Пысықтауыш бағыныңқылы құрмалас сабақтас сөйлем пы сықтауыштың алуан түрлі мағынасын білдіреді және басыңқы сөйлеммен көптеген жалғаулықтар, жалғаулық үстеулер арқылы байланысады. Шартты бағыныңқылы сөйлемнен басқа пысық тауыш бағыныңқылы сөйлемнің түрі жалғаулықсыз келмейді, өйткені жалғаулықтар пысықтауыш бағыныңқылы сөйлемдердің мағыналық түрлерін, ерекшеліктерін бірбірінен ажыратып, анықтап тұрады. Мына мысалдарды салыстырып көрейік:
When she was ill….; because she was ….; before she was ill
…; Though she was ill …; Until she was ill …; (Ол ауырып қалғанда ...; Ол ауырып қалғандықтан ...; Ол ауырып қалмас бұрын (Ол ауырмай тұрғанда/ ауырмас бұрын)
...; Ол ауырып қалғанмен ...; Ол ауырып қалғанға дейін
... /ауырғанға дейін)
Пысықтауыш бағыныңқылы сөйлем сабақтас құрмалас сөй лемнің ішінде кез келген орында, яғни басыңқы сөйлемнің алдын да, одан кейін, тіпті басыңқы сөйлемнің ішінде де келуі мүмкін.
When I came, they were having dinner (Мен келгенде, олар тамақ ішіп жатыр екен).
I warn you, if you don’t see a doctor, you’ll get seriousl ill (Мен сізге дәрігерге көрінбесеңіз қатты ауырып қалатыныңызды ескертемін).
You may go home after classes are over (Сіздерге сабақ біткесін үйге қайтуға болады).
Пысықтауыш бағыныңқылы сөйлем пысықтауыштың ішін дегі сапалық, сандық, жағдаятты (үш түрінің) білдіретін түрінің қызметін атқарады.
Мағынасына қарай пысықтауыш бағыныңқылы сөйлем мына дай топтарға жіктеледі:
Мезгіл пысықтауыш бағыныңқылы сөйлем. Басыңқы сөйлеммен мезгіл бағыныңқы сөйлем «when, whіle, as, untіll, tіll, before, sіnce, as soon as, as long, when, never» жалғаулықтары арқылы байланысады.
When she had come to the airport the airplane was already in the air (Ол әуежайға жеткенде, ұшақ әлдеқашан әуеде еді).
We have to wait for till all comes (Бәрі келгенше бізге оларды күтуге тура келеді).
He checked all his documents before he started for the air port (Әуежайға кетпес бұрын ол барлық құжаттарын тексеріп алды).
Guerrero’s hands trembled as he lit another cigarette (Екінші темекісін тұтатқанда, Геррероның қолы дірілдеп кетті). As soon as he arrived at the city, he went sightseeing (Қалаға келіп түсісімен, ол қаланың көрнекі жерлерін аралауға кетті).
Аs the taxi moving along the expressway, thirtyfive min utes later, Guerrero’s bus reached Lincoln International (Такси үлкен жолмен жүргендіктен, отыз бес минуттан соң Геррероның мінген автобусы Линкольн әуежайына жетті).
He watched his son as long as he got into the bus (Ол ұлы автобусқа мінгенше оны бақылап тұрды).
You may go home after classes are over (Сізге сабақ біткен соң үйге қайтуға болады).
Мезгіл пысықтауыш бағыныңқылы сөйлем келер шақ форма сында келмейді. Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнен кейін а) белгі сіздік келер шақтың орнына белгісіздік осы шақ келеді; ә) өткен дегі келер шақтың орнына белгісіздік келер шақ келеді; б) жедел өткен келер шақ орнына жедел өткен осы шақ келеді.
He will recover soon (As soon as he recovers, he’ll continue his study). (Ол жақында айығады (Ол сырқаттан айығысымен оқуын жалғастырады).
ә) He was sure that he would reach the airport at five thirty (Ол өзінің әуежайға сағат бес жарымда жететініне анық көзі жетті).
(He was sure till he reached the airport, his friends would wait for him (Ол әуежайға жеткенше өзінің достарының күтетініне сенімді болды).
б) He will reach the airport in thirtyfive minutes (Ол әуежайға отыз бес минуттан кейін жетеді).
When he reaches the airport, he’ll register his ticket (Ол әуежайға жеткесін, билетін тіркетеді).
Мекен пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөй лем басыңқы сөйлеммен «where, wherever» (қайда болса да, қайда барса да) жалғаулықтары арқылы байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: |