Грамматикасы


Қосымша анықтауыш бағыныңқылы сөйлем



бет132/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Қосымша анықтауыш бағыныңқылы сөйлем


Қосымша анықтауыш бағыныңқылы сөйлем абстрактілі зат есімнен жасалған басыңқы сөйлемнің бастауышының ерекше­ лігін анықтап тұрады.
Анықтауыш бағыныңқылы сөйлемнің мұндай түрі басыңқы сөйлеммен «that, who, what, whіch, where, when, why, how» есім­

292
діктері мен үстеулер арқылы байланысады. Олар басыңқы сөй­ леммен жалғаулықсыз байланыспайды. Бағыныңқы сөйлемнің бұл түрі басыңқы сөйлеммен үтір арқылы ажыратылмайды.
There came to him a memory that reminded him the sad face of the little boy (Сосын оның есіне кішкентай баланың көңілсіз жүзі түсті).
They didn’t know the man that promised to save his life (Оның өмірін сақтап қалуға уәде берген адамды олар білмеді).
They couldn’t understand the standing instruction why can- didates shouldn’t use no dictionary (Олар талапкерлерге неге сөздікті пайдалануға болмайтын нұсқауды түсіне алмады).
The problem how to protect our invironment is one of the urgent ones (Қоршаған ортаны қалай қорғау мәселесі – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі).




Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕР


Қыстырма сөздер сөйлемдегі айтылған ойға айтушының көз­ қарасын, қатысын немесе алдыңғы сөйлемде айтылған инфор­ мацияға сол сөйлемнің байланысын, қатысын білдіреді. Көп­ шілік жағдайда қыстырма сөздер сөйлеммен жалғаулықсыз байланысады, дегенмен кейде «as» жалғаулығы арқылы байланы­ сады: As you know, as far as І know, as expected, as it was settled т.б. Қыстырма сөздер сөздің аяғында, ортасында келуі мүмкін.
Сөйлем басында қыстырма сөздер сирек келеді. Олар сөйлемнен үтір не сызықша арқылы ажыратылады.
Next moment, my aunt who, as I have said, had a remark­ ably strong will, became calm (Келесі бір сәтте, мен айтқандай, айтарлықтай күшті ерік­жігері бар менің тәтем сабырлы бола қалды).
Inspite of her sorrow for my uncle, she still cared very much about her appearance (Менің нағашымды қайғырғанына қарамастан, ол әлі өзінің сыртқы келбетін өте жақсы күтетін).
As she looked at her face in the glass first on one side, then on the other she saw she was getting thin (Ол айнамен бетінің, алдымен, бір жағына, сосын екінші жағына қарағанда, өзінің жүдеп бара жатқанын көрді).
You see, I am the owner of the Hotel Bristol in Cannes (Түсіндіңіз бе, мен Канндағы Бристол қонақүйінің қожайынымын).
Whereever he may be at this time, there is a maid to bring him his breakfast in bed in the mornings, I hope (Қазір ол қайда болса да, оған таңертең ертеңгі асын төсегіне әкеп беретін күтушісі бар деп сенгім келеді).
«You know», he added «I think it’s good enough for me to
sign (Өзіңіз білесіз, деп ол сөзін жалғастырды, менің қол қойғанымның өзі жеткілікті ғой деп ойлаймын).
I think perhaps I should go out and buy some more things (Меніңше, мүмкін мен барып біраз заттар сатып әкелуім керек шығар).
When I came into the studio I was, I thought, in the nec­ essary emotional condition (Студияға кіргенде, мен қазір нағыз қажетті эмоциялық күйдемін деп ойладым).
Қазіргі ағылшын тілінде толықтауыш бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы басыңқы сөйлемі сабақтас құрмалас сөйлем «іt» + баяндауыш» конструкциясымен келетін бастауыш бағыныңқылы сөйлем сияқты қыстырма сөз ретінде қолданылады. Мұндай жағдай басыңқы сөйлемнің баяндауышы
«sell, tell» (демеулік етістік), «thіnk, suppose, remember» етістік­ терінен жасалғанда болады.
They say if he were allowed to succeed, he promised to do something good for him («Егер оған табысқа жетуге мүмкіндік бола қалса, бір жақсылық жасаймын» деп уәде еткен дейді жұрт).
You feel able to talk now, I suppose (Сіз енді сөйлесе аласыз ғой деп ойлаймын).
I thought you’d like to know why (Неге екенін білгіңіз келетін шығар деп ойлаймын).
Rain, it seemed, wasn’t going to stop (Жаңбыр тоқтамайтын сияқты).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет