Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Ата-ана болсын, ұстаз болсын тек қана өз өмір-өнегесі



Pdf көрінісі
бет15/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз: Ата-ана болсын, ұстаз болсын тек қана өз өмір-өнегесі 
арқылы балаға тәрбие береді. 
Жан әкем-ау, қарғыс алма, алғыс ал дегеннен шығады ғой. Осыдан бір үш-
төрт жыл бұрын ғылым докторы ғалым, ақын Сәрсенбі ағам мен Ізімкүл 
әпкем Ербол екеумізді үйіне қонаққа шақырды. Біздермен бірге ақын 
Қайырбек Асанов, ол кісінің жары Күләш Ахметова, дәрігер Амантай 
Біртанов жолдасымен, сонан соң жазушы, баспагер Әшірбек аға болды. 
Барлығы да Алла деген адамдар әңгімелері де өте мәнді, тартымды болды. 
Сонда Әшірбек аға өзі оқыған бір мағынасы терең әңгімені айтты.
«... 
Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. да үйленген жастардың некесін қияды 
екен. Бір жолы марқұм болған досының баласы жар етпек болған 
қалыңдығын алып, пайғамбарымызға келіпті: «Алланың Расулы, сіз менің 
марқұм әкемнің досы едіңіз. Сол себепті де біздің некемізді сіздің қиғаныңыз 
дұрыс деп келіп тұрмын» депті. Пайғамбарымыздың жанында сахаба Омар 
мен анамыз Әмина болыпты. Ол кісілер де баланың өтінішін құптапты. Екі 
жастың некесін қиып болғанда, Жебірейіл періште пайғамбарымыздың 
құлағына: «Жаңа сен некесін қиған жастар бүгін түнде қайтыс болады» депті. 
Пайғамбарымыз ағыл-тегіл жылапты. Түнімен ас ішпей, намаз оқып, таң 
атқанша көз ілмепті. Таң да атыпты. Омар келіп анамыздан: «Алланың 
елшiсісі қалай?» деп сұрапты. Әмина анамыз: «Нашар, түні бойы жылап 
шықты, түні бойы намаз оқып, Аллаға жалбарынды. Себебін білмедім» депті.
Омар келіп Алланың елшісі Мұхаммед ғалейкум салам пайғамбарымызға 
сәлем беріп, жөн сұрасып тұрғанда кешегі некесін қидырған жігіт күлімсіреп 
келе жатады. Омар: «әне кеше некесін қиған Сіздің балаңыз келе жатыр» 
дейді. Пайғамбарымыз өз көзіне сенбей, отырып қалады. Бала келіп сәлем 
беріп, пайғамбарымызды, Омар сахабаны үйіне қонаққа шақыра келгендігін 
айтады. Бала кетіп қалады.Сол кезде Жебірейіл періште: «үйіне бар, балалар 
жатқан бөлмеге өт те, жастықты көтер» дейді. Пайғамбарымыздың олай 
жасағысы келмейді. Бірақ періште оған жасау керектігін ұқтырады. Қасында 
Омар бар пайғамбарымыз Жебірейіл бұйрығын орындайды. Пайғамбардың 
бұл әрекетіне Омар да, бала да қайран қалады. Жастықты көтергенде улы 
жылан өрмелеп сыртқа шығады. Пайғамбарымыз ешнәрсе демейді. Үйіне 
келген соң тағы да жылайды. Олардың кінәсі не? Сонда Жебірейіл періште 
айтады: «Ол екі үйленген жас кешегі түннен шықпауы керек еді. Олардың 
аталары күнахар болған, кісі ақысын жеген, алған қарызын қайтармаған 


25 
адамдар еді. Сол бабасының күнәсі үшін мына балалар өлуге тиіс болатын. 
Бірақ сенің таңға көз ілмей жылағаныңды, қылған дұғаңды Алла қабыл алып, 
балаларға кеңшілік жасады» дейді. Пайғамбарымыз Аллаға рақметін 
жаудырып, тоқтамай намаз оқиды. Шүкірлік етеді». Әшірбек ағаның аузынан 
естіген осы әңгімені балаларыма, туыстарыма, олардың балаларына айтып 
бердім. Оларға өз ұрпақтарыңа айтыңдар дедім. Кісі ақысын жеп, қарыз 
алып, оны қайтармау деген үлкен күнә екенін терең түсінген абзал.
Алтын әкетайым, сен сондай адамдарды сыйламайтынсың. Қолыңды бірақ 
сілтеп: «адам емес» дейтінсің. Сен өз өнегеңмен бізге тәрбие бердің. Біз 
оқыған кезде сен де талай бай шешен (ұлты) достарыңнан қарыз алдың. 
Сонда сенің аузыңнан талай мәрте естіген сөзім: «Алған қарызын бермей, 
өздері дүние алып, ат мініп жүретіндерді түсінбеймін. Астыңдағы атыңды 
сатасың ба, алтыныңды сатасың ба, ол – сенің шаруаң, уәде бердің бе, осы 
кезде қайтарымын деп, қайтар. Ақшаны алғанда қуанып алдың ғой
қайтарғанда да қуанып қайтар. Мен сөзімде тұратын болғандықтан, мен 
қарыз сұрағанда кімде болса қиналмай береді. Себебі маған сенеді. Ал 
кейбіреулер сұрап барса, бар болса да бермейді. Өйткені олар уәдеде 
тұрмайды».
Әке, сенің өнегеңді өз балаларымызға, немерелерімізге айтып отырамыз. 
Рухың көкте шарықтасын, жан әке.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет