Грамматикасы


Бастауыш бағыныңқылы құрмалас сабақтас сөйлем



бет125/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Бастауыш бағыныңқылы құрмалас сабақтас сөйлем


Бастауыш бағыныңқылы сөйлем сабақтас құрмалас сөйлем­ дер сөйлемде бастауыштың қызметін атқарады. Қазақ тілінде құрмалас сабақтастың бастауыш бағыныңқылы сөйлем түрі жоқ. Бастауыш бағыныңқылы сөйлемнің ерекшелігі – ол басыңқы сөйлемнің құрамында тұрады.
«What worried her more was his eyes» деген сөйлем әрі құрма­ лас сабақтас сөйлемнің бастауыш бағыныңқылы сөйлемі, әрі сөйлемнің бастауышы. Егер бастауышты сөйлемнен бөліп алсақ,
онда сөйлемнің қалған бөлігі құрылымы жағынан да, мағынасы жағынан да сөйлем бола алмайды. Ол тек бастауышпен бірге келгенде ғана сөйлем болып, мағынаға ие болады. Осы себепті бастауыш бағыныңқылы сөйлемді бағыныңқы сөйлем деп қарас­ тыру қиын. Бастауыш бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлем­ мен «that, if» жалғаулықтары, «who, what, which, whoever, what ever» жалғаулық есімдіктері, «when, where, why, how» жалғаулық үстеулері арқылы байланысады.
Құрылымы жағынан бастауыш бағыныңқылы сөйлемдер екі жанама топқа бөлінеді:

  1. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі бастауыш + баяндауыш құрылымда келетін бағыныңқы сөйлем.

Why had Guerreo bought an air ticket to Rome was a mys­ tery for her (Геррероның неге Римге самолетке билет алғаны оған құпия болды).
Whether they approve me or not is important for me (Олар­ дың мені құптауы не құптамауы мен үшін маңызды).
Whoever wants to travel to foriegn countries must have a passport (Кім де кім шетелге сапар шегетін болса, төлқұжаты болуы керек).
What troubles him much is wasn’t clear (Оны көп мазалай­ тыны не екені түсініксіз).
Where to get money for a land deal made him think up (Жер саудасын жасауға ақшаны қайдан алатыны оны ойландырды).
How to come out difficulties was a problem (Қиын жағдай­ дан қалай шығу керектігі мәселе болды).

  1. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі «іt + баяндауыш + бас- тауыш» болып келетін сөйлем.

It was surprising that after fifteen years of silence, Barton had looked him up (Он бес жыл өткеннен кейін Бартонның оны анықтамадан іздеп тауып алғаны таңданарлық болды).
It was inevitable that he could capture alive a full-grown go- rilla (Оның ересек (үлкен) горилланы тірідей ұстап алуы адам нанғысыз еді).
It was pleasant they renewed their boyhood friendship
(Олардың балалық шақтағы достығын жаңғыртуы кө­ ңілге қонымды болды).
It was lucky if the police could catch a bugler (Полиция ұрыны ұстай алса, жолы болғаны еді).
Ауызекі тілде бастауыш бағыныңқылы сөйлемнің соңғысы жиі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет