21
кітапты бұлай қысартып берудегі мақсатымыз – оқушылар мен студенттерге
ұлы шығарманы оқыту. Қазір 1500 студент бұл кітапты толық оқыды» деп
жауа беріпті.
–
Сонда қалай оқытып жатырсыңдар?
–
Нұрсұлтан аға, бұл
жастар тәуелсіз елдің жастары, сондықтан
бұлардың саналары да тәуелсіз. Елдің үмітін, Сіздің үмітіңізді ақтайтын
жастар тарихтағы Құнанбайды, Абайды, Ділдәны біледі. Ал сол шындықты
жазушы көркем шындыққа қалай айналдырды? Неге Абайдың пір тұтқан
әкесін Мұхтар қатал, жауыз етіп суреттеді? Ақылды,
текті Ділда неге өз
бейнесінде суреттелмеді? Осы сұрақтарды оқырман іздейді. Жауап табады,
сыни пікір айтады.
–
Дұрыс екен, бізді олай оқытқан жоқ қой,– деп қызыңыздың қолын
алыпты. Одан кейін Гүлтастың студенттерінің сөздерін тыңдап,
олардың
өткір ойларына разы болып, қай жақтан мектеп бітіргенін сұрапты. Мына
орыстың қызы Тараздың мектебін бітірген екен, мына ұл бала
Талдықорғанның Жаркент аулында оқыпты. Елбасы оларға қабырғада
Жазылып тұрған ұлы физик Эйнштейннің ағылшынша сөзін оқып:
«
көрдіңдер ме ұлы физиктің өзі адамға талант 1
ғана пайыз, ал еңбек 99
пайыз керек депті. Сендерде талант та бар, еңбек те бар. Болашақ Қазақстан
сендердей білімді, білікті, талантты жастардың қолында болады. Сонда біз
еш уайымдамай, ел тізгінін сендерге аманаттаймыз» депті. Одан кейін
Гүлтаспен тағы да сыртқа шыққанша жүре әңгімелесіпті.
Жан әкем, сен разы болып, Ерболдың қолын қысып: «Балам,
мен саған
разымын. Көрдің бе, сен қызымның қуанышына қуанып отырсың. Мен білем
көп жігіттер олай ете алмайды. Сен қызым үшін Алматыдағы жақсы
жұмысыңды қалдырып, Астанаға бардың. Басқа біреу болса, онда не бар?
Төрт-бес жылда пенсияға шығасың, бармаймын дер еді.
Сен молодецсің,
ризамын, балам» деп Ерболға алғысыңды айтыпсың. Жан әкем-ау, сонда
Елбасына не айттың деп менен сұрамай, Ерболдан сұрағыныңның өзі
білімділігің ғой.
Достарыңызбен бөлісу: