Грамматикасы


Анықтауыш есімдіктердің айқындауыш мағынасы



бет30/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Анықтауыш есімдіктердің айқындауыш мағынасы


Анықтауыш бағыныңқы сөйлем алдыңғы (басыңқы) сөйлем­ дегі зат есімді сол сөйлемдегі басқа зат есімнен даралап, нақтылап, ажыратып, айқындап тұрады. Яғни, мұндай анықтауыш бағының­ қылы сөйлем зат есімнің мағынасын дәлірек, нақтылай түсу үшін қолданылады. Ол сөйлем ішінде түсіп қалмайды. «Who, whom» және «that» есімдіктері мұндай бағыныңқы сөйлемде адамға
қатысты айтылғанда бірінің орнына бірі ауысып қолданыла береді.
What is the name of the girl who got married to Chris? (Криске тұрмысқа шыққан қыздың аты кім?)
Бірақ та күшейтпелі шырайдан кейін және «all, everythіng, ev- eryone, no, none, not any, nothіng, nobody, much, lіttle» есімдіктерінен кейін «who» есімдігі келмейді) тек қана «that» есімдігі келеді.
It was one of the most interesting stories that I ever read (Бұл менің бұрын­соңды оқыған әңгімелерімнің ішіндегі ең қызығы еді).
She has nothing that matches with her new red shoes (Оның жаңа қызыл сөмкесіне сәйкес келетін ештеңесі жоқ).
Much that we saw in the museum was splendid work of art (Біз мұражайда көргендеріміздің көпшілігі өнердің керемет шығармалары (туындысы) еді).
Is there anybody among them that you have met before? (Олардың арасында сіз бұрын көрген біреу бар ма?) None that I know (Мен ешқайсысын да білмеймін).
Табыс септігіндегі «whom» есімдігі ресми тілге тән деп есеп­ теледі де, ауызекі тілде сирек қолданылады. Оның орнына «who, that» есімдіктері көп қолданылады және кейде түсіп қалуы да мүмкін.
I couldn’t recognize the girl who I met at Alice’ party (Мен Алисаның кешінде кездескен қызды тани алмадым).
«who, that» есімдіктері шылаумен тіркесіп келуі мүмкін.
The man whom I spoke to about the problem said he would discuss the matter. The man who I spoke to about the prob­ lem said he would discuss the matter. The man that I spoke to about the problem said he would discuss the matter (Мен бұл мәселе туралы сөйлескен кісі бұл мәселені бірге талқылайтынымызды айтты).
Ауызекі тілде шылау сөйлемнің соңында тұрады немесе
«whom» есімдігінің орнына «that» есімдігі қолданылады немесе түсіп қалады.
The girl to whom Rudolf paid attention ... = The girl that Ru­ dolf paid attention to ... = The girl Rudolf paid attention to ...
«Whose» есімдігі адамға қатысты қолданылады, сондай­ақ
кейде затқа да қатысты қолданылуы мүмкін немесе оның орнына
«wіth» шылауы келуі мүмкін.
Our neighbours whose house was old moved to a new one (Біздің үйі ескі көршіміз жаңа үйге көшті).
We lived in a two­storeyed house whose stairs were made of wood in my childhood. = We lived in a two­storeyed house with wood stairs in my childhood (Менің бала кезімде біз баспалдағы ағаштан жасалған екі қабатты үйде тұрдық).
«Whіch, that» есімдіктері затқа қатысты жұмсалғанда, бірінің орнына бірі ауысып қолданыла береді. «Whіch» есімдігі жазба тілде, ал «that» есімдігі ауызекі тілде қолданылады.
We saw the film which is talked much about (Біз жұрт көп айтып жүрген киноны көрдік).
The team that won in the game is admitted to a top league (Ойында жеңген команда жоғарғы лигаға қабылданды).
Бұл есімдіктер (бағыныңқылы сөйлемде) толықтауыштың қызметін атқарғанда түсіп қалуы мүмкін.
The book whіch you adviced me to read was interesting. = The book that you adviced me to read was interesting. = The book you adviced me to read was interesting. (Cіз маған оқуға кеңес берген кітап қызық екен).
Ресми тілде шылау «whіch, that» есімдігінің алдында тұрады.
The secretary girl handed in the letter to which the manager should sign. (Хатшы қыз қол қоюға тиісті хатты бастығына берді).
Ауызекі тілде шылау сөйлемнің соңында тұрады, ал «whіch»
есімдігі «that» есімдігіне ауысады немесе түсіп қалады.
...the letter which the manager should sign ... = the letter the manager should sign...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет