Гормондар. Гормондардың жалпы қасиеттері және қызметтері. Сүттегі гормондар



бет8/13
Дата04.05.2023
өлшемі1.72 Mb.
#473214
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Рысбекова Сымбат . ТММП 20-11 . Гормондар.

Қалқанша без

  • Қалқанша без жалғастырушы алқым және қалқанша шеміршегінен төмен мойындағы екі жақ трахеяда орналасқан.
  • Бездің тіндері йод түзетін гормонда тироксин (тетрайодтиронин) және тиреглобулин белогымен қосылған трийодтиронинді коллоидпен толықтырылған фолликулдар түзейді. Фолликулдар аралық кеңістікте тиреокалцитонин шығаратын парафолликулярлы клеткаларда орналасқан. Қанда трийодтиронинге қарағанда тироксин көп. Трийодтирониннің белсенділігі тироксинге қарағанда жоғары. Бұл гормондар тиразиннің аминқышқылдарынан, оның йодталуынан пайда болады.

Организмде йод түзетін гормондар функциялары:

  • Организмде йод түзетін гормондар функциялары:
  • 1) зат алмасудың /белокты, липидті, көмірсу/ барлық түрлерін күшейту, организмде негізгі зат алмасуды арттыру;
  • 2) өсу процесіне, физикалық және ақыл естің дамуына әсер ету;
  • 3) жүректің жиырылу жиілігін арттыру;
  • 4) асқорыту қызметін арттыру; тәбетті арттыру, асқорыту сөлдерінің секрециясын арттыру;
  • 5) өнімдерді арттыруға байланысты дене температурасын арттыру;
  • 6) жүйке жүйесінің қозуын арттыру.

Қалқанша бездің гиперфункциясы

  • Қалқанша бездің гиперфункциясында тиреотоксикоз ауруы дамиды (диффузиялы қабынба жемсау, Базедов ауру). Бұл аурудың белгілері: қалқанша бездің үлкеюі (жемсау), бадырақ көз, жүректің тез соғуы, зат алмасуды артуы, әсіресе, негізгі зат алмасудың, дене салмағының азаюы, тамаққа тәбеттің артуы, организмнің жылу балансының бұзылуы, қоздырушы және тітіркенгіштіктің артуы.

Қалқанша бездің гипофункциясы

  • Ересек адамдардағы қалқанша бездің гипофункциясы микседемапатологиялық жағдайдың дамуына әкеледі. Бұл ауруда нервті-психикалық белсенділік төмендеп, әлсіздік, ұйқышылдық, селқостық, интеллектің төмендеуінен, жыныс функциясының бұзылуынан, зат алмасудың барлық түрлерінің бұзылуынан және негізгі зат алмасудың төмендеуінен білінеді.
  • Науқастарда тін сұйықтығының шамадан тыс артуынан дене көлемінің салмағы ұлғайып және беттің қатты ісінуінен білінеді. Бұл ауру-микседема-қоймалжың деп аталады.
  • Қалқанша бездің гипофункциясы су мен топырақта йод жетіспейтін елді мекендерде тұратын адамдарда да дамиды. Бұл эндемиялық жемсау деп аталады. Бұл ауру йод жетіспеушілігінен гипотиреоз түрінде организмнің бұзылуынан қалқанша бездің үлкейіп, фолликулдар санының артуына соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет