Нысана жас:рецепторалы мида кездеседі,мінез құлық ерекшеліктерін осымен түсіндіруге болады. Эстрогендер мен прогестеронның секрециясы ЛГ және ФСГ арқылы реттеледі.Қандағы ФСГ мен ЛГ нің мөлшерінде циклдік өзгерістер байқалады және осы өзгерістерге аталған жыныс гормондарының секрециясы тікелей тәуелді.Өз кезегінде ГТГ ның секрецциясына гипоталамустың рилизинг факторлары әсер етеді.ГТГ нің секрециясы қандағы эстрогендер мен прогестеронның мөлшеріне тәуелді болады,кері байланыс та орын алады. Әйелдердегі гипофизарлы-гонадальды ось.
Гипоталамус-гипофиз-гонадальды ось:оған гипоталамус,гипофиз,гонадалар жатады.Ось-репродуктивті және иммундық жүйелерді реттеуде маңызды рөл атқарады,ағзаның дамуын,көбеюін қартаюын бақылайды.Гипоталамус гонадотропин рилизинг факторын-ГРФ бөлед.ГРФ аденогипофиз рецепторларымен байланысады.ГРФды стимуляциялауға жауап ретінде аденогипофиз қанға енетін ЛГ және ФСГ бөліп шығарады.Әйелдерде ФСГ және ЛГ аналық бездерде эстрогеннің түзілуіне және етеккір циклінің реттелуіне ықпал етеді.Эстроген гипоталамуста гонадолиберин түзілуін тежеу арқылы теріс кері байланыс циклын құрайды. 18. Етеккір циклі (менструация) және оның реттелуі.
Әйелдердегі етеккір циклі гипоталамус, гипофиз және аналық бездердің күрделі өзара әрекеттесуімен байланысты. Қалыпты жағдайда әйелдерде етеккір циклінің ұзақтығы 25-тен 35 күнге дейін өзгеріп отырады (орта есеппен 28 күн). Етеккір фолликулалық фазаға, лютеинді фазаға және етеккірге бөлінеді. Осы кезеңдерде әйел жыныс гормондарының түзілуі мен секрециясы күрт өзгереді Әр менструальды циклдің басы менструацияның алғашқы күні болып есептеледі,бұл кезде бұдан бұрынғы циклде қалыптасқан жатырдың эндометриальды қабаты босап шығып қан кетеді.Менст-ды цикл 3-4 күнге созылады.Менструациядан соң алғашқы күндерде 1-7 күн қанда ФСГ мөлшері сәл артады,әсерінен бір фолликуланың өсуі байқалады.Осы кезде фолликула эстрадиолды түзе бастайды.Овариальды фолликуланың өсуі мен дамуының осы фазасында эндометрий жасушаларының пролиферациясы басталады,эндометрийдің васкуляризациясы ,оның бездерінің өсуі күшейеді.Секрецияланатын эстрадиолдың мөлшері максималды шамаға жетеді,осы гормонның әсерінен РНҚ ,белок синтезі күшейеді.жұмыртқа жасушасының көлемі үлкейеді.Эстрадиол жыныс жолының қуысына бөлінген эндометриальдық бездің секретінің құрамына әсер етеді.Эпителий пролиферациясын,сыртқы қабықтың мүйізденуін,жатыр гипертрофиясын,жатырдың кілегейлі қабатының тез өсуін жоғарылатады.Гипофиздің гонадолиберинге әсерінің сенсибилизациясы ,ЛГ бөлінуі мен ФСГ түзілуінің төмендеуі байқалады.ЛГ әсерінен фолликуланың түпкілікті пісіп жетілуі мен оның овуляциясы жүзеге асады.Жұмыртқа жасушасы босап шығып ,құрсақ қуысына түседі.Одан ары жатыр түтіктерімен жатырға түседі.Овуляциядан соң сары дене түзіледі,ол прогестеронды өндіре бастайды.Оның деңгейі лютеинді фазаның ортасында максималды болады.Эстроген синтезі төмендейді.Секреторлы эндометрийдің қалыптасуына қажет прогестерон импланциясындағы эмбрионның дамуына жағдай жасайды. Егер имплантация жүрсе,онда ЛГ қызметін ЛГ ұқсас плацентаның хориондық гонадотропині атқарады.Бұл гормон сары дене прогестеронының синтезін плацента өзінің прогестеронының көп мөлшерде өндіре бастағанша тоқтатпайды.Егер 23-24 күнде жүктілік болмаса,сары дене дегенерацияланады.Эндометрийдің белсенділігінің гормонмен бақылануы жойылып,жатыр тіні некрозға ұшырап,цикл соңында эндометрий қабаты бөлініп,менструация басталады. Жүктілік кезіндегі биохимиялық өзгерістер.
Жүктіліктің алғашқы 6-8 аптасында прогестеронның негізгі көзін сары дене атқарады, одан кейін бұл функцияны плацента атқарады. Ол сары денеге қарағанда 30-40 есе көп прогестерон шығарады.