Грамматикасы


ЭМФАТИКАЛЫҚ КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕМ



бет133/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

ЭМФАТИКАЛЫҚ КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕМ


Жоғарыда қарастырылған күрделі сөйлемдермен бірге ағыл­ шын тілінде өз алдына бөлек талдауды қажет ететін сөйлемнің айрықша түрі бар. Оларды эмфатикалық күрделі (құрмалас са­ бақтас) сөйлемдер деп атайды. Олар сөйлем ішіндегі бір сөзге немесе сөз тіркесіне баса назар аударту үшін қызмет етеді.
Эмфатикалық сөйлемнің құрылымы «іt іs/ was» + эмфатика­ лық сөз + бағыныңқы сөйлем (сөз тіркесі) конструкциясында бе­ ріледі. Бағыныңқы сөйлем «іt» есімдігінің орнына қолданылады. Егер сөйлемдегі ерекше назар аударатын сөз (эмфатикалық сөз) зат есімнен зат есім тұлғалы тіркестен не шылаусыз келген

Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
есімдіктен жасалса, бағыныңқы сөйлем онымен «who, whіch» есімдіктерімен, кейде «that» есімдігі арқылы немесе жалғау­ лықсыз байланысады.
Іt was Barton who had stolen the money and had used it (Ақшаны ұрлап, пайдаланып жүрген адам Бартон екен). It’s Bill who is interested in having you paint a small por­ trait of her daughter (Қызының кішкентай портретін сізге салғызғысы келген кісі – Билл ғой).
This is what I always say when Leila cleans the studio (Міне, осы менің Лейла студияны тазалағанда ылғи да айтатыным).
It’s illness, which kept him in bed so long time (Ауру ғой, оны төсекке ұзақ уақыт таңып қойған).
It’s wind that made trees lean over to one side (Бұл жел ғой, ағашты бір жағына қарай қисайтқан).
Басқа жағдайларда сөйлемнің эмфатикалық элементі шы­ лаулы тіркестен, үстеуден, (бағыныңқы) сөйлемнен т.б. жасал­ ғанда, бағыныңқы сөйлем онымен «that» жалғаулығы арқылы байланысады, ал жалғаулықсыз байланысатын жағдайлар сирек кездеседі.
It was in the studio that she saw one of the early portraits (Ол алғашқы портреттердің бірін көргені студияда болатын). It was then, after twenty years, they renewed their boyhood friendship (Бұл кейін, жиырма жылдан кейін ғой, олар өздерінің балалық шақтағы достығын жаңғыртқаны).
Эмфатикалық сөйлемдер эмфатикалық емес сөйлемдердің өзгерген түрі деп есептеуге болады. Сөйлемдегі эмфатикалық элемент эмфатикалық емес сөйлемнің баяндауыш пен анықта­ уыштан басқа кез келген бір мүшесіне сәйкес келеді.
It was Julia who supported us with money (Julia supported us with money) (бастауыш) (Бізді ақшамен қамтамасыз еткен Джулиа болатын).
It was a new computer they bought (They bought a new computer) (Бұл олар сатып алған жаңа компьютер еді). It was in Paris he saw a picture in the finest shop (He saw a picture in Paris) (Оның керемет дүкеннен суретті көргені Парижде болатын).


296
КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕМНІҢ АРАЛАС ТҮРЛЕРІ


Кейде күрделі сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір­ бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысуы мүмкін. Мұндай сөйлемдерді салалас­сабақтас құрмалас немесе сабақтас­салалас сөйлем дейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет