Кәсіпкер – жеке тұлға. Ол өндірістік –
шаруашылық, көтерме сауда, инновация,
кеңестер беру,
бағалы қағаз операциялары, басқа да заңмен тыйым салынбаған кез –
келген қызмет түрлерімен айналысуға құқылы.
Кәсіпкерлік – меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді
пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге
асырылатын кәсіпкерлік,
шаруашылықтық және басқа да қызметтер.
Кәсіпкерлік табыс - табыстың ерекше түрі ,
яғни іскерлігі және арнайы
шығармашылық белсенділігі үшін сыйақы, шағын бизнес саласындағы коммерциялық
табыс әкелетін жаңа ойлар, техника мен технология енгізгенде пайда болады.
Капитал қайтарымы – бір теңге өнім шығару үшін
қажет капиталдың құны,
тенгемен.
Капиталмен жарақтану – бір жұмысшыға келетін капиталдың құны, тенгемен.
Капитал сыйымдылығы - бір тенге капиталға келетін өнім мөлшері, тенгемен.
Кесімді еңбекақы - өндірген өнімнің мөлшеріне қарай төленетін еңбекақы.
Кәсіпорын шығындары - өндіріске енгізетін факторларды
алуға жұмсалатын
шығындар; ресурс өнімдерін өндіруге және өткізуге қолданылатын ақшалай көрініс.
Достарыңызбен бөлісу: