Грамматикасы



бет68/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

«as іf, as though» жалғаулықтары келгенде, қалау райдың осы шақ не бұрынғы жедел өткен шақ формасы баяндауыш функциясында келеді.
It was as if she were unaware of the fact. (Ол бұл деректі білмейтіндей болды).
He looked as if he recovered from a long desease. (Ол ұзақ аурудан енді айыққандай болып көрінді).
I felt as if I had lost my mind. (Мен өзімді есімнен танып қалғандай сезіндім).
It was as though the very ground had opened under his feet. (Оның табанының астындағы жер қақ жарылғандай болды).
Осы келтірілген мысалдар баяндауыш бағыныңқылы сөйлем­ дегі іс­әрекет басыңқы сөйлеммен (немесе дәнекерлеуші етістік­ пен) ұқсас болғанда, өткен шақ қалау рай формасы келетіндігін көрсетеді. Баяндауыш бағыныңқылы сабақтас сөйлемдегі іс­ әрекет басыңқы сөйлемдегі іс­әрекеттен бұрын болса, онда бұ­ рынғы жедел өткен шақтағы қалау рай формасы келеді.

    • Қалау рай толықтауыш бағыныңқылы сабақтас сөйлемде келеді. Ағылшын тілінде толықтауыш бағыныңқылы құрмалас сабақтас сөйлем бар. (Қазақ тілінде мұндай сабақтас құрмалас бағыныңқылы сөйлемнің түрі жоқ). Қалау рай формаларының толықтауыш бағыныңқылы сөйлемде келуі басыңқы сөйлемдегі етістіктің мағынасына байланысты болады.

    • Ұсынысты, бұйрықты білдіретін етістіктерден кейін толық­ тауыш бағыныңқылы сөйлемде қалау райдың «should» және «to» шылауынсыз келген тұйық етістіктің тіркесі формасында келеді. Мұндай жағдайларда бағыныңқы сөйлемдегі іс­әрекет басыңқы сөйлемдегі іс­әрекеттен кейін болады. Осыған байланысты

«should» етістігінен кейін ешуақытта жедел өткен шақ формасы келмейді. Сөйлемнің мұндай түрінде толықтауыш бағыныңқылы сөйлемнің басында «that» жалғаулығы тұрады.
She proposed that they should learn English (Ол оларға ағылшын тілін үйренуді ұсынды).
Aunt Julia required that children should keep the room in clean (Джулиа тәтей балалардың бөлмені таза ұстауын талап етті).
My mother insists that I should get scholarship at high school (Менің анам жоғары оқу орнында білім алуыма күш салды). The party organisation moves that members of the party should make a resolution (Партия ұйымы партия мүшелері­ нің шешім қабылдауына қарар қабылдады).
The consumers (demanded) that goods should have the ingredients on the packages (Тұтынушылар тауардың сыртында оның құрамын көрсетуін талап етті).
The audience requested that the singer should sing one more song (Көрермендер әншінің тағы бір ән салуын өтінді).
Ресми тілде «should» етістігі мен тұйық етістік тіркесінің орнына қалау райдың осы шақ формасы келеді.
Parliament move that social benefits be introduced for pen­ sioners (Парламент зейнеткерлерге әлеуметтік жеңілдік енгізуге қарар қабылдады).
The pensioners insist that the Government introduce free rides on public transportation (Зейнеткерлер парламенттен қоғамдық көлікте ақысыз жүруді енгізуін талап етті).

    • «Wіsh» етістігінен кейін осы шақ не жедел өткен шақ форма­ сындағы қалау рай келеді. Егер толықтауыш функциясындағы ба­ ғыныңқы сабақтас сөйлемдегі іс­әрекет сөйлеп тұрған уақытпен сәйкес болса, (дәлірек айтқанда тілекті білдірген уақыт) өткен шақ қалау рай формасында келеді.

We wish it were summer now (Қазір жаз болса ғой).
I wish I passed my exams (Мен емтихандарды тапсырсам ғой).
Толықтауыш функциясындағы бағыныңқылы сөйлемдегі іс­ әрекет сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болса, бұрынғы жедел өт­ кен қалау рай формасы келеді.
I wish I had learnt English then (Менің сол кезде ағылшын тілін үйренбегенім өкінішті).
I wish I had passed my exams (Менің емтихандарды тапсырмағаным өкінішті).
Екінші, үшінші жақта айтылған бағыныңқы сабақтас сөйлем осы шаққа не келер шаққа қатысты болса, «would» етістігімен қалау райдың аналитикалық формасы жұмсалады.
I wish you would explain the terms of the contract (Мен сіз­ дің келісімнің шарттарын түсіндіргеніңізді қалаймын). I wish our team would win the game (Мен біздің команда­ мыздың жеңгенін қалаймын).
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет