ай карыздары (карыздар бар болса) бойынша тоқсан сайын ұсынады.
4. Бірінші басшы немесе бас бухгалтер және орындаушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген Нысанға қол қояды және мөр басылады (ол болған жағдайда).
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер
5. Нысан осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген жағдайларда ұсынылады.
6. Нысанды қаржылай карыздар бойынша резидент еместер алдында есепті кезең басында және (немесе) соңында өтелмеген міндеттемелері бар банктер жалпы банк жүйесі бойынша тоқсан сайын жасайды. Нысан әрбір қаржылай карыздар бойынша жеке-жеке жасалады.
7. 1-кестеде осы Қағидалардың 9-1-қосымшасының нысаны бойынша банктің резидент еместерден қаржылай карыздарды тарту шарттары туралы банк есеп ұсынған немесе Ұлттық Банк осы Қағидалардың 56-тармағы қолданысқа енгізілгенге дейін ресімдеген қолданыстағы хабарлама туралы куәліктері бар қаржылай карыздарды игеру, өтеу және қызмет көрсету көрсетіледі. Қолданыстағы хабарлама туралы күәліктер бойынша ақпарат Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
8. 2-кестеде өзге қаржылай карыздарды игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету көрсетіледі.
9. Сомалар шарт валютасының мың бірліктерінде толық сандармен көрсетіледі.
10. 1-кестеде:
А-бағанында осы Қағидалардың 9-1-қосымшасының нысаны бойынша есептегі қаржылай карызға Ұлттық Банк берген реттік нөмір немесе ХК нөмірі көрсетіледі;
Б-бағанында хабарлама туралы күәліктер күні көрсетіледі;
14-бағанда «қолданыстағы», «тараптардың міндеттемелерін толық орындауы» тізімінен алынатын есепті кезеңнің соңындағы кредиттік келісімнің жағдайы көрсетіледі. Кредиттік келісім тараптардың міндеттемелерін, оның ішінде сыйақы бойынша немесе мерзімі өткен төлемдер бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады деп есептеледі.
11. 2-кестеде Б-бағанында алдыңғы кезеңдегі есептен алынатын қаржылай карыздың реттік нөмірі көрсетіледі.
12. 1 және 2-кестелерінде:
1-бағанда есепті кезеңнің басында өтелмеген, оның ішінде мерзімі өткен негізгі борыш көрсетіледі,
2-бағанда негізгі борыштың кредиттік қаражатты алу, борышты қайта ұйымдастыру және сыйақыны капиталдандыру есебінен есепті кезеңдегі ұлғаюы көрсетіледі,
3-бағанда талапты беру (борышты аудару) кезіндегі қайта ұйымдастыру есебінен борыштың ұлғаюы көрсетіледі,
4-бағанда сыйақыны капиталдандыру (сыйақыны негізгі борышқа жатқызу) көрсетіледі,
5-бағанда өтеу және қайта ұйымдастыру есебінен негізгі борыштың, оның ішінде мерзімі өткен борыштың есепті кезеңдегі азаюы көрсетіледі,
6-бағанда қайта ұйымдастыру есебінен борыштың азаюы көрсетіледі. Мерзімінен бұрын өтеу, кешіру, талапты беру (борышты аудару), борышты капиталға қатысу құралдарына (қарыз алушының және (немесе) үшінші тұлғалардың) алмастыру, қарыз алушының жылжымайтын мүлкі мен өзге активі, борышты қарыз алушының борыштық бағалы қағаздарына алмастыру, тауарды жеткізу және қарыз алушының өзге де борыштық міндеттемелері қайта ұйымдастырудың негізгі түрлеріне жатады,
7, 8-бағандарда есепті кезеңнің соңында өтелмеген, оның ішінде мерзімі өткен негізгі борыш пен борыш қалдығы есепке алынатын баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі,
9-бағанда сыйақы бойынша есепті кезеңнің басындағы берешек, оның ішінде мерзімі өткен берешек көрсетіледі,
10-бағанда есепті кезеңде есептелген сыйақы көрсетіледі,
11-бағанда ақы төлеу, қайта ұйымдастыру және сыйақыны капиталдандыру есебінен сыйақының, оның ішінде мерзімі өткен сыйақының есепті кезеңде азаюы көрсетіледі,
12, 13-бағандарда сыйақы, оның ішінде мерзімі өткен сыйақы бойынша берешек және осы берешек есепке алынатын баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі.
Баланстық шоттың нөмірі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес толтырылады.
13. 1-кестенің 15-бағанында және 2-кестенің 14-бағанында қамтамасыз ету түрі (бар болса) және валютаның (валютаны көрсету) мың бірліктерінде қамтамасыз ету сомасы беріледі. Егер қамтамасыз етудің бірнеше түрі бар болса, онда қамтамасыз етудің барлық түрлері мен қамтамасыз етудің жалпы нарықтық құны мың теңгемен көрсетіледі.
14. 1 және 2-кестелердегі арифметика-логикалық бақылау:
1-баған = алдыңғы тоқсан есебінің 7-бағаны,
2-баған >= 3-баған + 4-баған,
5-баған >= 6-баған,
7-баған = 1-баған + 2-баған - 5-баған,
9-баған = алдыңғы тоқсан есебінің 12-бағаны,
12-баған = 9-баған + 10-баған - 11-баған.
15. 3-кесте банктің резидент еместерден қаржылай карыздарды тарту шарттары туралы есеп шеңберінде бұрын ұсынылған қаражаттың түсу және берешектерi өтеу кестесiне өзгерістер енгізген жағдайда 9-1 қосымшасының немесе берілген хабарлама туралы куәліктің нысаны бойынша толтырылады.
16. 3-кестеде банкке қаржылай карыздар бойынша қаражаттың түсуі және оның берешектерді өтеуі туралы ақпарат шарт валютасының мың бірлігінде беріледі.
17. А-бағанында қаражаттың ақшалай, тауарлар, жұмыс және қызметтер нысанында (егер бар болса) түскен нақты және (немесе) болжамды күні көрсетіледі, ал 1-бағанда түсімдер сомасы көрсетіледі. Шарт сомасы анықталмаған болса, 1-бағанда қаражаттың тек нақты түсуі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
18. Берешекке қызмет көрсету бойынша төлемдер туралы ақпарат (ақшалай, және басқа да нысандарда) Б, 2, 3- бағандарында көрсетіледі. Б-бағанда төлемді өткізудің нақты және (немесе) болжамды (болашақ) күні көрсетіледі. 2 және 3–бағандарында тиісінше негізгі қарызды өтеу және сыйақы төлемі көрсетіледі. Құбылмалы пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда, сыйақыны төлеудің болжамды сомасы, егер валюталық шартта басқасы көзделмесе, өтініш (хабарлама) берілген күндегі базалық мәнінен есептеледі.
19. Резидент немесе резидент емес аванстық төлем өткізген кезде, Б және 2 – бағандарда төлем өткізген сәйкес күні және сомасы көрсетіледі.
1 және 2- бағандардағы қорытынды сомалар бір-біріне және шарт сомасына тең болады, немесе, шарт сомасы анықталмаған жағдайда 3-кестені толтыру күніне сәйкес қаражаттың нақты түскен сомасына тең болады.
Егер ұзарту үшін опцион бар болса, Б – бағанында негізгі шартпен орнатылған өтеу мерзімі көрсетіледі.
Егер валюталық шарттағы сома әр түрлі валютадағы бірнеше сомалардан тұратын болса, 3-кесте шектік мәндерден асатын әрбір сома және шарт валютасы бойынша жеке толтырылады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы __ _________ № ___
қаулысына
12-қосымша
Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды жүзеге асыру
қағидаларына
10-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
«Жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп»
Есепті кезең: ____ жылғы _________ айы
Индексі: ПР-10
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын: банктер, брокерлер, басқарушы компаниялар
Ұсыну мекенжайы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не (қоса алғанда) дейін
Нысан
Резиденттің атауы ____________________________________________________________________
КҰЖЖ коды ________________________________ БСН ___________________________________________
1-кесте. Жасалған мәмілелер туралы ақпарат
Р/с №
|
Клиент туралы ақпарат
|
Қарсы агент туралы ақпарат
|
Мәмiле туралы ақпарат
|
Ескертпе
|
Рези
дент
ттiк
белгiсi
|
Атауы
/ТАӘ
|
БСН (КҰЖЖ)/ ЖСН
|
Резидент еместің елі
|
Рези
дент
ттiк
белгiсi
|
Атауы/ ТАӘ
|
Бейре-зиденттің елі
|
Мәмiле
түрi
|
Бағалы
қағаз
дардың
саны
|
Бағасы
(валю-
та
бiрлiгi
немесе
%)
|
Сомасы
(валю-
таның
мың
бiрлiгi)
|
Мәмiле
валю-
тасы
|
Активтiң
/қаржы
құралы
ның атауы
|
ҰСН неме-
се ISIN
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
1-бөлiм. Резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздары, резидент емес инвестициялық қорлардың пайлары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-бөлiм. Резидент эмитенттердiң бағалы қағаздары, резидент инвестициялық қорлардың пайлары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3-бөлiм. резидент еместердің капиталына қатысу үлесi
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4-бөлiм. Резиденттердің капиталына қатысу үлесi
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5-бөлiм. Басқа қаржы құралдары, оның ішінде туынды қаржы құралдары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-кесте. Қаржы құралдары туралы ақпарат
Р/с
№
|
Активтiң/
қаржы
құралы
ның
атауы
|
ҰСН немесе ISIN
|
Базалық активтiң
атауы
|
Бағалы қағаздың түрi
|
Құрылтай
құжаттары
бойынша
эмиссия/
жарғылық
капитал
валютасы
|
Эмитент
/инвестиция
лау
объектiсiнiң
атауы
|
Эмитент
/инвестиция
лау
объектiсiнiң елi
|
Борыштық
бағалы
қағаздарды
шығару
күнi
|
Борыштық
бағалы
қағаздарды
өтеу күнi
|
Ескертпе
|
Активтiң/
қаржы
құралының
атауы
|
ҰСН немесе ISIN
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
1-бөлiм. резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздары, резидент емес инвестициялық қорлардың пайлары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-бөлiм. Резидент эмитенттердiң бағалы қағаздары, резидент инвестициялық қорлардың пайлары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3-бөлiм. резидент еместердің капиталына қатысу үлесi
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4-бөлiм. Резиденттердің капиталына қатысу үлесi
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5-бөлiм. Басқа қаржы құралдары, оның ішінде туынды қаржы құралдары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы/Бас бухгалтер _______________ ____________ _____________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Орындаушы ______________ ______________________________________ телефоны _________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Мөр орны
(ол болған жағдайда )
|
20_____ жылғы «______» _________________
«Жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды
толтыру бойынша түсіндірме
-
Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы»
2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының
19-бабының 1-тармағына, 31-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді.
3. Банктер, брокерлер, Қазақстан Республикасының басқарушы компаниялары Нысанды өздерінің және клиенттердің бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен (операциялар болған кезде) операциялары бойынша ай сайын жасайды.
4. Бірінші басшы немесе бас бухгалтер және орындаушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген Нысанға қол қояды және мөр басылады (ол болған жағдайда).
-
Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысан осы Қағидалардың 61-тармағында аталған жағдайларда ұсынылады.
6. Есепте брокерлер және (немесе) дилерлер, басқарушы компаниялар өз қаражаттары, клиенттердiң және инвестициялық қорлардың қаражаты есебiнен жүзеге асыратын мына операциялар туралы ақпаратты көрсетеді:
1) резидент емес эмитенттердiң бағалы қағаздарымен, резидент емес инвестициялық қорлардың пайларымен (резидент емес арасындағы операцияларды қоспағанда) баламасында 100 мың АҚШ долларынан асатын сомадағы операциялар;
2) резидент емес эмитенттердiң бағалы қағаздарымен, резидент емес инвестициялық қорлардың пайларымен (резиденттер арасындағы операцияларды және мемлекеттiк бағалы қағаздармен операцияларды қоспағанда) баламасында 500 мың АҚШ долларынан асатын сомадағы операциялар;
3) резиденттердiң баламасында 100 мың АҚШ долларынан асатын сомада резидент еместердiң жарғылық капиталына қатысу салымдарымен операциялары;
4) резидент еместердiң баламасында 500 мың АҚШ долларынан асатын сомада резиденттердің жарғылық капиталына қатысу салымдарымен операциялары;
5) резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлем сомасы (төлем сомасына базалық активке ақы төлеу кiрмейдi) баламасында 100 мың АҚШ долларынан асқан кезде (төлем сомасына базалық активке жасалған төлем қосылмайды) туынды қаржы құралдарымен операциялар.
7. 1-кестенiң 2, 5, 6, 8-бағандары және 2-кестенiң 9-бағаны Төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.
8. 1-кестенiң 15-бағанында және 2-кестенiң 3, 5-бағандарында бағалы қағаздың ҰСН - ұлттық сәйкестендіру нөмiрi не бағалы қағаздың ISIN - халықаралық сәйкестендіру нөмiрi көрсетiледi.
9. 1-кестеде жасалған мәмiлелер туралы ақпарат беріледі. Әрбiр мәмiле туралы ақпарат жеке жолда көрсетіледі.
10. 2-5-бағандарда клиент (резидент немесе резидент емес, резидент инвестициялық пай қоры) туралы ақпарат көрсетiледi. Өз операциялары болған жағдайда, 2-5-бағандар толтырылмайды. Резидент заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, КҰЖЖ кодын көрсету міндетті. Жеке тұлға үшін 2-бағанда жеке тұлғаның аты мен бар болса әкесінің аты үшін инициалдарды көрсетуге рұқсат етіледі.
11. 9-бағанда өз операциялары: сатып алу, сату, РЕПО/керi РЕПО ашу/жабу болған жағдайда, клиент немесе есеп беретiн резидент тарапынан мәмiле түрi көрсетiледi.
12. 11-бағанда баға пайызбен берілгенде, «%» белгiсi көрсетіледі.
13. 14-бағанда бағалы қағаздармен мәмiле жасалған жағдайда, бағалы қағаздың атауы немесе биржа мақсаты үшiн пайдаланылатын бағалы қағаздың кодтарын көрсетуге рұқсат етіледі, жарғылық капиталға қатысу үлесiн иемденген жағдайда, инвестициялау объектiсi - заңды тұлғаның және сатып алынатын үлестің атауы, туынды қаржы құралдарымен мәмiле жасалған жағдайда, туынды қаржы құралының (форвард, фьючерс, опцион және т.б.) атауы көрсетiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |