Гормондар. Гормондардың жалпы қасиеттері және қызметтері. Сүттегі гормондар



бет9/13
Дата04.05.2023
өлшемі1.72 Mb.
#473214
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Рысбекова Сымбат . ТММП 20-11 . Гормондар.

Қалқанша маңындағы без

  • Адамда қалқанша бездің артқы үстіңгі бөлігінде не ішкі бөлігінде орналасқан екі қалқанша маңындағы без болады. Бұл бездердің негізгі клеткалары паратгормон не паратирин, не паратиреоидты гормон (ПТГ) бөліп шығарады.
  • Паратгормон организмде кальцийдің алмасуын және оның қандағы деңгейін реттейді. Бүйректе және ішекте паратгормон кальцийдің реабсорбциясын арттырады. Кальцийдің алмасуына әсер ете отырып, паратгормон организмде зат алмасуына да әсер етеді, ол фосфаттың қайта сіңірілуін жояды және оның зәрмен бірге шығарылуын күшейтеді (фосфатурия).
  • Қалқанша маңындағы бездің белсенділігі қан құрамындағы кальциймен анықталады. Егер қанда кальцийдің концентрациясы артса, онда ол паратгормон секрециясын төмендетеді. Қанда кальций деңгейінің төмендеуі паратгормонның өндірілуін күшейтеді.

Ұйқы безі

Ұйқы безі

  • Ұйқы безі аралас қызмет атқаратын бездерге жатады. Эндокриндік қызметі панкреас аралшықтың (Лангерганс аралшығы) гормон өндіруімен іске асады. Аралшықта бірнеше жасуша түрі бар. Альфа жасушалар глюкагон өндіреді, бета жасушалар инсулин өндіреді, d-жасушалары инсулин мен глюкагон секрециясын тежейтін соматостатинді өндіреді. G-жасушалар гастрин өндіреді. Негізгі массаны инсулин өндіретін бета-жасушалары құрайды.
  • Инсулиннің түзілуі қан плазмасындағы глюкоза деңгейінде реттеледі:
  • гипергликемия инсулин өндірілуінің жоғарлауына әсер етеді;
  • гипогликемия гормонның түзілуі мен қанға түсуін төмендетеді.

Бүйрек үсті бездері

  • Бүйрек үсті бездері жұп бездер болып табылады. Бұл - өмірге аса қажетті эндокриндік ағза.
  • Бүйрек үсті безі екі қабатқа бөлінеді:
  • қыртысты
  • милы.

Бүйрек үсті безі қыртысының гормондары

  • Бүйрек үсті безі қыртысы 3 зонаға бөлінеді: сыртқы, ортаңғы, ішкі.
  • Сыртқы зонада - минералокортикоидтар шығарылады.
  • Ортаңғыда - глюкокортикоидтар.
  • Ішкіде - жыныс гормондары (андрогендер).
  • Бүйрек үсті безі қыртысының гормондары химиялық қатарлар бойынша стероидтар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет