Грамматикасы



бет10/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Артикльсіз қолданылатын зат есімдер
Кейде зат есімнің алдында артикль келмейді. Артикль кейде икемді, қысқа болу үшін мақаланың тақырыптарында, жедел хат­ тарда, нұсқауларда түсіп қалады, яғни мұндай жағдайда артикль­ дер стилистикалық мақсатта түсіп қалады. Ал егер артикль орны­ на қойылса, зат есімнің мағынасы өзгермейді.
Order received latest June fifteenth RGDS Brown. Letter following (жедел хат).
Мeeting in Town Hall. Government meets and approves people’s demand (газет мәтінінің тақырыбы).
Mr. Pink (raises hand): That is the thing! (пьеса көрінісінен) Сaptain, Trans America Flight Two. Passenger was observed with attache case as hand baggage. Description follows … (әуежайдағы хабарлама).
Дегенмен көп жағдайда белгілі не белгісіз артикльдердің тү­ сіп қалуы белгілі бір мағынаны білдіреді. Мұндай жағдайда түсіп қалған артикльді орнына қойса, онда ол сөздің мағынасын өзгер­ теді. Мысалы, мына төмендегі сөйлемдерді салыстырып көрейік:
The object of the research іs to investigate new methods of
language learning (Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – тіл үйренудің жаңа тәсілдерін зерттеу болып табылады).
Kazakh is a state language in our country (Қазақ тілі – біздің елімізде мемлекеттік тіл).
He has a good knowledge in Language (Оның тілден білімі жақсы).
The language we learn at the University is English (Біздің университетте оқитын тіліміз – ағылшын тілі).
Демек, артикльдің түсіп қалуы зат есімге жалпылауыш мағы­ на береді. Бұл айтушының бір топқа жататын жеке бір затқа емес, керісінше, абстрактілі, жалпылама мағынаны білдіретін заттарға қатысты қолданылады. Сондықтан да артикльсіз келетін зат есім­ дер жалпылама мағынаны, яғни заттың атауын (tree, glass, aіr) немесе абстрактілі құбылыстарды (hatred, success, achievement) білдіреді. Мұндай сөйлемдерде зат есім сөздің алдына артикль қойғанда төмендегі жағдайларды есте ұстау керек:

  • белгілі артикль затты жалпы есім (көптің) ішінен жекенің мағынасын ажырату үшін қолданылса, ал белгісіз артикль жал­ пылама, топтастырып алынған жалпы есім мағынасын білдіреді:

He іntroduced the doctor wіth hіs colleques (Ол дәрігерді өзінің әріптестерімен таныстырды);
He works as a doctor (Ол дәрігер болып істейді);

  • жалпылама мағынаны білдіретін абстрактілі және материал­ дық зат есімдермен белгісіз артикль келмейді. Сонымен қатар белгісіздік артикль саналатын зат есімнің көпше түрімен кел­ мейді. Мұндай жағдайда артикльдің нөлдік формасы қолданы­ лады. Демек, белгілі артикльді белгісіз артикль немесе нөлдік ар тикльмен салыстырып қарастыруға болады:

the – a (an);
the – нөлдік форма
Зат есіммен белгісіз немесе нөлдік артикль формасының келуі зат есімнің қай топқа (классификацияға жіктегенде) жататынды­ ғына және оның контекстегі мағынасына байланысты болады:

  • белгісіз артикль, сонымен қатар алдыңғы сөйлемде аталған затқа қатысты да қолданылады:

He gave me a pen (Ол маған қалам берді) (Әйтеуір бір кез келген қалам);
The pen іs whіte (Бұл қалам – ақ);
Her face was sadly and pale (Оның жүзі көңілсіз және бозарып тұр еді);
But it was the face he had been looking for (Дәл осы (жүзді) бейнені ол іздеп жүр еді);
There are many students іn the room (Бөлмеде көп студенттер бар) («students» – жалпы есім мағынасында қолданылып тұр);
The students are wrіtіng («The students» – жалпының ішінен жекені, белгілі бір студенттерді білдіріп тұр);

  • белгілі артикль мен белгісіз артикльді басқа қырынан да салыстырып қарастыруға болады. Белгілі артикль көп нәрсенің не жалпының ішінен жекені, белгілі бір нәрсенің түрін түстеп, оқшаулап, жекелеп көрсетсе, ал белгісіз артикль айтушы өз сөзін­ де өзінің назарын аударған, әңгіме барысында бірінші рет аталып отырған адамды не жаңа бір затты, нәрсені таныстыру үшін қол­ данылады:

A man knocked the door (Біреу (таныс емес) есікті қақты). Then the man entered іn (Сосын ол кісі ішке кірді).
The old man asked me to help him with his luggage (Кәрі кісі жүгін көтеруге көмектесуімді сұрады) (белгілі бір, өзі білетін, танитын кісі).
An old, wiser man adviced him (Ақылды үлкен, қария оған ақыл­кеңес берді) (жас емес, қария кісі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет