Глоссарий Акционерлік қоғам


Айналым қаражатының қызметі -



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата15.05.2024
өлшемі255.81 Kb.
#501156
1   2   3   4   5   6   7
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикасы. Бизнес-жоспарлау 4

Айналым қаражатының қызметі - өнімді өндіру және сату кезеңдерінде төлем – 
есеп айырысу жұмыстарынан тұрады. Міне, бұл жағдайда өндірістік айналым қорының 
қозғалысы дер кезіне материалдық факторлардың айналымын қалпына келтіруге, ал 
айналым қаражатының қозғалысы – ақша, төлем айналымына жалғасады. 
Айналма шығындар – өндірісті ұйымдастыру үшін материалдық ресурстарды 
(тұқым, жанар жағармай, тыңайтқыштар, қосалқы бөлшектер, т.б.) сатып алуға 
жұмсалатын шығындар. 
Ақшаға айналған өнімтұтынушыға дайындалып, тиеліп, ақшасын алып 
жіберілген өнімнің құны. 
Амортизация (лат. amortisatio – өтеу) – негізгі қорлардың (ғимараттардың, 
машиналардың, жабдықтың) тозуы себепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі
сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар 
құнының өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі. 
Амортизациялық аударым – негізгі құрал – жабдықтардың тозуын толтыру үшін, 
яғни оны ұдайы жаңғырту үшін осы құрал – жабдықтар құнының бір бөлігін аудару. 
Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың қатысуымен өндірілетін тауарлар мен 
көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыруға арналған аударым. 
Баға- өнім және қызмет, жұмыс бірліктер санының белгіленген валютадағы ақшалай 
құнының көрсетілуі. 
Бәсеке - өнім өндіру мен оны сатудың ең қолайлы, экономикалық жағынан 
неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестік. 


Бәсекелестік – өндірілген өнім сапасы және бағасы бойынша бірыңғай тауар 
өндірушілер арасындағы жарыс, тоғысу. 
Бәсекелестікке қабілеттілік – өнімнің, кәсіпорынның саланың сапа, баға және 
сұраныс бойынша рыноктағы артықшылықтарын және үлесін арттыратын категория. 
Бәсекелестікке қабілеттілік – «Әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 
өнімділіктің тұрақты өсуі» (М.Портер) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет