Жалпылауыш (анықтауыш) есімдігінен басталатын бағының қы сөйлем мағынасы нақты зат есімнен кейін тұрады. Мұндай есімдікті сөйлем өзі анықтайтын зат есім жайлы қосымша дерек береді. Нақты анықтауыш бағыныңқылы сөйлемге қарағанда, жал пылама мағыналы бағыныңқы сөйлемде (сөйлемнің мағынасына
нұқсан келтірмей), түсіп қалуы мүмкін. Сондайақ өзі айқындап тұратын зат есімнен үтір арқылы ажыратылады. Мұндай конс трукция ресми тілге тән және ауызекі тілге қарағанда жазба тілде көбірек қолданылады. Мұндай бағыныңқы сөйлемде «who» есім дігі адамға қатысты жұмсалады.
The man who wanted to meet you will come tomorrow (Сізбен кездескісі келген кісі ертең келеді).
Басыңқы сөйлемді толықтауыш бағыныңқылы сөйлеммен байланыстыратын «whom» есімдігі сөйлемнің басында ешқашан түсіп қалмайды.
I heard from my schoolmate whom I haven’t met for two years (Мен екі жылдан бері көрмеген мектептес досымнан хат алдым).
Шылау «whom» есімдігінің алдында тұрады. Ауызекі тілде
«whom» есімдігінің орнына «who» есімдігі қолданылып, шылау лар сөйлемнің соңында келуі мүмкін.
The engineer for whom you are waiting will come soon (Сіз күтіп отырған инженер жақында келеді).
«Whіch» есімдігі затқа қатысты қолданылады және сөйлемде ешуақытта түсіп қалмайды.
They never got back the things which they’d reported stolen (Олар өздері ұрланды деп хабарлаған заттарды қайтарып алған жоқ).
Шылаулар «whіch» есімдігінің алдында тұрады.
I remember well the plays, to which my father often took me in my childhood (Бала кезімде әкем жиі алып барған қойылымдар менің жақсы есімде).
Егер бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы «gіve up, look for- ward to, put up wіth» сияқты үстеулермен тіркескен (үстеу тіркесті) етістіктерден жасалса whіch есімдігі өзі айқындап тұратын зат есімнен кейін тұрады және «whіch» есімдігі бағыныңқы сөйлемге түгел қатысты болуы мүмкін.
We’ll have the party next Friday which is the day we’ll finish our project (Біз кешті келесі жұмада, жобамызды аяқтайтын күні өткіземіз).
Достарыңызбен бөлісу: |