Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Жүректе тазалық болмаса, адамдар дос бола алмайды



Pdf көрінісі
бет22/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз: Жүректе тазалық болмаса, адамдар дос бола алмайды. 
 
Әке, қадірлім менің! Менің ғана емес, елің мен жұртыңның қадірлісі 
екенсің, жан әке. Екі айға жуық ауырғанда, ауруханада, үйде жатқаныңда 
елден көңіліңді бір емес, бірнеше рет келіп сұрағандар санында есеп болған 
жоқ. Ауылдағы Күләш әпкем, Құттыбай жездем, Әлимаш әпкем, Рахима 
әпкем (сенің жақсы көретін Ромашка құдаңның келіншегі, Рүстембек 
атамның қызы), Мадина бөлең (Мәттәш) тынымсыз телефон соғып, 
жағдайыңды күнбе күн біліп тұрды. Құттыбай жездем: «Гүлтас, шал қалай? 
Қазақта ондай шал біреу ғана. Ол адам баласын алаламайтын, бөлмейтін бір 
ғана адам. Ол өлмеу керек. Айналайын, тілеуін тілеп жатырмыз, жазылып 
кетеді» деді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген, көңілді қалың қара бұлт 
шалып, еңсең көтерілмей жүргенде жылы сөз бұлтты айдайтын жел сияқты 
көрінді. 
Осы күзде 24 қазан, Әке, тілеуді Құдай берген күн болды. Батырбек 
датқаға аудан орталығында үлкен ас беріліп, Құран оқылды. Ауылда 
кесенесі ашылды. Әке, бабамыздың кесенесі өте әдемі, керемет. «Көңілім 
толды, балам» деп шын риза болғанда айтушы едің ғой, менің де көңілім 
толды. Датқасазға көп халық жиналды. Аудан әкімі Батырбек Құлекеев өзі 
бастап алып келді, Астанадан, облыстан, Тараздан, Шымкенттен, ауданның 
өзінен, көрші ауылдардан мыңға тарта адам болды. Кесененің лентасын ел 
жақсылары қиды. Жарас аға ұйымдастырып жүрді. Ол кісі сенен де үлкен 
екен ғой. «Сайын менің жақсы көретін інім еді. Енді амал бар ма? Алдынан 
жарылқап, артының қайырын берсін, сендей қызы бар Сәкеңнің арманы жоқ» 
деп, маған көңіл айтты. Ауа-райы да қарасып тұрды. Аудан орталығында 
Жаңа халықаралық трассаға жақын жерге Батырбек бабамыздың ескерткішін 
қойды. Оның ашылу салтанаты да өте жақсы болды.
Әке, несін айтасың, бір керемет болды. «Қуанышымды Алла көп көрме, 
мың да бір тәубә, мың да бір шүкірлік етемін» деп іштей нығметі көп Аллама 
алғысымды жаудырдым. Кейде-кейде арасында көзімнен жас шықты. Ол жас 
сенің жасың. Сені сағынғаным. Менің қасымда Күләш әпкем, Сәбит, 
Шарбала болды. Алдын ала бір күн бұрын түнде ауылға бардық. Құттыбай 
жездем мен Күләш әпкем қойларын сойып, бес-алты түрлі ас әзірлеп күтіп 
отыр екен. Келіндері Нұргүл де, Тұрсынай да бір жақсы балалар ғой. 
Жандостың қыздары: Аяжан, Айбала, Айдана «біздің Сайын атамыз» деп 
өзіңді қандай жақсы көретіндерін айтып жеткізе алмайды, кіп-кішкентай 


35 
болып жүректері ауырып тұр. «Енді атам ешқашан келмей ме?» деп, Аяжан 
сұрақ қойып, өзі де жылады, бізді де жылатты. Жандостан аумай қалған 
кішкенесі Айдана (3 жаста) «Менің түрім папаға тартқан, қарным атама 
тартқан, көзім мамама тартқан, ал тілім Гүлтас әпкеге тартқан» дейді. Тәп-
тәтті өзі. Әке, ауылдағы Бейбіт бауырым да, оның балалары сені ерекше 
құрметтейтін. Балалары қазір өсіп кетті ғой, ал кішкентай кездерінде
олардың нағыз атасы сен болатынсың. Бейбіттің баласы Бекжанға айттым: 
«Сайын атаң жоқ, енді папаңа ұрсатын ешкім жоқ. Әкең қуанып жүрген 
шығар?» деп қалжыңдадым. Әке, адам өте жақын адамына ғана шын ұрса 
алады, жаның ашығаннан ұрсасың. Жаның ашымаса, не болсаң, ол бол 
демейсің бе? Жазда немере, шөберелеріңді алып, шешемізді алып екі 
машинамен сенің басыңа барып, құран оқыттық. Саяттың машинасында 
Саят өзі, Дидар немерең, мен сонан соң Ұланның қызы Нұрай мен менің 
немерем Сана болды. Нұрайды білесің ғой, даусы ап-анық Санаға айтып 
келеді.: «Мен мамамды жақсы көремін. Папамды жақсы көрмеймін, ол 
ұрсады» деді. Сонда оған өзінен бір жас үлкен Сана әпкесі: «Нұрай, ұрысқан 
пайдалы, ақылды боласың. Сондықтан сен папамды жақсы көрмеймін деп 
айтпа. Ұрысқан пайдалы» деді. Біздер үлкендер кішкентайлардың әңгімесін 
естіп отырып, ақырын ғана күлдік. «Сана дұрыс айтады. Нұрай, сен папаңды 
жақсы көруші едің ғой». «Иә, бірақ ол маған жаңа ұрысты ғой». «Папа да, 
мама да, әже де егер балалар дұрыс жасамаса, ұрсады, тіптім ұрады да. Бірақ 
олар өздерінің балаларын ең жақсы көреді. Ақылды болсын деп ойлайды» 
дедім. Сана: «Иә мен соны айттым ғой» деп, сөзін тағы да салмақтады. 
«Нұрай, енді папаңды жақсы көресің бе?»деп Сана да болмайды. Нұрай: «Йә, 
папамды да, мамамды да жақсы көремін» деді. Мен екі балапанның да 
беттерінен сүйдім. 5-6 жастағы екі бүлдіршіннің арасындағы әңгіме үлкен 
ұл-қыздарымыздың да ойланатын әңгімелері ғой.
Елде Сайып ағам, Бейбіт бауырым, Құттыбай жездем мен Күләш 
әпкемдер қалаға көшіп кетпей тұрса екен деп ойлаймын. Алладан ол 
кісілерге денсаулық, амандық тілеймін. Туған жер деген өте ыстық қой, әке! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет