«day, night, morning, evening» сөздері артикльсіз келгенде бастапқы мағынасы өзгеріп жарық, қараңғы деген мағынаны біл діреді:
It was day in but it was night outside (Іште (үйде) жарық болғанмен, далада қараңғы еді);
«breakfast, lunch, dinner, tea, supper» (зат есім) сөздері
артикльсіз келгенде жалпы есім мағынасында, яғни тамақ ішетін мезгіл, тамақ ішу процесін білдіреді:
They were having breakfast (Олар таңертеңгі тамағын ішіп жатты);
Lunch is coming (Түскі тамақ (уақыты) болып қалды);
шылаулы (септік жалғаулы) тіркесті зат есімдер пысықта уыш функциясында келгенде олармен артикль келмейді. Мұндай зат есімдерге «school, college, hospital, court, church, prison, town, market, bed, table» сөздері жатады. Бұл сөздер көбінесе «at, to, into, from, after» шылауларымен келеді. Мұндай тіркестерде келе тін зат есім орынды, жерді емес, сол жерге байланысты, сол жерде болатын ісәрекетті білдіреді:
Asat was at school then (Азат ол кезде мектепте оқитын еді).
My grandfather was in hospital last month (Өткен айда менің атам (ауырып) ауруханада болды).
I entered the University after school (Мен мектептен соң, университетке түстім).
When he phoned we were at table (Ол телефон шалғанда, біз тамақ ішіп жатыр едік).
Жоғарыда келтірілген зат есімдер артикльмен келгенде өзде рінің толық лексикалық мағынасын жоғалтып, саналатын зат есімдер ретінде қолданылады:
That was a fine, sunny spring morning (Ол бір көктемнің тамаша, шуақты таңғы кезі еді).
It was the morning we waited for long (Бұл біз көптен күткен таң еді).
The smell of boiling pan promised a good dinner (Қайнап жатқан қазанның иісі жақсы тамақтан хабар берді).
The dinner was delicious (Ас дәмді болды). Kentau is a little town (Кентау – кішкентей қала).
She showed us the way going to the village (Ол бізге ауылға баратын жолды көрсетті).
Достарыңызбен бөлісу: |