Грамматикасы



бет26/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Өздік есімдіктер


Ағылшын тілінде өздік есімдіктер деп аталатын күрделі есім­ діктер бар. Мұндай есімдіктер кісінің, заттың өзіне қатысын біл­ діреді. Олардың жақ, көпше түр және тек (3­ші жақта жекешеде) грамматикалық категориясы бар.



Түрі

1­ші жақ

2­ші жақ

3­ші жақ

Жекеше

myself

yourself

himself, herself, itself

Көпше

ourselves

yourselves

themselves

Есімдіктің бұл тобына «one» белгісіздік есімдігімен бірге қолданылатын «oneself» есімдігі де жатады.
One can do it oneself if it is wanted (Егер қажет болса, мұны әркім өзі­ақ істей алады).
Өздік есімдіктері сөйлемде зат есімнің орнына жұмсалып, мынадай қызмет атқарады:

  1. адамның қалыпты жағдайда, күйде не керісінше, дұрыс жағдайда емес екенін білдіретін баяндауыш қызметін атқарады:

І feel ill myself (Мен өзімді нашар сезінемін);
But the trouble is that in themselves they are not nourishing. I can’t eat them (Бірақ та мұның өзі тамақ емес қой. Мен оларды жей алмаймын, қиыны да сол боп тұр ғой).

  1. іс­әрекеттің субъектісі де, объектісі де бір кісі болғанда толықтауыш қызметін атқарады:

He might have drowned himself (Оның өзі суға кетіп қалуы мүмкін еді);
I hurt myself (Мен ауыртып алдым (өзімнің бір жерімді деген мағынада);
She saw herself іn the picture (Ол суреттен өзін көрді).
Сондай­ақ тәуелдеу есімдігі шылаудан кейін де қолданылады: She іs too young to look after herself (Ол өзін өзі күтуге әлі өте жас).

  1. қимыл­сын пысықтауыш қызметін атқарғанда, біреудің бір нәрсені (әрекетті) басқа біреудің көмегінсіз істегенін білдіреді.

Don’t trouble, I’ll do it by myself (Бұған қам жемеңіз. Мен мұны (жалғыз) өзім істеймін).
She used to sit before the mirror long by herself (Ол айнаның алдында жалғыз өзі (өзімен өзі) ұзақ отырушы еді).

  1. Зат есімді немесе есімдікті айқындау үшін эмфатикалық мағынада қолданылады:

The supervisor hіmself handed hіm the sertificate (Оған куәлікті басшының өзі табыс етті).
І have thought of іt myself (Мен мұны өзім ойлап таптым).
Өздік есімдіктері бұл функциясында жеке немесе бір топ эм­ фатикалық (әсірелеу) есімдіктер ретінде қарастырылады. Осы функцияда жұмсалғанда, өздік есімдігі сөйлемнің мағынасын өз­ гертпейді және түсіп қалуы мүмкін. Көп жағдайда мұндай өздік есімдігі сөйлемнің бастауышын айқындап, нақтылап (әсірелеп) тұрады, сондықтан да бастауыштан кейін келеді.
Ann herself opened the door (Аня өзі есікті ашты).
I forgot his adrress but after some days he hіmself wrote me it (Мен оның мекенжайын ұмытып қалдым, бірақ біраз күннен кейін оны өзі жазып жіберді).
Сондай­ақ өздік есімдігі толықтауыштан кейін де тұруы мүмкін:
He looked up him himself after fifteen years (Ол он бес жылдан кейін анықтамадан оны өзі іздеп тапты).
Егер өздік етістіктен кейін зат есім шылаумен келсе, онда эмфатикалық есімдік зат есімнен кейін келеді.
Don’t leave a child by hіmself (Баланың өзін жалғыз тастап кетпеңіз).
Егер өздік есімдік сөйлемдегі басқа зат есімді айқындап тұрса, онда ол сол өзі анықтайтын зат есімнен кейін тұрады.
І met the author of this book hіmself (Мен бұл кітаптың авторының өзімен кездестім).
This picture was drawn by Chaim Soutine hіmself (Бұл суретті Хайм Сутинидің өзі салған).


Еск ер т у. Әдетте өздік есімдіктері бір сөйлем ішіндегі бір
сөзбен байланысқан не сол сөзге қатысты екінші бір кісі (нәрсе) жайлы сөз болғанда қолданылады. Дегенмен ауызекі сөйлесу тілінде өздік есімдігі жеке қолданылуы да мүмкін.
In the third year lіke myself she decided to be a children’s doctor (Үшінші курста жүргенде ол да мен сияқты, балалар дәрігері болуды ұйғарды).
My wіfe and myself would be very glad to hear you (Менің әйелім және менің өзім де сізден хабар алсақ қатты қуанар едік).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет