Грамматикасы



бет80/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

«Should, ought» модаль етістіктерінінің мағыналарын салыстыру
Бұл екі модаль етістікті, алдымен, «must» модаль етістігімен салыстыру керек. «Must» модаль етістігі бұл екі модаль етістікке қарағанда іс­әрекеттің бұйрықпен не біреудің итермелеуі арқылы орындалуын білдіреді.
«Should, ought» модаль етістіктері жай, қарапайым түрдегі міндеттілікті білдіреді. Бұл екі модаль етістіктің мағыналарының арасында айтарлықтай көп айырмашылық жоқ. Сондықтан да сөйлемде бірінің орнына бірі ауысып қолданыла береді.
You ought to sunbathe till eleven o’clock. You should sun- bathe till eleven o’clock (Сіз сағат он бірге дейін күнге қыздырынуыңыз керек).
You ought to have sunbathed till eleven o’clock. You should have sunbathed till eleven o’clock (Сіз сағат он бірге дейін күнге қыздырынуыңыз керек еді).
You should wear uniforms at school (Сіз мектепке бірыңғай киім киюіңіз керек).
He ought to have put on his warm clothes (Ол жылы киімдерін киюі керек еді).
He should have gone to the airport to meet the delegation (Ол делегаттарды қарсы алуға әуежайға баруы керек еді). She ought not to have delayed her trip (Ол сапарын кейінге қалдырмауы керек еді).
He shouldn’t have gone out when it was raining (Ол жаңбыр жауып тұрғанда далаға шықпауы керек еді).
«Should» модаль етістігі мен «ought» етістіктерінің арасындағы мағыналық айырмашылығы – «should» модаль етістігі жеке адам­ ның пікірін білдіреді, ал «ought» етістігі жалпыға бірдей қойылатын талапты, жұрт мойындаған ресми пікір, көзқарасты білдіреді.
Everyone should vote in general elections if he wants to (Егер қаласа, әрбір адам өзі сайлауда дауыс беруі (тиіс) керек).
You ought not to do things against the law (Сіз заңға қайшы келетін іс­әрекет жасамауыңыз керек).
He ought to pay his fees in time (Ол төлем ақысын уақытында төлеуі керек).
They should get a permission from the college office (Олар институт әкімшілігінен рұқсат алуы керек).
Students ought to attend minimum of 80% of their classes (Студенттер кем дегенде сабақтың 80%­на қатысуы (тиіс) керек).
We know that all tasks shoud be done correctly (Біз барлық тапсырма дұрыс орындалуы керек екенін білеміз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет