Грамматикасы



бет29/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Жалғаулық есімдіктер


Қазақ тілінде есімдіктердің мұндай түрі жоқ. Ағылшын ті­ лінде сөйлемнің зат есімді бөлігі деп аталатын, яғни сөйлемнің бастауыш, толықтауыш, баяндауыш мүшелері «who, whіch» есімдіктері арқылы беріледі. Мұндай есімдіктер септеулік мағы­ наны да, жалғаулық мағынаны да қатар білдіреді. Осы есімдіктер­ ден басталатын сөйлемдерде олар бастауыштың, толықтауыштың қызметін атқарады.
All what he told is unbelievable (Оның айтқандарының бәрі адам сенгісіз).
That’s what I want to mention (Міне, менің атап айтпағым да осы еді).
Can you tell us who else goes there? (Ол жаққа тағы кім баратынын айта аласыз ба?)
You must show whіch of them іs rіght (Сіз олардың қайсысы дұрыс екенін көрсетуіңіз керек).
Шылаумен тіркесіп келген толықтауыш бағыныңқылы сөй­ лемде «who» немесе «whom» есімдіктерінің жұмсалуы сол бағы­ ныңқы сөйлемдегі жалғаулық есімдіктің атқаратын қызметіне байланысты.
It must be sent who need (Бұл қажет еткенге (адамға) жіберілуі керек). (Бұл құрмалас сөйлемде «who» есімдігі бағыныңқы сөйлемнің бастауышы қызметін атқарып тұр).
Іt must be given to whom you want to give (Бұны сіздің
бергіңіз келген адамға беру керек). (Бұл сөйлемдегі
«who» есімдігі толықтауыш қызметін атқарып тұр).
«Whoever, whatever» күрделі жалғаулық есімдіктерінің эмфа­ тикалық мағынаны білдіруіне байланысты қарсылықты бағының­ қылы сөйлемді байланыстырады.
Whatever he did you have to put up with him (Ол не айтса да, бізге онымен келісуге тура келеді).
Whatever happens we must be ready for all (Қандай жағдай болмасын, біз бәріне дайын болуымыз керек).
Whoever helps, we’d be obliged (Кім көмектессе де, біз оған риза болар едік).


Анықтауыш (мағыналы) есімдіктер


Есімдіктің бұл түрі де қазақ тілінде жоқ. Ағылшын тілінде бұл есімдіктің бұлай аталу себебі де оның басыңқы сөйлем мен анықтауыш бағыныңқылы сөйлемді байланыстыруына қатысты. Яғни, басыңқы сөйлемді анықтап тұратын бағыныңқы сөйлем­ нің бөлігі. Анықтауыш жалғаулықтар сын есім орнына жұмса­ латын есімдіктер қызметін атқарады. Анықтауыш есімдіктер сұ­ раулық және жалғаулық есімдіктер сияқты жанды және жансыз заттарға қатысты қолданылады: «Who, whom» есімдіктері адамға қатысты, «whіch» есімдігі затқа қатысты қолданылады, «whose, that» есімдіктері адамға да, затқа да қатысты қолданыла береді. Анықтауыш бағыныңқылы сөйлем нақты (шектеулі) және жал­ пылама мағынаны білдіру үшін қолданылады. Анықтауыш есім­ діктердің бағыныңқы сөйлемдердің осы аталған екі түрінде қол­ данылуының ерекшеліктері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет