«Must» және «may» модаль етістіктерінің мағынасын салыстыру:
екі модаль етістіктің екеуі де болжалдылық мағынасын білдіргенде қолданылады, бірақ бірінің орнына бірі ауысып қолда нылмайды. «May» модаль етістігі күдікті, күмәнді, болжамды білдірсе, «must» етістігі күмәнсіз болжамды білдіреді.
He isn’t at the lesson today (Ол бүгін сабақта жоқ). He may be ill (Ол ауырып қалуы мүмкін).
Olzhas doesn’t answer the telephone call (Олжас телефон қоңырауына жауап бермейді).
He must be sleeping (Ол ұйықтап жатқан болу керек).
екі етістік те болымсыз сөйлемдерде келгенде тыйым салу мағынасын білдіреді. Бірақ та «may» етістігі бұл мағынада сирек қолданылады. Рұқсат сұрай айтылған сұраққа болымсыз жауап берілгенде «mustn’t» немесе «can’t» тіркесі келеді.
May I lend your pen? (Сіздің қаламыңызды алуға бола ма?) No you can’t. No, you mustn’t (Болмайды).
«To have to» етістігі
«To have to» етістігінің басқа модаль етістіктерінен айырма шылығы – оның етістікке тән барлық сипаттары, яғни тиянақсыз,
тиянақты формалары бар. Бұл етістіктің болымсыз және сұраулы түрі негізгі етістік сияқты, белгісіздік осы шақ және келер шақ тарда көмекші «do(does), did» етістіктері арқылы жасалады.
«To have» етістігі сөйлеу жағдаятына байланысты қажеттілікті, міндеттілікті, мәжбүрлікті білдіреді. Бұл мағынасында сөйлемнің барлық коммуникативтік түрінде кездеседі және «to» шылаумен келген негізгі етістіктің тұйық түрімен тіркесіп келеді.
I live far from the university (Мен университеттен алыс тұрамын). So I have to get up early not to be late for my classes (Сондықтан маған сабақтан қалып қоймас үшін ерте тұруға тура келеді).
As it was raining we had to stay in (Далада жаңбыр жауып тұрғандықтан, бізге үйде қалуға тура келді).
Did you have to get up early yesterday? (Кеше сізге ерте тұруға тура келді ме?) – No, I didn’t have to get up early yesterday (Жоқ, кеше маған ерте тұруға тура келген жоқ/ Кеше мен ерте тұруға мәжбүр болғаным жоқ).
I don’t have to get up on Sundays (Маған демалыс күндері ерте тұруға тура келмейді/қажеті жоқ).
Ауызекі тілде «to have» етістігінің орнына модальдық мағына сында «to have got» тіркесі келеді және бұл тіркестің сұраулы және болымсыз түрінде көмекші «do (does), did» етістіктері келмейді.
I have got to get up early (Маған ерте тұруға тура келеді). Have you got to get up early? (Сізге ерте тұруға тура келе ме?)
Why have you got to get up early? (Неге сізге ерте тұруға тура келеді?)
He had got to rewrite the exercise yesterday (Оған кеше жаттығуды қайта жазуға тура келді).
She hasn’t got to get up early on Sundays (Оған демалыс күндері ерте тұруға тура келеді).
«To be (to)» модаль етістігі
«To be» етістігінің модаль етістік ретінде белгісіздік осы шақ және өткен шақ формалары бар. Әдетте бұл етістіктен кейін негізгі етістік осы шақ формасында келеді.
«To be» модаль етістігі мынадай мағыналарды білдіру үшін қолданылады:
Алдын ала жасалған жоспар, келісімге байланысты қажетті лікті білдіреді.
They are to take
Достарыңызбен бөлісу: |