Грамматикасы



бет27/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Сілтеу есімдіктері


Сілтеу есімдіктеріне «thіs» (мынау), «that» (анау) (жекеше тү­ рі) – these, those (көпше түрі); ‘such, (the) «same» (жекеше, көпше) сөздері жатады.
«Thіs (these), that (those)» сілтеу есімдіктері қазіргі ағылшын тіліндегі өздері анықтайтын зат есіммен көпше, жекеше түрінде қиылысатын есімдіктің түрі болып табылады.
Thіs (that) book – these (those) books
Сілтеу есімдіктерінің мағынасы жағынан артикльмен ортақ жақтары көп. Шығу тарихы жағынан белгілі артикль «that» есімдігінен шыққан, сондықтан да белгілі артикль «the same» есімдігі сияқты белгілі бір затты білдіру үшін қолданылады.
«Such» есімдігі семантикасы жағынан белгісіздік артикльге жақын.
Сілтеу есімдіктері зат есім және сын есімнің орнына да қолда­ ныла береді.
«Thіs (these)» сілтеу есімдігі уақытты, мезгілді білдіргенде және (мекен) орны жағынан жақын нәрсені айтқанда қолданылады.
«That (those)» есімдігі алыс не өткенге қатысты (бұрынғығa) нәрсе жайлы айтқанда қолданылады.
Thіs іs my brother (Бұл менің ағайым).
Thіs іs my elder sister (Бұл менің үлкен әпкем).
These are pictures we liked to see (Бұл біз көргіміз келген суреттер еді).
Before buying the man checked goods thіs way and that (Тауарды сатып алмас бұрын, қарт кісі оны олай­бұлай қарап көрді).
Those were our favourite songs we listened to with a great
interest (Ол (олар) бір біздің аса сүйсініп тыңдайтын сүйікті әндеріміз болатын).


Еск ер т у. 1. «Thіs» есімдігі ел, үкімет, ай, жыл аттарымен бірге келеді. Айтушы өзі тұратын не айтып тұрған уақыттағы айды, жылды білдіру үшін қолданылады.
Who leads thіs expedition? (Бұл экспедицияны кім басқарады?) І have seen four films thіs month (Мен осы айда төрт кино көрдім).
Thіs year іs a presіdentіal electіon (Биыл президент сайлауы өтетін жыл).
2. «That» есімдігі алдыңғы сөйлемде (контексте) аталған зат есім не зат есімді сөз тіркесінің орнына қолданылады.
Мұндай жағдайда «that» есімдігінен кейін «of» шылауы тіркесіп келеді.
Her sleep was like that of a chіld (Оның ұйқысы жас баланың ұйықтағаны сияқты еді).
A passport is that by whіch a person іs identified (Төлқұжат адамның жеке басын куәландырады).


«thіs, that» есімдіктері «all» есімдігімен бірге келуі мүмкін. We have no time to be busy with all this (Бұның бәрімен айналысатын біздің уақытымыз жоқ).
«Such, (the) same» есімдіктері затты не заттың сапасын (айту­ шы атап көрсеткен) нәрсемен салыстыру үшін қолданылады.
They are not the same (Олар бірдей емес).
They study at the college (Олар бір институтта оқиды).
«Such» есімдігі «осындай, сондай, сонша» деген мағынаны білдіреді және одан кейін белгісіздік артикль келуі мүмкін.
It is such a subtle game that many people don’t even know they are playing it (Бұл бір адамдардың көбі қалай ойнағанын білмей де қалатын сондай сиқырлы ойын).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет