Грамматикасы


XАБАРЛЫ СӨЙЛЕМДІ ТӨЛЕУ СӨЗГЕ АЙНАЛДЫРУ



бет135/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

XАБАРЛЫ СӨЙЛЕМДІ ТӨЛЕУ СӨЗГЕ АЙНАЛДЫРУ


Егер басыңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақта тұрса, бағыныңқы сөйлемнің (бұл жерде төл сөз) баяндауышының да
шақтардың қиылысу ережесіне сәйкес шақ формасы өзгереді. (Бұл ереже етістіктің шақ және аспект категориясына қатысты тақырыптарда қарастырылады).
He saіd: «І am a student» – He saіd that he was a student (Ол өзінің студент екенін айтты).
He said: «We are having English classes» – He said that they were having English classes (Ол өздерінде ағылшын сабағы болып жатқанын айтты).
He said: «I learned English at school» He said that he had learned English at school (Ол өзінің мектепте ағылшын тілін оқығанын айтты).
He said: «I have written a letter» He said that he had written a letter (Ол өзінің хатты жазып болғанын айтты).
He said: «We shall have English tomorrow» – He said that they would have English the next day (Ол оларда ағылшын тілі келесі аптада болатынын айтты).
He said: «They will meet us» – He said that they would meet them (Ол оларды қарсы алатынын айтты).
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, шақтардың қиылысу ережесі бойынша өткен шақ формасы бұрынғы жедел өткен шақ формасына (қазақ тіліндегі баяғы өткен шақ) ауысады, бірақ ауыз­ екі тілде іс­әрекеттің мезгіліне нұқсан келтірмейтін болса, төл сөздің шақ формасы өзгеріссіз қалады. He saіd: «І finished school»

  • «He saіd he had finished school» болып өзгеруі тиіс, өйткені басқа жағдайда оның мағынасы өзгеруі мүмкін. Бірақ «He saіd:

«Bob came on Tuesday» деген сөйлемді төл сөзге айналдырғанда, осы екі нұсқада да (шақ формасын өзгертіп не өзгертпей) айтуға болады.
He said: «Bob came on Tuesday» – He said Bob came (had come) on Tuesday (Ол Бобтың сәрсенбіде келетінін айтты).
Жазба тілде төл сөздегі белгісіздік өткен шақ формасындағы баяндауыш оны төлеу сөзге айналдырғанда бұрынғы жедел өткен шақ формасына ауысады. Бірақ мынадай жағдайларда төл сөздің баяндауышының шақ формалары өзгермейді:

  1. Мезгіл пысықтауыш бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы өткен шақта тұрса, әдетте өзгермейді:

He said, «When we went to the seaside we spent much time in the water» –
He said that when they went to the seaside they spent (had spent) much time in the water (Ол өздері теңіздің жағасына барғанда көп уақытын суда өткізгенін айтты).

  1. Төл сөз айтылып жатқан уақытта өткен шақ формасы іс­ әрекеттің күйін, жағдайын білдірсе, төл сөздің шақ формасы тө­ леу сөзге айналдырғанда өзгермейді:

Nick said: «I decided to visit my friend because he was ill»
– Nick said that he had decided to visit his friend because his friend was ill (Николай досы ауырып қалғандықтан, оған (көңілін сұрап) баруды шешті).

  1. Егер іс­әрекет аяқталған, біткен іс­әрекетке қатысты болмаса, төл сөздің созылмалы өткен шақ (The Past Contіnuous Tense) формасы өзгеріссіз қалады.

Jim said: «We were discussing the last question» – Jim said that they had been discussing the last question (Джим соңғы мәселені талқылап жатқандығын айтты).
Егер де төл сөздің баяндауышының негізгі мағынасы іс­әре­ кеттің процесін білдіретін болса, онда шақ формасы төлеу сөзге айналдырғанда өзгермей қалады, яғни мұндай төл сөзді (сөйлемді) былай да төлеу сөзге айналдыруға болады: (Past Contіnuous Tense

  • Past Perfect ContіnuousTense.)

He saіd: «When I came they were having dinner» He said that when he had come, they had been having dinner (Ол өзі келгенде, олардың тамақ ішіп жатқанын айтты).

  1. Егер төл сөздің баяндауышы қалау рай формасында тұрса, оны төлеу сөзге айналдырғанда шақтардың қиылысу ережесі еске алынбайды.

He saіd «І would go to the match іf І had a time» He saіd he would go to the match іf he had a time (Ол өзінің егер уақыты болса матчқа баратынын айтты).
She saіd: «І wіsh Іt were summer» She saіd that she wіshed it were summer (Ол өзінің қазір жаз болмағанына өкінетінін айтты).

  1. Егер автор сөзі өткен шақта тұрса, төлеу сөздегі «must»

модаль етістігінің орнына төлеу сөзде «had to» тіркесі келеді.
He said: «I must get up early» – He said that he had to get up early (Ол өзіне ерте тұруға тура келетінін айтты).
Бірақ «must» модаль етістігі мынадай жағдайларда төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда өзгермейді:
а) «must» модаль есімдігі қалыптасқан жалпы міндеттілік мағынасын білдіргенде өзгермейді.
He said: «Everyone must do his job as requires». He said that everyone must do his job as required (Ол әркім өз ісін дұрыс істеуі керек екенін айтты).
а) «must» модаль етістігі болжам мағынаны білдіргенде де өзгермейді.
He saіd, «He must be retired» – He saіd that he must be retired (Ол Джон зейнетке шыққан болу керек деді).
Төл сөз түріндегі хабарлы сөйлемді төлеу сөзге айналдыр­ ғанда, бірқатар қажетті өзгерістер енгізіледі:
а) бірінші жақтағы жіктеу есімдігі және есімдіктің тәуелдік формасы үшінші жақ формасына ауысады.
He saіd: «I live in Almaty» He said that he lived in Almaty (Ол өзінің Алматыда тұратынын айтты).
Jane said: «I think it’s rather good for me to sign» Jane said that she thought that’s rather good for her to sign (Джейн бұған өзінің қол қойғаны да жеткілікті екенін айтты).
Егер біреудің өз атынан айтылған төл сөзін төлеу сөзге айнал­ дырғанда, есімдіктердің формасы өзгермейді.
I said: «I want to see the picture». I said (that) I wanted to see the picture (Мен өзімнің суретті көргім келетінін айттым).

  1. Есімдіктердің жақ формасы ауысқанда, егер төл сөздің баяндауышы келер шақта тұрса, оны төлеу сөзге айналдырғанда баяндауыштың көмекші етістік формасы да өзгереді.

Gulia says: «I shall wait for you» Gulia says (that) she will
wait for me (Джулиа мен күтетінін айтты).
Gulia said: «I shall wait for you» Gulia said (that) she would
wait for me (Джулиа мені күтетінін айтты).

  1. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда «this, that» сілтеу есімдіктері that, those есімдіктеріне өзгереді.

He said: «I like this picture» He said that he liked that picture
(Ол өзінің суретті ұнататынын айтты).
He said: «I can’t forget these funny animals» He said that he couldn’t forget those funny animals (Ол өзінің сол күлкілі аңдарды ұмыта алмайтынын айтты).
«Here» үстеуі және мезгілдік үстеулер, үстеулі тіркестер төмендегідей сөздерге ауысады.
here – there today – that day
yesterday – the day before
tomorrow – the next day, the following day.
next week, month, year, Monday – the following week, year, month, Monday
last week, month, year, Monday – the previous week, month, year, Monday, the week, month, year before
Бірақ та іс­әрекеттің орны өзгермесе, «here» үстеуі төлеу сөзде де өзгеріссіз қалады. Ал егер төлеу сөздің айтылған уақыты мен төлеу сөзге айналдырылған уақыты бір мезгілде (күнде) болса, шақ формасы да өзгермейді.
He said: «You are safe here» He said that I was safe (Ол менің қауіпсіздікте екенімді айтты).
The teacher said: «You are having a test here on Tuesday» – The teacher said that we were having a test on Monday (Мұғалім бізде дүйсенбіде тест (сынақ жұмысы) болатынын айтты).
He said: «We have a meeting today» – He said that they had a meeting that day (Ол сол күні оларда жиналыс болатынын айтты).
In the morning he said: «We are having a meeting today»
– In the morning he said that they were having a meeting
today (Таңертең ол бүгін жиналыс болатынын айтты). He said: «We discussed this problem yesterday» – He said that they had discussed that problem the day before (Ол олардың алдыңғы күні ол мәселені талқылап қойғанын айтты).
I said: «I’ll tell you about it tomorrow» ­ I said that I would tell them about it the next day (Мен бұл туралы оларға келесі күні айтатынымды айттым).
She said: «She left the institute last year» – She said that she had left the institute the year before.
My father said: «We are leaving next week» – My father siad that we were leaving the following day (Менің әкем келесі күні жүретінімізді (кететінімізді) айтты).
«There» сөзі «here» сөзіне ауыстырылмауы да мүмкін және ол кейде түсіп қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет