Зат есімнен жасалған баяндауыш пен айқындауыш зат есімдермен келетін артикльдер
Әдетте құрамында зат есімі бар күрделі баяндауышпен бір ге белгісіз артикль келеді.
Gagarin is a cosmonaut (Гагарин – ғарышкер). He was a lawyer (Ол – заңгер).
Егер де баяндауыш қызметін атқарып тұрған зат есімнен кейін анықтауыш тұрса, онда ол зат есімнің алдында белгілі артикль келеді.
Gagarin is the cosmonaut who flied to the space first (Гагарин – ғарышқа бірінші боп ұшқан ғарышкер).
He was the lawyer who took charge of Barton’s affairs (Ол Бартонның ісін қорғауға келген заңгер еді).
Еск ер т у. Егер баяндауыш қызметін атқарып тұрған зат есім бір ғана адам тағайындалатын қызметті білдірсе, онда зат есімнің алдында артикль келмейді.
K.Masymov is Prime Minister of Kazakhstan (К. Мәсімов – Қазақстанның премьер министрі).
Who will be appointed Chairman? (Төрағалыққа кім тағайындалады?)
Сондайақ өзінен кейін айқындауышы бар (зат есімнен жа салған) зат есімдермен де артикль жоғарыда келтірілген ереже бойынша қолданылады.
His son, a boy of about six, goes to a nursery school (Оның ұлы, алты жасар бала балабақшаға барады).
Thіs іs Andrew, the actor, who was starring in this film (Бұл осы фильмде басты рөлде ойнаған әртіс – Эндрю).
Еск ер т у. Егер кісі атақты, әйгілі болса, зат есімнен кейін тұрған айқындауыш мүшемен бірге белгілі артикль келеді.
Bаurzhan Momyshuly, the Kazakh National hero is famous for his books, too (Қазақ ұлтының батыры Бауыржан Момышұлы өзінің кітаптарымен де әйгілі).
Ал басқа жағдайда (кісі аты танымал не әйгілі болмаған жағдайда) кісі атына қатысты зат есімнен жасалған айқындауыш мүшемен белгісіз артикль келеді.
Then Mr. Brown, a sale manager took the floor (Сосын сауда ісінің басшысы Браун мырза сөз алды).
Достарыңызбен бөлісу: |