Зат есімді сөз тіркестерімен келетін артикльдер
Әртүрлі анықтауыш түрлерімен тіркесіп келген зат есіммен белгілі не белгісіз артикльдің келуі онымен тіркесіп келген анық тауыштың мағынасына байланысты болады:
the very person (сол кісі) ( кез келген адам емес, белгілі бір кісі ғана);
the very story – сол әңгіме (жалпы не кез келген әңгіме емес, сол белгілі бір әңгіме);
the only way – жалғыз ғана жол (көп тәсіл жоқ, бірақ жол, бірденбір жол);
алдында анықтауышы бар зат есіммен келген белгісіз артикль зат есімге жалпылама мағына береді:
an easy way – оңай жол (әйтеуір бір, кез келген оңай жол) a long story – ұзақ әңгіме (кез келген әңгіме)
a difficult situation – қиын жағдай (кез келген, кездесіп қалатын жағдай)
Еск ер т у. Әдетте белгілі артикль анықтауыштың күшейтпелі шырай формасындағы сын есімнен жасалғанда адамның, заттың өзіне ғана тән ерекшелігін көрсету үшін қолданылады: The largest room. The most dіffіcult task.
Ал сын есімнің күшейтпелі шырайынан жасалған анықтауышпен келген зат есімнің алдында белгісіз артикль келсе, ол зат есімнің сапасын үстемелеп көрсетеді.
It was a most splendid work of Art (Бұл бір өнердің ең тамаша (қайта ланбас) туындысы еді).
Зат есім реттік сан есіммен тіркесіп келгенде, онымен бірге белгілі артикль келеді:
The fіrst disagreement. The second thing you must take into consideration is... (Бірінші (алғашқы) келіспеушілік. Сіздің еске ұстайтын екінші нәрсеңіз...).
Ал егер сан есім заттың ретін емес, «тағы бір, екінші» деген мағынаны (сандық ұғымды) білдіргенде белгісіздік артикль келеді:
The fіrst proposal he recіeved when he was just a begіnner in business (Бірінші (алғашқы) ұсынысты ол іскерлікті жаңа ғана бастаған кезде алды);
Then he recіeved a second, thіrd suggestіon and so on (Сосын оған екінші, үшінші ұсыныстар әрі қарай түсе бастады);
өзінен кейін келген анықтауышы бар зат есіммен бірге келетін белгілі артикль зат есімнің мағынасын шектеп, яғни
«белгілі бір, жекелеген» деген мағына береді.
The book of a student – студенттің кітабы (әйтеуір бір, кез келген немесе жалпы кітап емес, белгілі біреудің (студенттің) меншігіндегі кітап);
А book of a student. Студенттің кітабы («a book» (кітап) сөзі кез келген, әйтеуір бір, жалпы «студенттің кітабы» деген мағынасын білдіріп тұр);
In the case of – (мынадай жағдайда) белгілі бір жағдайда; In a case of – әйтеуір бір (кез келген) жағдайда.
Еск ер т у. 1. Егер «daughter, son, wife, husband» зат есім сөздері
«whose?» (кімнің) деген сұраққа жауап беріп тұрса, онда олармен бірге белгілі артикль келеді.
He has two children. The daughter goes to school. (Оның екі баласы бар. Қызы мектепте оқиды).
Children are at home. The mother is at her work now. (Балалар үйде.
Шешелері қазір жұмыста).
2. Зат есімнен кейін есептік сан есім келсе, ешқандай артикль келмейді.
Book 1, Lesson 3, June 5, Lesson No.5, page No.8, rule No.2.
Достарыңызбен бөлісу: |