Гормондар. Гормондардың жалпы қасиеттері және қызметтері. Сүттегі гормондар



бет7/13
Дата04.05.2023
өлшемі1.72 Mb.
#473214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Рысбекова Сымбат . ТММП 20-11 . Гормондар.

Вазопрессин - бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін азайтады, сондықтан да оны антидиурездік гормон деп аталады. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады, полиурия дамиды. Бұл гормон қан тамырларын тарылтып, қысымды күшейтеді.

  • Вазопрессин - бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін азайтады, сондықтан да оны антидиурездік гормон деп аталады. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады, полиурия дамиды. Бұл гормон қан тамырларын тарылтып, қысымды күшейтеді.
  • Окситоцин – жатыр еттерін жиырылтады. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.

Гипоталамо гипофизарлық жүйе

  • Гипофиз бен гипоталамустың арасындағы жүйкелік - гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондарының аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың ядролары нейросекреторлық қызмет атқарады, олар түрлі нейросекреторлық гормон тәріздес заттар түзеді.
  • Гипоталамус ядроларының нейросекреторлы заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас морфологиялық және функциялық құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамус пен қан тамырлары арқылы гуморальдық жолмен байланысады.

Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекреторлы клеткалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық синапстар түзетін жүйкелік тор жасайды. Бұл синапстар арқылы қанға нейросекреторлық әсер етушілері шығады. Қан капиллярлары 10-20 - дан портальды вена тамырларына құйылады. Олар гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр торын құрайды. Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без тіндеріне тікелей әсер етуге мүмкіндік алады.

  • Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекреторлы клеткалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық синапстар түзетін жүйкелік тор жасайды. Бұл синапстар арқылы қанға нейросекреторлық әсер етушілері шығады. Қан капиллярлары 10-20 - дан портальды вена тамырларына құйылады. Олар гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр торын құрайды. Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без тіндеріне тікелей әсер етуге мүмкіндік алады.
  • Гипоталамустың нейросекреторлы клеткаларынан гипофиздің алдыңғы бөліміне босатушы факторлар өтеді, олар: соматотропин, АКТГ, ТТГ, ГТГ т.б осы сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып бөлінуін қамтамасыз етеді.
  • Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын нейропептидтер - либерин және статин. Олардың әрқайсысы гипофиздің алдыңғы және аралық бөлімдерінде белгілі бір гормон түзілу жылдамдығына әсер етеді.
  • Либерин - босатушы, күшейтуші, ал статин – тоқтатушы, тежеуші факторлар. Қазіргі кезде 7 либерин және 3 статин анықталған.
  • Либериндер тобына кортико -, тиро -,лю,- фолли -, сомато- , мелано -, пролактолибериндер жатады.
  • Статиндер тобына сомато -, мелано -, пролактостатин жатады.
  • Орталық жүйке жүйесінің ішкі сөлініс бездерге әсері вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары мен гипоталамус – гипофиз жүйесі арқылы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет