Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Адам білімді болған сайын қайырымды, қарапайым



Pdf көрінісі
бет18/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

 
Тамшы сөз: Адам білімді болған сайын қайырымды, қарапайым 
болады. 
 
Аға да болды, жаға да болды 
 
Жетінші кластан кейін оқи алмадым. Анам бар, ол кезде үш інім бар. 
Өзіме тетелес інім Сайып 1940 жылғы. Әкеміз өмірден қайтқанда ол үш 
жаста ғана болатын. Оларға тамақ табу керек, оқыту керек, киіндіру керек. 
Әкем өмірден қайтқан соң, ауыл ақсақалдары әмеңгерлікпен анамды 
қайнысына қосқан. 1948 жылы Шәріп бауырым, 1951 жылы Мәлік бауырым 
өмірге келді. 1952 жылы мен 7 жылдық мектепті бітіріп, колхоздың 
жұмысына шықтым, арба айдап, шөп тасыдым, соқаменен жер жырттым. 
Оның үстіне Әмір ағайымның да он екі мүшесі сау емес, бір аяғын соғыс 
даласында тастап келген.
– 
Иә, көкемнен аяғына не болғанын сұрағанмын. Сонда көкем былай 
деген: «Есімнен танып қалыппын. Жауған оқтың астында жатырмыз. 


28 
Қозғалсам бір аяғымды қимылдата алмаймын. Қарасам қасымда еңгезердей 
орыстың жігіті жатыр екен. Бір кезде жауынгерлер алға жылжып, оқ 
саябырлаған кезде қарасам ана орыс жігіті әлі жатыр. Мылтығы қасында 
жатыр екен алып алдым. Бір кезде ол тұрайын деп жатқанда, бар күшіммен 
оған жабысып алдым. Мен жүре алмаймын, мені тастап кетсең, мен сені атып 
өлтіремін дедім. Ол мені арқасына көтерді, мен мылтықты оқтап алып келе 
жатырмын. Сөйтіп не керек ол мені штабқа жеткізді. Мені госпитальға алып 
кетті де, бір аяғымды кесіп тастады. Егер сонда далада қалсам, қансырап өліп 
қалар едім,– деген еді. Сонда 21 жастағы көкемнің мінезі, қайраты болмаса, 
соғыста қаза тапқан миллионның бірі болып қалар еді ғой.

Иә, қанды соғыстың шындығы ғой. Ағай да мен жетіншіні бітірген 
соң: «Сайын, сен енді менің екінші аяғым, сүйенішім боласың» деді. Ағаның 
сөзі – заң. Өздерің көрдіңдер, ағама бір рет те қарсы сөз айтқан емеспін. Ол 
кісінің де мінезі шатақ болатын, бәрібір біздің тәрбие басқаша болды ма, 
үлкендерге қарсы сөз қайтармайтынбыз. Ағама разымын, бізге аға да болды, 
жаға да болды. Кім біледі, егер шешеміз төркініне кетсе, не бөтен елге 
тұрмысқа шықса, біздің тағдырымыз не болар еді? Туған-туыс, ағайыннан 
жырақ өскен балада мейірім болмайды ғой. Жалтақ, қорқақ болар ма едік? 
Біз бір-бірімізге бауырмал болып өстік. 1954 жылы Сәлік бауырым өмірге 
келді. 19 жасқа толғанда мені үйлендіріп, тойымызды жасады. 1958 жылы 
сен өмірге келдің. Тағдырыма разымын, кім біледі оқымай қалғаным да 
дұрыс болды ма деп ойлаймын. Оқып кетсем, оқыған қызға үйленіп, 
Тотыммен кездеспей қалуым да мүмкін ғой. 
– 
Оған несіне қуанып жатырсың, керісінше оқыған, қызды алсаң, біздің 
мамамыз болар еді. Қалада тұрар едік. 
– 
Ой, қызым, сен де... Кім болса да, сенің мамаңа тең келер ешкім болмас 
еді. Оқымаған болсақ та, сендерді оқыттық, қатарларыңнан озбасаңдар, кейін 
болған жоқсыңдар. Бәрі Тотының арқасы. Оның пейілі де ашық, қолы да 
ашық болды. 
– 
Жарайды, жарайды, қалжыңдап жатырмын. Тотыңның жақсы екенін 
екеумізден артық білетін ешкім жоқ. Оның орнында басқа «шеше» болса, 
екеумізді жер аудартып жіберер еді ғой ... 
Әкемнің есіне баяғы 25 жыл бұрынғы оқиғаны түсірдім. Ол жымиып күлді 
де: «Саған да разымын, қызым, молодец» деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет