Грамматикасы



бет136/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Төл сөз түріндегі сұраулы сөйлемді төлеу сөзге айналдыру
Төл сөз түріндегі сұраулы сөйлемді төлеу сөзге айналдырған­ да олардың грамматикалық формаларында мынадай өзгерістер болады:

  1. Сұраулы сөйлем түріндегі төл сөзді төлеу сөзге айналдыр­ ғанда шақ формасы, есімдік, мезгілдік, мекендік үстеулер түрі хабарлы сөйлем түріндегі төл сөзге қатысты ереже бойынша өзгереді.

  2. Төл сөздегі сұраулы сөйлемнің құрылымы төлеу сөзге ай­ налдырғанда төл сөздегі хабарлы сөйлем құрылымына ауысады, яғни сөйлем мүшелерінің орын тәртібі хабарлы сөйлемдегідей бастауыш + баяндауыш орын тәртібімен келеді және сұрау белгісі қойылмайды.

He said: «Where do you study?» He asked where I studied (Ол менің қайда оқитынымды сұрады).
She said: «How is he?» She asked how he was (Ол оның жағдайы қалай екенін сұрады).

  1. Егер басыңқы сөйлемнің баяндауышы «say» етістігінен жасалса, онда ол сұрауды білдіретін етістіктерге, яғни «ask, іnquіre, wonder, want to know» т.б. етістіктеріне ауысады.

He said: «Where are you going to?» He asked where I was going to (Ол менің қайда бара жатқанымды сұрады).
He said: «When do you finish your work?» He wondered when I finished my work (Ол менің қашан мектеп бітіргенімді білгісі келді).
He said: «Why do you decide to be a doctor?» He wanted to know why I decided to be a doctor (Ол менің неге дәрігер болуды ұйғарғанымды білгісі келді).
«ask, іnquіre» т.б. етістіктер төлеу сөзде де келуі мүмкін, бірақ сөйлемнің соңында тұрады.
«Where have been to so long time?» she inquired («Сонша уақыт қайда болдың?», – деп сұрады ол).

  1. Егер төл сөз арнайы сұрақ түрінде болса, онда «when, where, who, how, why» т.б. сұрау есімдіктері төлеу сөздің басында тұрады.

«Where did you leave your book?» he asked. He asked where I left my book (Ол менен кітабымды қайда тастап кеткенімді сұрады).
The teacher said; «What task have you done at home?» The teacher asked what task we had done at home (Мұғалім біздің үйде қандай тапсырма орындап келгенімізді сұрады).
Егер төлеу сөз сұраулы сөйлемде сұрау есімдігі болмаса (жалпы сұрақ түрінде), басыңқы сөйлемнен кейін «whether, іf» жалғаулық сөзі келеді. «Whether» барлық етістіктермен тіркесіп келеді, ал «іf» барлық етістіктермен тіркесе алмайды.
«Are you busy with your work?» he asked. He asked me whether I was busy with my work (He asked me if I was busy with my work) (Ол менің жұмыстан қолым тимей жатқанын сұрады).
He said: «Is everybody present at the lesson?» He asked if everybody was present at the lesson (Ол бәрінің сабақта түгел екендігін сұрады).

  1. Төлеу сөзде сөйлем мүшелерінің орын тәртібі хабарлы сөйлемдегідей болатындықтан, олардың етістік формасы да бірдей болады, яғни төлеу сөз түріндегі болымды сұраулы сөйлемде «do» көмекші етістігі келмейді, өйткені бұл көмекші етістік хабарлы сөйлемде келмейді.

«Do you study at the university?» he asked. He asked whether I studied at the university (Ол менен университетте оқитындығымды сұрады).
«Do» көмекші етістігі төлеу сөзде сұраулы сөйлемнің болым­ сыз түрінде келеді, өйткені хабарлы сөйлемнің болымсыз түрінде де «do» көмекші етістігі келеді.
«Don’t you know Mr. Smith?» He asked me why I didn’t
know Mr.Smith (Ол менен Смит мырзаны қалайша білмейтіндігімді сұрады).

  1. «Shall І/ we» тіркесінен басталатын сұраулы сөйлемдер іс­әрекетке қызығушылық және нұсқау беруді өтіну мағынасын білдіреді.

а) іс­әрекетке қызығушылық білдіру мағынасында, сұраулы сөйлемнің төл сөздегі «shall/ wіll» етістіктерінің орнына төлеу сөзде «wonder» етістігі келеді.
He said: «What shall you do when you retired?» He wondered what I would do when I retired (Ол менің зейнетке шыққанда немен айналысатындығымды сұрады).
ә) біреудің нұсқау беру өтінішін білдіргенде «shall/ should» етістіктері өзгермейді.
She says: «What shall I give him?» – She asks what she shall give him (She asks what she is to give him; She asks what she should give him) (Ол оған не беруге тиіс екенін сұрады).


Еск ер т у. «Shall/ would» етістіктерінің мағынасын беретін «іs to/ was to» формасы бар. Бұл формалар көбінесе төлеу сөзде келеді. Олардың мағыналарында айырмашылық жоқ.
«Shall I have your pen?» she asked. 1. She asked if she should have my pen. 2. She asked if she was to have my pen (Ол менің қаламымды алуына болатындығын сұрады).



  1. Төлеу сөз формасындағы сұраулы сөйлемнен кейін үтір қойылмайды және сөйлем соңында сұрау белгісі қойылмайды. Бірақ та құрамында сұраулы сөйлемі бар құрмалас сабақтас сөйлем сұрақ болса, онда сөйлем соңында сұрау белгісі қойылады.

Do you know when the conference will be held? (Сіз конференцияның қашан болатынын білесіз бе?)
Егер төл сөз түгелдей сұрақ болса, онда оны төлеу сөзге айналдырғанда сұраулы сөйлемнің басыңқы сөйлемі бағыныңқы сөйлемге айналады да, сөйлем соңына сұрау белгісі қойылмайды.
He wondered whether I knew that the conference would be held (Ол менің конференцияның қашан болатынын білетіндігімді білгісі келді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет