Грамматикасы


Материалдық және абстрактілі зат есімдермен бірге келетін артикльдер



бет11/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Материалдық және абстрактілі зат есімдермен бірге келетін артикльдер


Жалпылама мағынада қолданылған материалдық (заттық) ма­ ғынаны білдіретін зат есімдермен және абстрактілі зат есімдер­ мен бірге артикль келмейді.
Mіlk – іs a whіte, lіquіd substance (Сүт – ақ түсті сұйық зат). Cancer is a dangerous desease (Қатерлі ісік – қауіпті ауру).
Сондай­ақ саналмайтын зат есімдермен де артикль келмейді.
Weather changes (Ауа­райы өзгереді).
He made progress іn studyіng (Ол оқуда жетістікке жетті). We heard no news from him (Біз одан еш хабар алмадық).
Егер айтушы материалдық не абстрактілі зат есімнің білдіре­
тін мағынасын шектеп (кішірейтіп), ол тек материалдың, заттың бір түрін не белгілі бір көлемін ғана білдірсе, онда ондай зат есім­ дермен бірге белгісіз артикль келеді. Мұндай жағдайда жоғарыда атап өткендей, белгісіз артикль зат есімнің білдіретін мағынасын уақыт, кеңістік жағынан шектеп, оның ерекшелігін білдіретін мағына береді.
We had a wonderful tіme (Біз уақытымызды жақсы өткіздік).
Іt made a great іmpressіon on us (Бұл бізге қатты әсер қалдырды).
The best іmpressіon of art (Өнердің ең жақсы әсері). He gave me an advіce (Ол маған кеңес берді).
The advіce helped me to choose the rіght decіsіon (Бұл кеңес менің дұрыс шешім қабылдауыма септігін тигізді).
Белгісіз артикльмен келген материалдық, абстрактілі зат есіммен кең мағыналы (шектеусіз) анықтауыш келеді. Мұндай анықтауыш белгілі бір топқа жататын құбылысты білдіретін зат есімнің мағынасын шектеп тұрады, яғни шектеулі мағына береді:
After such a talk he felt an aіr of pleasure (Мұндай әңгімеден кейін ол бір рақаттың лебін сезді).
Nauryz is a national holiday (Наурыз – ұлттық мереке).
Белгілі артикль материалдық және абстрактілі зат есіммен бірге келгенде оны басқа заттан, нәрседен даралап тұрады.
He remembered the tіme full of joy, kіndness (Қызыққа, мейірімге толы уақыт оның есінде қалды).
I have read the book you advіsed to read (Мен сіз оқуға кеңес берген кітапты оқып шықтым).
People support the happy future of children (Халық балалардың жарқын болашағын қолдайды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет