Грамматикасы


Қалау райдың құрмалас сөйлемде келуі



бет67/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Қалау райдың құрмалас сөйлемде келуі


Қалау рай формасы басыңқы не бағыныңқы сөйлемдерде не­ месе олардың екеуінде де қолданылуы мүмкін және құрмалас сабақтас сөйлемнің төмендегідей түрлерінде қолданылады:

    • Қалау рай бастауыш бағыныңқылы құрмалас сабақтас сөй­ лемде келеді.

Ағылшын тілінде бастауыш бағыныңқылы құрмалас сабақтас сөйлем бар. Қазақ тілінде құрмалас сабақтас сөйлемнің мұндай түрі жоқ. (Құрмалас сөйлем жайлы жан­жақты мәлімет синтаксис бөлімінде түсіндіріледі). «Іt» есімдігінен басталатын бастауыш бағыныңқылы сабақтас сөйлемде қалау райдың формаларының қолданылуы басыңқы сөйлемнің баяндауышының лексикалық мағынасына байланысты болады.
а) қалау райдың аналитикалық формасы «should» және тұйық етістік тіркесі ақыл­кеңесті не қажеттілікті білдіретін «it is impor- tant» («necessary, obligatory, desirable, urgent, advisable») жақсыз сөйлем конструкциясынан кейін келеді.
It is important that we should attend the lecture (Біздің лекцияға қатысқанымыз маңызды).
It is necessary that they should come at 5 o’clock (Олардың сағат бесте келуі қажет).
It is advisable that he should analyze the situation (Оның жағдайды талқылап алғаны абзал).
ә) қалау райдың осы формасы ұсынысты, бұйрықты, шешімді білдіретін ырықсыз етіс контрукциясынан кейін келеді.
It is decided that we would join students’ society at our university (Біздің университеттегі студенттер қоғамына кіретініміз шешілді).
It was arranged that examination results should be posted in the departments (Емтиханның нәтижесі факультетте іліну керектігі келісілді).
It is suggested that he would rewrite the test (Оған бақылау жұмысын қайта жазу ұсынылды).
It was demanded that we should carry on the experiment (Біздің тәжірибені жүргізуіміз талап етілді).
It was recommended that the child shouldn’t take medicines (Балаға дәрі ішпеуге кеңес берілді).
It is required that candidates should use no other paper at the examination (Талапкерлерден емтиханда ешқандай басқа қағаз пайдаланбауы талап етілді).
It was arranged that organizers should prepare everything until the exhibition opened (Ұйымдастырушылардың көр­ меге ашылғанға дейін бәрін дайындап қоюы белгіленді).


Еск ер т у. Ресми тілде аналитикалық форманың орнына осы шақ қалау рай келеді.
It was settled that the meeting is held at 6 o’clock.
Жоғарыда келтірілген мысалдардың бәрінде де бағыныңқылы сөй­ лемдегі іс­әрекет осы шаққа не келер шаққа қатысты. Осыған байланыс­ ты «should»етістігінен кейін мұндай конструкцияларда жедел өткен шақ келмейді.
Әдетте бастауыш бағыныңқылы құрмалас сабақтас сөйлемнің ба­ сында «that» жалғауы келеді.
Қалау райдың өткен шақ формасы «it is (was) time, it is high time, it is about time» тіркестерінен кейін келеді.
It is time they began their study (Қазір олардың оқуын бастайтын уақыты келді).
It was high time you understood the matter (Сіздің мәселені түсінетін уақытыңыз жетті).
It is about time she refused to give any evidence (Бұл шамамен оның айғақтама беруден бас тартқан кезі болатын).
(Мұндай конструкцияларда шақтардың қиылысу ережесі cақталмайды).



    • Қалау рай баяндауыш бағыныңқылы сабақтас сөйлемде келеді.

Қазақ тілінде бағыныңқылы сөйлемнің мұндай түрі жоқ. Сөйлемнің мұндай түрінде қалау райдың формасы басыңқы сөй­ лемнің бастауышының лексикалық мағынасына немесе дәнекер­ леуші (байланыстырушы) етістікке байланысты болады.
а) басыңқы сөйлемнің бастауышы «wish, suggestіon, aіm, con- dіtіon, іdea» т.б. абстрактілі етістіктерден жасалғанда, қалау рай­ дың (барлық жақта) аналитикалық формасы «should» етістігімен келеді.
Her aim was that her English should be improved (Оның мақсаты ағылшын тілін жетік білу керектігі (екендігі) болды).
His idea was that everybody should treat others with re­ spect (Оның ойы әрбір адам басқаларға құрметпен қарау керектігі (туралы) болатын).
ә) дәнекерлеуші «be, feel, look, seem» т.б. етістіктерден кейін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет