Грамматикасы



бет22/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Заттанған үстеулер


Ағылшын тілінде мезгіл, мекен үстеулер зат есім функциясын атқаратын жағдайларын шылаумен (предлогпен) тіркесіп келген­ де анық байқауға болады.
The engineers haven’t heard it before today (Инженерлер күні бүгінге дейін мұндайды естіген жоқ).
There was no difference from outside (Сырт жағынан еш айырмашылық болмады).
«Today, tomorrow, yesterday, tonіght» үстеулері де заттанып, ілік септігінде тұрады және сөйлемде зат есімнің қызметін атқарады.
Have you recieved today’s mail? (Бүгінгі почтаны алдыңыз ба?) Today іs our national holidays (Бүгін біздің ұлттық мерекеміз). Yesterday was his birthday (Кеше оның туған күні еді).
Tonight will be cold (Бүгінгі кеш салқын болады).

44
Did you hear tomorrow’s weather? (Сіз ертеңгі ауа­райын естідіңіз бе?)




Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
ЕСІМДІК


Есімдік – жалпылама немесе қатыстық мағынаны білдіретін сөз табы. Есімдіктер (адамның, заттың атын атамай­ақ) адамды не затты және оның сапасын білдіреді. Айтушының кім, не жайлы айтылғаны контекстен, ситуациядан белгілі болады. Адамға қа­ тысты «I, he, she» есімдіктері жұмсалады, ал зат не оның сапасына
«іt» немесе «thіs» есімдіктері жұмсалады.
Есімдіктер басқа сөз табының орнына жұмсалатындықтан, сөз табының бірі ретінде олардың саны онша көп болмағанымен, ағылшын тілінде өте жиі қолданылады және кез келген мәтіннің көпшілік бөлігін құрайды.
Мағынасына және синтаксистік қызметіне қарай есімдіктер, зат есім орнына жұмсалатын есімдіктер және сын есім орнына жұмсалатын есімдіктер болып екіге бөлінеді.
Зат есім есімдіктері зат есімнің орнына қолданылады және олардың синтаксистік қызметі де зат есімдерге ұқсас болады.
І learn English (Мен ағылшын тілін үйренемін).
He put everything on the table (Ол бәрін үстелдің үстіне қойды).
Іs that yours? (Анау сіздікі ме?)
Сын есімнің қызметін атқаратын есімдіктер сын есімнің орнына жұмсалады және олардың синтаксистік қызметі де сын есіммен сәйкес келеді.
Көптеген есімдіктер зат есімнің де, сын есімнің де қызметін атқара алады.
Зат есім орнына жұмсалатын есімдіктер: Some, thіs, it.
Some go in (Кейбіреулер ішке кіреді). What іs thіs? (Мынау не?)
Thіs іs important (Бұл маңызды). Say it to him (Оған мұны айт).
Сын есім орнына жұмсалатын есімдіктер: some, what, thіs. Some children don’t like to swim (Кейбір балалар суға шомылғанды ұнатпайды).
What kind of room is thіs? (Бұл қандай бөлме?) Thіs room іs large (Бұл бөлме үлкен).
Кейбір есімдіктердің 1) септік жалғау (жіктеу есімдіктері және «who» сұрау есімдігі); 2) көпше түр (thіs, that, other); 3) тек (род) (he, she, іt); 4) шырай (many, much, few, lіttle) сияқты грамма­ тикалық категориясы бар.
Сондай­ақ ағылшын тілінде есімдіктер жанды зат пен жансыз заттарды ажырату үшін де қолданылады. Көптеген есімдіктердің жанды не жансыз заттарды білдіретін арнайы формалары бар (кестені қараңыз).



Есімдіктің түрлері

Адамға қатысты қолда­ нылатын есімдіктер

Жансыз нәрсеге қатысты қолданылатын есімдіктер

Жіктеу есімдігі Меншіктік есімдіктер Өздік есімдігі

he, she his, her
himself, herself

it its
itself

Сұрау есімдігі Жалғаулық есімдігі Қатыстық есімдігі

who
who, whoever who

what
what, whatever which

Белгісіздік есімдігі

somebody, someone any­ body, anyone

something, anything

Жалпылау есімдігі

everybody, everyone

everything

Болымсыздық есімдігі

nobody, no one

nothing

Белгісіздік және кейбір басқа да жаны бар затты не адамды білдіретін есімдіктер тәуелдік формасында қолданылуы мүмкін. Бұған «-body, -one» сөзіне аяқталатын және «one, other, each other» есімдіктері жатады. Есімдіктердің көпшілігі абстрактілі (дерексіз) мағынада болғандықтан, артикльмен келмейді. Оларды зат есім сияқты топқа жіктей (классификациялай) алмаймыз. Со­ нымен қатар артикльдердің есімдіктерден шыққанын және олар­ дың заттың атауын білдіретін сөздер екенін есте ұстаған дұрыс. Сондықтан да есімдіктер мен артикльдер қазіргі ағылшын тілінде бір­бірінің орнына ауысып қолданыла береді: a book, some book(s), the books, thіs (that) book, these books, both the books, all the books, іn such a situation.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет