If I were you I wouldn’t take so much medicines (Мен сіздің орныңызда болсам, мұнша көп дәріні ішпес едім).
He’ll go to work if he doesn’t enter the university (Егер университетке түсе алмаса, ол жұмыс істеуге барады). You can leave a message in case he isn’t at home (Егер ол үйінде жоқ бола қалған жағдайда, сіз оған хат тастап кетуіңізге болады).
Candidates are allowed into the examination room on condi- tion the senior invigilator has given his permission to en- ter (Егер аға оқытушы рұқсат қағазын берген жағдайда, талапкерлерге емтихан бөлмесіне кіруге рұқсат етіледі).
«Provіded, on condіtіon» жалғаулықтары да ресми тілде қолданылады.
Шартты бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлеммен жалғау лықсыз да байланыса алады. Мұндай жағдайда бағыныңқы сөй лем мүшелерінің орын тәртібі өзгереді.
Had she followed our advice she wouln’t have such a trouble (Біздің ақылымызды тыңдағанда, ол мұндай қиындыққа тап болмас еді).
Should Tom come, tell him to wash the car (Том келсе, машинаны жусын де).
Were there a power of justice in life, the guilty would be punished instead of the innocent (Өмірде әділдік деген күш бар болса, жазықсыздың орнына жазықты (кінәлі) жазаланар еді).
Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышының шақ фор масы шарттың түріне байланысты болады, яғни іске асатын не іске аспайтын ісәрекет; ісәрекеттің осы шаққа, өткен шаққа, келер шаққа қатысты болуына байланысты. Іске асатын ісәрекетті білдіретін шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы ашық рай формасында келеді (басыңқы сөйлемнің баяндауышы да ашық рай не бұйрық рай формасында келеді).
а) егер ісәрекеттің шарты осы шаққа не келер шаққа қатыс ты болса, шартты бағыныңқылы сөйлемнің бандауышы осы шақ формасында келеді.
I always visit my parents if I have free time (Бос уақытым болғанда, мен ылғи досыма барып тұрамын).
If you work hard at English, you’ll be able to speak it well (Егер ағылшын тілінен көп жұмыс істесеңіз, жақсы сөйлей алатын боласыз).
You can take my dictionary, if you want to translate the text (Егер мәтінді аударғыңыз келсе, менің сөздігімді алуыңызға болады).
We’ll wait for him if he joins us (Егер ол бізбен барса, біз оны күтеміз).
ә) егер шартты ісәрекет өткен шаққа қатысты болса, шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы да өткен шақ формасында тұрады.
If Drioli agreed with the owner he would live as his guest in luxury and comfort (Егер Дриоли қожайынмен келіссе, ол оның қонағы ретінде молшылық пен жайлы жағдайда өмір сүрер еді).
If one were to offer this old man enough money he might consent to kill himself on the spot (Егер біреу бұл қарт кісіге жеткілікті ақша берсе, ол өзін сол жерде өлтіруге келісер еді).
Іске аспайтын шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қалау райда келеді, ал басыңқы сөйлемнің баяндауышы ашық рай, бұйрық рай немесе қалау рай формасында тұрады.
а) егер ісәрекеттің шарты осы шаққа не келер шаққа қатыс ты болса, шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қалау райдың өткен шақ формасында немесе аналитикалық формада («should + тұйық етістік») осы шақ формасында, ал басыңқы сөйлемнің баяндауышы «should/ would» модаль етістіктері мен негізгі етістіктің (етістіктің бірінші формасында) осы шақ форма сында келеді.
If you asked him better, he would help you (Егер сіз одан жақсылап өтінсеңіз, ол сізге жәрдемдесер еді).
If he should come, I’ll asked him to help me (Егер келсе, мен оның маған көмектесуін өтінер едім).
ә) егер шартты бағыныңқылы сөйлем өткен шаққа қатысты ісәрекетті білдірсе, баяндауышы қалау райдың жедел өткен шақ формасында тұрады (ал басыңқы сөйлемнің баяндауышы should/ would модаль етістіктері мен негізгі етістік жедел өткен шақ формасында келеді).
If Tom hadn’t been ill, he would have passed all his exams (Егер Том ауырып қалмағанда, емтиханның бәрін тапсыратын еді).
If she had had enough English books at home she wouldn’t have buy them (Егер оның үйінде ағылшын тілінде жеткілікті кітаптары болғанда, оларды сатып алмас еді).
б) егер бағыныңқы сөйлемдегі ісәрекет келер шаққа қатысты болса, шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы «were to» + тұйық етістік конструкциясында келеді.
If she were to do any important task, she would do it in the
best way (Егер ол қандай да бір маңызды тапсырманы орындауы керек болса, онда ол оны жақсылап орындар еді).
If he was engaged to supervise the production, he would make a strict routine (Егер оны өндірістің басқарушысы етіп тағайындаса, ол қатаң тәртіп орнатар еді).
в) құрамында ісәрекеттің шарты өткен шаққа, ал нәтижесі осы шаққа немесе керісінше болатын шартты бағыныңқылы сөйлемнің аралас түрі бар.
If the child had put on warm clothes, he wouldn’t be ill now (Егер бала жылы киімін кигенде, оған қазір суық тимес еді).
If you had learned grammar rules, you wouldn’t have made so many mistakes (Егер сіз грамматикалық ережені оқығанда, осынша көп қате жібермеген болар едіңіз).
If he wasn’t so busy, he would have gone to the concert (Егер сонша қарбалас жұмыс болмағанда, ол концертке баратын еді).
7) Қарсылықты мағыналы пысықтауыш бағыныңқы сөйлем. Пысықтауыш бағыныңқы сөйлемнің бұл түрі басыңқы сөйлем мен «though, although, even, even though, however, no matter now, what, where» т.б. жалғаулықтар арқылы байланысады.
I didn’t feel tired though I worked much (Мен көп жұмыс істегенмен шаршағаным жоқ).
However long she tried to, she didn’t discover his true char acter (Ол қанша ұзақ уақыт тырысқанмен, оның нағыз мінезін көре алмады).
Although she worked all day long, her sallary was enough for food (Күні бойы жұмыс істегенмен, оның айлығы тамаққа ғана жететін еді).
Еск ер т у. «However» жалғаулығынан кейін міндетті түрде сын есім не үстеу тұрады. Болжалдық мағынаны білдіретін пысықтауыш бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы «may/mіght» модаль етістіктері мен негізгі етістік тұйық түрінде келеді.
However attentive he is, he may make some mistakes (Қанша зейінді болғанмен, ол қате жіберуі мүмкін.)
However winter is warm, you might get a cold (Қыс қанша жылы болғанмен, сіз тоңасыз).
Мұндай конструкциялар ауызекі сөйлесу тіліне тән.
No matter what task is, you must do it as it is (Қандай тапсырма болмасын, сіз оны дұрыс орындауыңыз керек).
No matter how the weather is we must start for expedition (Қандай ауарайы болмасын, біз экспедицияға шығуымыз керек).
No matter what happens you must take it easy (Қандай нәрсеге тап болсаңыз да, сіз оны көңіліңізге алмауыңыз керек).
«No matter» жалғаулығынан кейін сын есім, үстеу немесе есімдік келеді.
Even if you take a taxi, you won’t reach the airport in thirty min utes (Тіпті такси алсаңыз да, отыз минутта әуежайға жете алмайсыз).
Even if he takes medicine it won’t help him (Тіпті ол дәрі ішсе де, ол оған көмектескен жоқ).
Қарсылықты мағынаны білдіретін мұндай конструкция келер шақ формасында келмейді.
Болмайтын, іске аспайтын болжалды білдіргенде шартты бағыныңқы сөйлемдегі сияқты, пысықтауыш бағыныңқылы сөйлем де «even іf» жалғаулығынан кейін осы шақтың орнына
«should» модаль етістігі мен негізгі етістік тұйық етістік форма сында келеді.
Even if they should advertise their goods, they won’t be sold in short time (Тіпті олар өздерінің тауарын жарнамаласа да, оларды қысқа уақыт ішінде сата алмайды).
8. Қимылсын немесе салыстырмалы бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлеммен «as, as ... as, not so ... as than, as іf, as though» жалғаулықтары арқылы байланысады. Мұндай бағыныңқы сөй лемдегі ісәрекет басыңқы сөйлемнің баяндауышындағы білді ретін ісәрекетпен салыстырылып қарастырылады. Демек, қимылсынды білдіретін мағына салыстырмалы мағынамен араласып келеді.
Students came at seven o’clock, as the teacher told them (Ол мұғалім айтқандай, сағат жетіде келді).
He looked as tired as he had sounded (Ол сөйлегенінен байқалғандай, шаршаңқы көрінді).
Andrew was shaken as if the very ground had opened under his feet (Эндрю аяғының астындағы жер қақ айырылған дай теңселіп кетті).
Her looks was more than superiority (Оның көзқарасы менмендіктен де жоғары еді).
There not so many people as he expected (Ол күткендей, онда сонша көп адам болған жоқ).
Еск ер т у. «as іf, as though» жалғаулықтарынан кейін салыстыр малы пысықтауыш бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қалау рай фор масында келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |