Грамматикасы


Толықтауыштың сөйлемдегі орны



бет118/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Толықтауыштың сөйлемдегі орны


Грамматикалық жағынан толықтауыш баяндауышпен орын тәртібі арқылы байланысады.
Тура толықтауыш ереже бойынша егер оның алдында жанама толықтауыш болмаса, баяндауыштан кейін тұрады.
The sailor told us an interesting story (Теңізші бізге қызық әңгіме айтып берді).
Тура толықтауыш мынадай жағдайларда сөйлемнің басында келеді:

  1. Арнаулы сұрақта сөйлемнің басында тұратын сұрау есім­ дігінің орнына жұмсалғанда:

What dіd you buy? (Сіз не сатып алдыңыз?)

  1. Сөйлемдегі екі ойды байланыстыру үшін қолданылғанда: He was desperate. His desperation a blonde girl noticed at once (Ол түңілген) (Оның түңілгенін ақ сары қыз бірден байқады).

  2. Стилистикалық мақсатта сөйлемді әсерлі ету үшін: Autograph she got. An interview she didn’t (Қолтаңба алды. Сұхбаттама алған жоқ).

What a charming smile the child has (Күлкісі қандай әдемі еді баланың).
Сөйлем мүшелерінің жартылай орын ауыстыру нәтижесінде тура толықтауыш сөз басында келуі мүмкін.
Not a single cloud he saw in the sky (Ол аспаннан шөкімдей де бұлт көрген жоқ).
Тура толықтауышқа баса мән берілгенде ол сөйлемнің соңын­ да, пысықтауыштан кейін тұрады. Мұндай жағдайда оны күрделі анықтауыш анықтап тұрады. Мұндай жағдайда толықтауышпен күрделі анықтауыш келеді.
He threw away from the shelf manuscpripts of his novels (Ол сөреден романдарының қолжазбасын алып тастады).
Жанама толықтауыш сөйлемде өзі міндетті түрде бірге келетін (ережеге сәйкес) тура толықтауыштың алдында тұрады.
The waitress suggested us fried potato (Даяршы бізге қуырылған картоп ұсынды).
Тек «іt» есімдігі тура толықтауыш қызметінде тұрғанда ғана жанама толықтауыш тура толықтауыштан кейін тұрады.
Show us them (Бізге оларды көрсетіңіз).
Шылаулы толықтауыш көп жағдайда тура толықтауыштан кейін келеді. Бірақ кейде толықтауышқа аса мән беріп, баса назар аударту үшін сөйлемнің басында да келеді.
My mother bought it for me (Мұны апам маған сатып алды). To the others he gave no thought (Басқаларды ол ойлаған да жоқ).
Сөйлем мүшелерінің орын ауысуына байланысты да шылаулы толықтауыш сөйлем басында келуі мүмкін.
To this question we’ll turn once again (Бұл мәселеге біз қайта ораламыз).
For some people it is an unusual thing (Кейбір адамдар үшін бұл тосын нәрсе).
Кей кезде, әсіресе шылаулы толықтауыш «to» шылаулы тіркес түрінде келсе, шылаулы толықтауыш тура толықтауыштың алдында келеді.
Ada turned to Betty the light (Ада Бэтиге жарықты бұрды). She sent to me a letter with sime pictures (Ол маған ішінде суреттері бар хат жіберіпті).
Шылаулы толықтауыштың кейде баяндауышпен алшақ бай­ ланысып, сөз басында келуі оған аса мән, мағына бергенді білдіреді.
For my grandmother gardening is pleasure relaxing (Менің әжем үшін бағбандық – рахат демалыс).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет