Грамматикасы


СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ



бет113/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ


Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін толықтырушылар деп те атайды. Мұндай сөйлем мүшелеріне анықтауыш (зат есімді то­ лықтыратын), толықтауыш және пысықтауыш (етістікті толықты­ ратын) жатады.


АНЫҚТАУЫШ


Анықтауыш – зат есімді не зат есім орнына жүретін сөздерді толықтырып айқындап тұратын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
Өзі анықтайтын тұлға сөзден (зат есімнен) кейін келетін анықтауыш жай сөзден емес, сөз тіркесінен жасалады.
Құрылысы жағынан анықтауыш өзінің сөйлемдегі орны ар­ қылы анықталады. Анықтауыш қызметін атқарғанда сілтеу есім­ діктері өзі қатысты зат есіммен түр жағынан қиылысады.
Семантикалық жағынан өз анықтайтын сөзге қатысты сан алуан мағынаны білдіреді. Анықтауыш мағынасына қарай сапа­ лық, сандық, жағдаяттық болуы мүмкін.


Анықтауыштың жасалу жолдары


Анықтауыш мынадай сөздерден жасалады:

  1. Сын есім немесе сын есім орнына жұмсалатын есімдік The young man looked very unhappy (Жас жігіт өте бақытсыз көрінді).

He decided to go to the ship and have a good sleep (Ол кемеге барып, жақсылап ұйықтауды ұйғарды).
I looked up a school friend of mine (Мен өзімнің мектептес досымның мекен­жайын анықтамадан іздеп таптым).

  1. Зат есім немесе шылаумен тіркесіп келген зат есім He bought a gold watch (Ол алтын сағат сатып алды).

This is a story of an old sailor (Бұл қарт теңізшінің әңгімесі).
He couln’t forget his father’s house on the shore (Ол өзінің әкесінің жағадағы үйін ұмыта алмайды).
The dean’s office is on the second floor (Деканат екінші қабатта).

  1. Есептік немесе реттік сан есім

He decided to be a biologist at the tenth grade (Оныншы сыныпта жүргенде ол биолог болуды ұйғарды).
We have four classes every day (Бізде күнде төрт сабақ болады).

  1. Үстеу

He found some change in an inside pocket (Ол өзінің ішкі қалтасынан біраз майда ақша тапты).

  1. Етістік немесе күрделі етістік

We saw a sleeping man in a little boat (Біз кішкентай қайықта ұйықтап жатқан кісіні көрдік).
They could find a crowd followed them all the way (Олар бү­ кіл жол бойы өздерінің соңынан ерген топқа тап болды). The teacher gave a task to do at home (Мұғалім үйде орындауға тапсырма берді).
You have a right to take a floor (Сіздің сөз алуға құқыңыз бар).
Give me something to read at home (Маған үйде оқитын бір нәрсе беріңізші).
Thіs іs a book read and enjoyed by young and old (Бұл кітапты жас та, кәрі де оқып рақаттанады).
He must have an idea of his own coming out the difficult situation (Қиын жағдайдан қалай шығу жолын оның өзі білуі керек).

  1. Күрделі анықтауыш

She was a girl from the bottom of his heart (Ол оның жүрегінің тұңғиығында жатқан (қиялындағы) қыз еді). Mr. Dix looked at the winter-faced young man in front of him (Викс мырза өзінің алдында тұрған қатқыл жүзді жас жігітке қарады).

  1. Анықтауыш бағыныңқылы сөйлем (Ағылшын тілінде құрмалас сабақтас сөйлемнің анықтауыш бағыныңқы түрі бар)

Mr.Smith told the whole story to the watchman whom they
had found sitting on sofa smoking a pipe (Смит мырза барлық әңгімені жұмсақ орындықта темекі шегіп отырған бақылаушыға айтып берді).
He left the town where he spent his childhood with his par- ents (Ол өзінің ата­анасымен жастық шағын өткізген қаладан кетті).
Сын есім жасаудың үлкен бір түрі – анықтауыш тіркесті әр­ түрлі сөз табынан жасалатын күрделі сөздер. Оларды жайылма анықтауышты тіркес (топ) деп атайды. Мұндай күрделі анық­ тауышты тіркестің құрамындағы сөздер өзі анықтайтын тұлға сөзбен тікелей немесе жанама байланысуы мүмкін.
Mr.Heard began to feel that he had under rated the mate’s swimming powers (Хард мырза көршісінің суда жүзу қабілетін кем бағалағанын сезе бастады).
The house stood in a lonely wild part of the country (Үй елдің жалғыз қалып жабайыланып кеткен бөлігінде тұрды).
The ticket was for a round-trip excursion to Rome which cost 474 dollars (Бұл 474 доллар тұратын Римге барып қайтатын билет еді).
In his old, shabby, walk-up, little apartment he was think­ ing about his failure in life (Өзінің ескі, тозығы жеткен кішкентай бөлмесінде өмірдегі сәтсіздіктері жайлы ойлап отыр еді).
He graduated from International institute of management, economics and prognostics (Ол халықаралық басқару, экономика және болжау институтын бітірді).
Жайылма анықтауышты тіркес ресми, әдеби, ғылыми және көркем әдебиет стильдерінде кеңінен қолданылады.
Кейде сөйлемнің экспрессивтік реңкін аша түсу үшін жайылма анықтауышты тіркес өзі анықтайтын сөздің алдында да келеді.
But for him the driver’s «The expressway was jammed with traffic but we might just make it» phrase wouldn’t do (Бірақ оған жүргізушінің «Жолда кептеліс, бірақ біз үлгереміз» дегені жарамайды (көңіліне қонбайды).
He read a kind of I expect to have some good news soon expression in her eyes (Ол оның көзінен «жақын арада бір жақсы жаңалық күтемін» деген сияқты сөздерді оқыды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет