Гүлтас сайынқызы


Қамшы сөз: Ұрпағым, өтірік айтпа, өсек айтпа, кісі ақысын жеме



Pdf көрінісі
бет16/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Қамшы сөз: Ұрпағым, өтірік айтпа, өсек айтпа, кісі ақысын жеме. 
 
Әке, әр адамның нағашысы болады ғой. Бірақ барлық адам 
нағашыларымен мақтана алмайды. Кейбір туыстарымды білемін, 
нағашыларын айтып отырғанын естімедім. Ал сен болсаң, 17 мамырда мен 
Астанадан саған барғанда өз нағашың Әбдірахман атаң туралы тағы да 
айттың. «Атам жарықтық жақсы адам еді ғой. Менің әкем өмірден ерте кетсе 
де, дәулетті болыпты. Ағайын-туыстың бәріне қарасыпты. Немере ағасы 
Кенжеш атамыз дүниеден ерте өтіп, артында Қанша апамыз екі бала Әмір 
ағай мен Орал әпкемізбен қалыпты. Әкем бастық болыпты да, оларға 
жетімдік көрсетпепті. Одан басқа да Сындар әпкем де атамның көп 
жақсылығын көрдім деп талай әңгіме айтатын. Кейін ағай соғысқа кеткенде, 
менің әкем 34 жасында қайтыс болады. Ағай соғыстан жараланып келеді. 
Сонда нағашым қызын бар мал-жанымен көшіріп алса да болатын екен. Бірақ 
олай етпепті. Әкемнің керемет жорға аты болыпты. Елдің көзі соған түсетін 
көрінеді. Соны сезген атам мен жетіге толғанда әкемнің жорғасына 
отырғызып, мамам жақсы киім тігіп, тақияма үкі тағып, көшемен алып жүрді. 
Сол есімде. Содан кейін анама: «бұл жылқыдан құтылмасаң, басыңа
қиындық әкеледі, балаларға зияны тиеді» деп, базарға апарып сатып, оның 
орнына сиыр мен бес-алты ұсақ мал алып келіпті. Сонда мен жылағаным да 
есімде. Атам: «Балам, басың аман болса, өскенде одан да жақсы жылқы 
ұстайсың» депті. Бірақ олай айтқаны есімде жоқ, ол оқиғаны атам кейін мен 
өскенде айтып берді. Жарықтық атам анамызға да, бізге де арқа сүйер 


26 
панамыз болды ғой. Талай рет ауылға келеді. Сайыпқа да, маған да ақылын 
айтады. Сонда маған: алақанын жайып ұстап, балам мынандай болма, өзіңде 
түк қалмайды, алақанын жұмып, бұндай да болма, достарың болмайды, міне 
былай бол деп, алқанымен су ішетіндей қалпын көрсететін. Сонда өзіңде де 
болады, өзгеге де бересің» дейтін.
Атамыздың бас-көз болғанының арқасында, анамыздың жақсы мінезінің, 
қолынан іс келетіндігінің арқасында біреуден ілгері, біреуден кейін өстік, ел 
қатарына қосылдық. 
Әмір ағай да жап-жас жігіт. Мүгедек болса да қартайғанша колхоздың 
есепшісі болды. Ешкімнен кем болған жоқ, ілгері болмаса. Ағайынды 
біріктіріп ұстады, мұндаға дейін қазан-ошағымыз бөлінбей, бір қазаннан ас 
ішіп, ағайды тыңдап өстік, бір рет те қарсы сөз айтып көрген жоқпын, 
Ағайдың қиқар мінезі болды, сонда да қарсы сөз айтпайтынмын. Сайып та, 
мен де сыйладық. Ол үй әулеттің ішіндегі үлкен үй атанды да, бір әулет тұтас 
құрмет тұтып сыйладық. «Бірінші үлкен үйдің шаруасы бітуi керек» деген 
жазылмаған заң болатын. Ұлташ жеңшем момын жақсы адам ғой. Бір рет те 
ренжітіп көрген емес. Мені «Мырзаға» дейді, әлі күнге дейін. Ауылға 
барғанда қуанып қалады» деп, бүгінгі ауылдың жағдайын мұңайып айттың.
«Дааа, қызым, соғыстан кейінгі қандай қиын уақыт десек те, біз бақытты 
болыппыз. Елде береке бар еді. Қой сойса да, тіпті тауық сойса да бірін-бірі 
қонаққа шақыратын еді. Ақсақалдарымыз қандай еді. Бектан атам, 
Мырзайым атам, Омаш атамдар не деген адамдар еді! Менің нағашым 
Әбдірахман атам бәрі сыйлас жандар еді. Олардың бір келіп кеткені тәрбие 
болатын, қора-қопсыны, мал-жайды біліп, тексеріп, шөптің, жемнің жететін-
жетпейтінін айтып, ақыл-кеңестерін беретін. Қазір ауылда сондай қария жоқ. 
Бар болса да өз үйінен шықпайды. Мен ауылға барсам, бәріне кіріп сәлем 
беріп, жағдайларын біліп шығамын. Енді мен де аз жасқа келген жоқпын 
ғой».
Алтын әкетайым, сен аз жасқа келмесең де, белің бүгіліп шал болған 
жоқ едің. О дүниедегі өзің құрмет тұтқан аталарыңмен, ағаларыңмен 
кездестің бе? Бір жолы түсімде көрдім. «Сен неге кетіп қалдың? Солай етуге 
болмайды ғой» десем, сен иығыңды көтеріп, екі алақаныңды алдыға қарай 
созып: «Құдай біледі, қызым, өзім де білмей қалдым» дейсің. Солай, жан әке, 
адамдардың бәрі білмей қалып, кетіп қалатын көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет