоғары.
НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Осылайша химия өнеркәсібінің жұмысшылары әртүрлі химиялық және физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсеріне ұшырауы мүмкін.
Бұл әсерлер қосарланған, бірлескен және кешенді сипатта болып, жұмысшылар өндірісте және одан тыс жерлерде (өндірістік алаңда, тұрғылықты жерде) әсеріне ұшырайды.
Мұндай әсер, бөлек фактордың жоғары асып кетуі болмаса да назардан тыс қалмауы тиіс.
НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет