Гигиена труда как наука, история развития. Государственный санитарный надзор в области гигиены труда


Химиялық өнеркәсіптің келесі негізгі өндірістерін ажыратады



бет2/9
Дата13.09.2022
өлшемі0.5 Mb.
#460641
1   2   3   4   5   6   7   8   9
OFG L-2 kaz

Химиялық өнеркәсіптің келесі негізгі өндірістерін ажыратады:
  • бейорганикалық қышқылдар, негіздер, тұздар және басқа да бейорганикалық қосылыстар шығаратын негізгі химия өндірісі;
  • органикалық синтез кәсіпорындары, бұнда органикалық заттардың көптеген түрін өндіреді: қышқылдар, спирттер, еріткіштер;
  • жасанды және синтетикалық талшықтар, жіптер – лавсан, капрон, вискоз және т.б. өндірістері;
  • синтетикалық каучук, пластмасса, синтетикалық шайыр шығаратын өндірістер;
  • резиналық аяқ-киімдер, резинатехникалық бұйымдар және шиналар өндіретін кәсіпорындар;
  • анилин бояулары, лакбояу материалдарын шығаратын өндірістер;
  • дәрі-дәрмек және басқа препараттар шығаратын химико-фармацевтикалық зауыттар;
  • минералды тыңайтқыштар және пестицидтер өндіретін зауыттар мен комбинаттар.

Химиялық өндірістің көп түрлілігіне қарамастан олардың ортақ қасиеттері көп.
Гигиеналық жіктеу бойынша барлық технологиялық процестер және операциялар келесі кезеңдерге бөлінеді:
  • Дайындық операциялары (ұсақтау, дозалау, бастапқы материалдарды фракцияларға бөлу және елеу, тасымалдау).
  • Химиялық процестер (тотығу, тотықсыздану, хлорлау, нитраттау, электрохимиялық процестер және т.б.).
  • Химиялық компоненттерін бөлу (ректификация, центрифугалау, фильтрация, экстракция, кристаллизация және т.б.).
  • Қорытынды операциялар (кептіру, ұсақтау, орап қаптау және сақтау).
  • Қосымша операциялар (технологиялық сынамалар алу, катализаторларды ауыстыру, алдын алу және апаттық жөндеу жұмыстары және т.с.с.).

Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы
Технологиялық процестер өзінің сипаты бойынша
  • кезеңдік және үздіксіз,
  • көп кезеңді және аз кезеңді,
  • горизонтальды және вертикальды

  • болып бөлінеді.
    Қазіргі заманғы ірі тонналық өндірістің көбіне тұйық үздіксіз циклдар тән, бұл цикл қоршаған орта және жұмыс зонасы ауасына зиянды зат бөлінуін болдырмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет