Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз. Достарыңның аз-кем кемшілігі болса, кешіре біліңдер



Pdf көрінісі
бет21/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз. Достарыңның аз-кем кемшілігі болса, кешіре біліңдер 
Қызым, ағайынның ішінде бір адам болады екен. Бұрын мамам сондай 
еді. Барлық туыстарды аралап жүретін. Балаларды бір-бірімен жалғап
іштерін жылытып, өзі апарған сыйлықтарын «абысының беріп жіберді» 
алдап жүруші еді ғой.
– 
Өйткені ол менің апам еді ғой.

Оған талас жоқ. Сенің атыңды да өзі қойған. Өзінен туған қыздары өле 
берді. Сен шала туылғанда ғой «Құдай бізге қыз бермейтін болды, 
қарындасымыз болмайтын болды» деп, Сайыптың жылағаны. Сонда мамам: 
«Осы қызым тұрады. Атын Гүлтас қоямын. Тасқа біткен гүлдей мықты 
болсын» деп қойған. Бір сөзді айтып жатып, екіншісіне ауысып кетіппін ғой.

Қазір енді мен сөйтемін. Бармасыма шешең де қоймайды. «Әй, Сәке, 
Айшакүл әпкеңе барайық. Қашанғы жүре берді дейсің? Айтқаны айдай келді. 
Былтыр әпкеме (шешесінің сіңлісі) барып қайтқанымыз дұрыс болды ғой. Біз 
жазда бардық, әпкем қыста көз жұмды. Баяғыда қайтыс болып кеткен 
әкемнің әпкесі Күләй әпкемнің жалғыз қызы болған. Ол әпкеміз Дәубабада 
тұратын. Әпкеміз де ерте кетті. Алдыңғы жылы «Манкентте» демалғанда 
сұрастырып жүріп, Күләй әпкемнің жиендерін таптым. Былтыр мамаң 
екеуміз Келте Машаттағы сол жиендерге барып, Күләй әпкеңді бір аунатып 
қайттық. Мынау Талдықорғанның Басшиіне көшіп кеткен жиендерді (Сәнді 
әпкемнің қызының балалары) де талай іздеп бардық. Балаларын осы кезге 
дейін сүйреледім. Осыдан екі жыл бұрын қайын-жұрттағы Сиқымбек 
ағайдың үйіне барып, аруақтардың сыбағасын тараттық. Сондайда, қызым, 


33 
иығыңнан бір жүк түскендей жеңілденіп қаласың. Ауылға барсам да, барлық 
туыстарға шамам келгенше кіріп шығуға тырысамын. Үлкен қариялардан 
Дәу апам еді, ол кісі де жүзге толып кетті. Өле-өлгенше Сайынтайым деп 
батасын беріп кетті. Рәпілбек ағам да молодец. Үйде Тұрсынкүл жеңгем 
неше жылдан бері ауырып жатыр, соған қарамай, Рекең, менің ағам, тойдан 
да, науқаннан да қалмайды. Қазіргі қариямыз Ұлташ жеңешем енді. Ол кісі 
де сексен үшке келді. Барып, қолына теңге ұстатсаң, сыйлық апарсаң баладай 
қуанады.
Сайып бауырым мен Пәридә келінім де шаршайды. Оңай дейсің бе, 
қартайғанда малға қараған. Сайып бауырымнан, шыны керек, көп үміт етіп 
едім. Ол зерек қой, өзің білесің. Құранды қалай оқиды, кітапты өте көп 
оқиды. Білмейтіні жоқ. Менің ол сияқты білімім болса ғой, бір жерді ұстап 
тұрар едім. Ол болса малының соңында жүр. Тіпті ол үлкен мешітті де ұстай 
алар еді деп ойлаймын. Ол хадистерді, діни әңгімелерді айтқанда ұйып 
тыңдамайтын адам болмайды. Даусын да Алла ерекше берген ғой. Оған 
микрофон керек емес. Кейбір молдалардың не айтып отырғанын түсінбейсің. 
Даусының жағымсыз екенін өздері білмейді ме? Сөйтіп отырып, уағыз 
айтады. Кейінгі кезде көпшілік жиналған жерде уығыз айтады, жақсы 
айтсын. Бірақ ондай жиынның уақыты шектеулі ғой, әсіресе осы қалалық 
жерде. Түскі үзіліс кезі, елдің көбі жұмыстарынан келеді. Ал жаңағыдай 
молдалар уағыз айтып елдің уақытын алады. Айтсын, қысқа, нақты және 
анық айтсын. Бірақ оған да мәдениет керек қой. Сайып бауырым сондай 
жастарға үлгі көрсетер еді деп ойлаймын.
– 
Оу, көкесі, деймін даусымды көтеріп. Сенің інің, менің ағам Сайып – 
72 жаста. Енді бір жерді ұстау кеш емес пе?
– 
Тегісін айтам да. Оның қайын-жұрты да жақсы болды. Келіннің әкесі 
Бейсембек сондай жақсы кісі еді. Өзі колхоздың есепшісі болды. 
Балаларының бәрін оқытты. Үлкен ұлы Еркінбек қандай жігіт! Жуалы, Талас 
аудандарында әкім болды. Қазір облыс мәслихатының депутаты. Сонда бір 
өзгермейді ғой. Қашан көрсең сәлемі түзу, сөзі түзу. Вот, сондай адамдар 
өседі. Қанша жерде қызмет жасамасын, артынан бір артық сөз ерген емес. Ал 
көп адамдарды білеміз ғой, опырып асаймын деп, атын да кірлеп, артын да 
кірлеп жүретін. Еркінбек құдама сондай разымын. Тойына шақырып, 
құрметтеп, бірінші сөзді маған берді. Онысына рақмет, әйтпесе өзінің де 
ағайын-жақындары бар ғой.
– 
Оның рас, әке, кейде туыстан да жат жақын болады. Менің араласатын 
апайларымды, ағаларымды сен білесің ғой. Мысалы Шәмша әпкем 
Беркімбаева, Фариза апайым Оңғарсынова, Әділ ағам Ахметов, Аягүл әпкем 
Миразова..., қазақ болып кеткен әзірбайжан қызы Асылы апайым Османова. 
Асылдан да қымбат аға-апайларымды маған Алла жіберген деп ойлаймын. 
Сен шешем екеуің осы кісілердің біреуі теледидардан көріне қалса, 
Алматыда болсам да, кейін Астанаға телефон шалып: «Тез телевизорды қос, 
Шәмша әпкеңді көрсетіп жатыр, Аягүл әпкеңді көрсетті. Ой, Фариза апаңа 
ризамын, қызым. Сойып-сойып айтты. Естідің бе? Әділ ағаңды тыңдадың ба? 


34 
Қандай көп біледі және әр ойын мақалмен тастүйін ғып байлайды екен» деп 
қуанушы едіңдер. 
– 
Ол, рас, балам. Сенің сондай үлкен адамдармен дос болып, сыйласып 
жүргеніңе Аллаға тәубә деймін. Мен, балам, бір нәрсені жақсы білемін. Ол – 
тіршіліктегі араласу, қарым-қатынас. Мен ағайын арасының жолы, туған 
жердің көпірі болдым. Қызым, есіңе сақта, бармасаң, ол жолмен жүрмесең – 
жолдың ізі де қалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет