Грамматикасы


БЕЛГІСІЗДІК, БОЛЫМСЫЗДЫҚ, ЖАЛПЫЛАУЫШ, ҚАРСЫЛЫҚТЫ ЕСІМДІКТЕР



бет32/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

БЕЛГІСІЗДІК, БОЛЫМСЫЗДЫҚ, ЖАЛПЫЛАУЫШ, ҚАРСЫЛЫҚТЫ ЕСІМДІКТЕР


Бұл топқа жататын есімдіктердің құрылымдық, семантика­ лық жағынан ортақ жақтары бар. Атап айтқанда, олар бір түбір­ ден шыққан және жалпылама мағыналары да бар.




Белгісіздік есімдіктер
Белгісіздік есімдіктерге «some, any» және олардың күрделі түрлері және зат есімдердің орнына қолданылатын one сөзі жатады.


«Some» және «any» есімдіктері


Бұл есімдіктер адамды («белгісіз біреу» деген мағынада), са­ палық не сандық шамасы, мөлшері белгісіз затты білдіреді. Олар көпше, жекеше саналатын, саналмайтын зат есімнің және көп жағдайда сын есімнің орнына жұмсалады.
Some are going in and some are going out (Біреулер ішке кіріп барады, біреулер сыртқа шығып жатыр).
Some people don’t like loud music (Кейбір адамдар қатты әуенді ұнатпайды).
Someone will tell you (Біреу сізге айтар).
You can take any books you like (Сіз өзіңізге ұнаған кез келген кітапты алуыңызға болады).
Can anyone tell us the way to the museum? (Бізге біреу мұражайға баратын жолды көрсете ала ма?)
Is anyone in? (Іште біреу бар ма?)
Somebody knocks at the door (Біреу есікті қағып тұр).
Бұл есімдіктер мағынасына қарай сөйлемнің белгілі бір ком­ муникативтік типтерінде келеді.
«Some, any» есімдіктері затты не адамды білдіреді. «Some» есімдігі болымды сөйлемде, ал «any» есімдігі болымсыз не сұраулы сөйлемде келеді. Сондықтан да «some» есімдігі және ол арқылы жасалған «somebody, someone, something, somewhere» күрделі есімдіктер, көбінесе жоғарыда аталғандай, хабарлы сөйлемде қолданылады, ал «any» есімдігі мен ол арқылы жасалған «any- body, anyone, anything, anywhere» күрделі есімдіктері болымсыз,
сұраулы және шартты бағыныңқылы сөйлемде келеді. «Some»
есімдігі қазақ тіліне «кейбір, бірнеше, біраз» болып аударылады.
I have some English books at home (Менің үйде (біраз) ағылшынша кітаптарым бар).
He had some difficulties with the translation of the text (Оған мәтінді аудару біраз қиын болды).
Кейбір сөйлемдерде «some, any» есімдіктері ағылшын тілін­ дегі сөйлемдердің құрылымына қарай міндетті түрде келгенмен, қазақ тіліне (мағынасына қарай, әсіресе сұраулы, болымсыз сөй­ лемдерде) аударылмайды.
Have you got any message for me? (Сіздің менде шаруаңыз бар ма?)
He hasn’t got any friends in this city (Оның бұл қалада (ешқандай) достары жоқ).
I want some water (Менің су ішкім келіп тұр).
«Any» есімдігі болымсыз «hardly» (әрең дегенде, зорға деген­ де), «wіthout» (болымсыздық мағына жасайтын шылау) деген мағынаны береді.
He hardly found his friend’s new house (Ол өзінің досының жаңа үйін зорға тапты).
He mustn’t take your book without any permission (Оған сіздің кітабыңызды рұқсатсыз алуға болмайды).
Дегенмен «some, any» есімдіктерінің лексикалық мағынала­ рымен салыстырғанда, олар сөйлемнің коммуникативтік типте­ ріне айтарлықтай тәуелді емес. «Some, any» есімдіктері арқылы жасалған күрделі есімдіктер сұраулы сөйлем, өтініш не шақыруды білдіретін сұраулы сөйлемде де кездеседі. Сондай­ақ «yes» (иә) деген жауап алатын сұраулы сөйлемде де қолданылады.
May I have some more paper? (Маған тағы біраз қағаз алуға бола ма?)
Wіll you give me some bread? (Маған нан бересіз бе?) There сomes some voice from the next room. (Көрші бөлмеден дауыс шығады).
Is there somebody in it? (Онда біреу бар ма?)
«Any» есімдігі және одан жасалған туынды күрделі есімдіктер болымды сөйлемде «кез келген» деген мағынаны білдіреді.
Any lawyer knows іt (Мұны кез келген заңгер біледі).
You can take any of these pictures you like (Сіз суреттердің өзіңізге ұнаған кез келгенін алуыңызға болады).
Anybody can do it (Мұны кім болса да (әркім) істей алады).
He can choose anything in this shop (Ол бұл дүкеннен нені болса да (кез келген нәрсені) таңдауына болады).
Мына сөйлемдердің мағынасын салыстырып қараcақ, осы екі сөйлемде олардың мағынасы екі түрлі:
We must do somethіng about іt (Біз бұған бірдеңе істеуіміз керек).
You may ask any questions about it (Сіз бұл жөнінде кез келген сұрақ қоюыңызға болады).
«Body, one» сөздері арқылы жасалған күрделі белгісіздік есімдіктері адамға қатысты, ал «thіng» сөзімен тіркесу арқылы жасалған есімдіктер затқа қатысты қолданылады. Олармен бірге
«else» сөзі тіркесіп келуі де мүмкін.
Somebody will help you (Біреу сізге көмектеседі).
She’s going out with someone (Ол біреумен далаға шығып бара жатыр).
He wrote something in his notebook (Ол дәптеріне бірдеңені жазды).
«Body, one» сөздері арқылы жасалған күрделі есімдіктері ілік септігінің формасында да (тәуелдеу есімдігі формасында) келуі мүмкін.
He isn’t responsible for anybody’s mistake (Ол біреудің қатесіне жауапты емес).
You can’t simply violate anyone’s right (Сіз біреудің құқын бұза алмайсыз).
«Someone, anyone» есімдіктері нақты мағынаны білдірсе,
«somebody, anybody» есімдіктері жалпы мағынаны білдіреді және ешуақытта «of» шылауымен тіркесіп келмейді.
Someone would agree to come (Әйтеуір біреу келуге келісер еді).
Does anyone (one of you) offer you any help? (Біреу (біреу­ міреу) сізге көмегін ұсынған жоқ па?)
Will anyone have ice­cream? asked the waitress. (Кім балмұздақ жейді?/Біреудің балмұздақ жегісі келе ме?)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет