Грамматикасы


Заттанған тұйық етістіктердің күрделі баяндауыштың құрамында келуі



бет85/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Заттанған тұйық етістіктердің күрделі баяндауыштың құрамында келуі


Заттанған тұйық етістік күрделі толықтауыш, күрделі баста­ уыш және «for» шылауымен келетін күрделі конструкцияларда жиі келеді.

Күрделі толықтауыш


(Заттанған тұйық етістікпен келетін толықтауыш)
Мұндай күрделі тіркестерде заттанған етістік сабақты етіс­ тіктерден кейін келетін толықтауыш қызметін атқарады. Өзінен кейін күрделі толықтауыш келетін сабақты етістіктерге «want, wish, expect, help, ask, mean, intend. Like, preper, tell, order, advise,
allow, permit, forbid, make, let және сезімді білдіретін see, hear, feel, watch, notice, observe» етістіктері жатады.
We expect him to be a good student (Біз оны жақсы студент болады деп күтеміз).
The offiser ordered the soldiers to stay in their places (Офицер жауынгерлердің өз орындарында қалуын бұйырды).
The teacher didn’t allow her pupils to go out (Мұғалім оқушылардың сыртқа шығуына рұқсат бермеді).
She noticed three men sit in the corner of the room (Ол үш кісінің бұрышта отырғанын байқады).
He told us to hand in our writing (Ол бізге жазғанымызды жинап беретінімізді айтты).
The superviser advised them to consider the suggestion. (Басшы ұсынысты қарауымызға кеңес берді).
«Let, have, make» етістіктері мен сезімді білдіретін етістік­ терден кейін заттанған етістік «to» шылауынсыз келеді.
Let the children play in the garden (Балалар бақта ойнасыншы). He made us wait for him for a long time (Ол бізді ұзақ уақыт күттіріп қойды).
We saw many birds fly in the sky (Біз аспанда ұшып жүрген көп құстарды көрдік).
She heard somebody speak in the next room (Ол келесі бөлмеде біреудің сөйлегенін естіді).


Ескерту. 1. «feel» етістігі ақыл­ой, танымын білдіргенде, ол «to thіnk» етістігінің мағынасына жақын. Бұл етістіктен кейін заттанған етістік to шылауымен келеді.
They considered the price to be reasonable (Олар бағаны ойға қонымды деп есептеді).
2. «Know, help» етістіктерінен кейін заттанған етістік «to»
шылауымен де, шылаусыз да келеді.
I help my mother (to) cook the dinner (Мен апама тамақ дайындауға көмектестім).
I know the children (to) go the camp (Мен балалардың лагерьге кеткенін білемін).
(Дегенмен, көп жағдайда, әсіресе ағылшын тілінің британдық нұсқа­ сында «help» етістігінен кейін заттанған етістік «to» шылауымен келеді.
Reading will help you to improve your English (Оқу сіздің ағылшын тілін жетік білуіңізге септігін тигізеді).
This dictionary will help you to translate the text better (Сөздік сіздің мәтінді жақсырақ аударуыңызға көмектеседі).
«Know» етістігінен кейін, әдетте тек бір нәрсенің жағдайын білдіре­ тін «to be» етістігінен басқа етістіктермен бірге «to» шылауы келмейді.
We have known Darwin be a great scientist (Біз Дарвиннің үлкен ғалым екенін білеміз).
He knew her be kind with childrden (Ол оның балаларға мейірімді екенін білетін).
Бұл сөйлемдерде «be» етістігі адамның біреуге қарым­қатынасына, мінез­құлқына қатысты қолданылып тұр, сондықтан ол заттың күйінен гөрі іс­әрекетті білдіреді. Бірақ та кейбір жағдайда етістік «to» шылауы­ мен келеді.
They knew him to be the only supporter of the family (Олар оның жанұяның жалғыз асыраушысы екенін білетін).
I have known Rose to be a famous singer (Мен Розаның атақты әнші екенін білемін).
Жалпы алғанда, заттанған етістіктерді күрделі толықтауышпен (ағылшын тілінде толықтауыш бағыныңқылы құрмалас сөйлем) ауысты­ руға болатын болса, заттанған етістікпен «to» шылауы келмейді.
They knew that she was a famous actress in the world (Олар оның дүниеге танымал әртіс екенін біледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет