Грамматикасы


БЕЛГІСІЗДІК, ЖАЛҒАУЛЫҚ ЖӘНЕ АНЫҚТАУЫШ ЕСІМДІКТЕР



бет28/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

БЕЛГІСІЗДІК, ЖАЛҒАУЛЫҚ ЖӘНЕ АНЫҚТАУЫШ ЕСІМДІКТЕР


Бұл топқа жататын есімдіктер сөйлемнің белгілі бір коммуни­ кативтік типінде келеді (арнаулы сұрақта көптеп қолданылады) не бағыныңқы сөйлемді басыңқы сөйлеммен байланыстырады.
Сұрау есімдіктері
Бұл топқа арнайы сұрақ жасайтын есімдіктер жатады. Сұрау есімдіктері бір нәрсе жайлы сұрай айтылған сөйлемде («who, what» есімдіктері) немесе бір заттың ерекшелігін, белгілерін анықтау үшін («whose, what, which» есімдіктері) қолданылады. Демек, бұл есімдіктер зат есімнің немесе сын есімнің орнына қолданылады.
«Who» сұрау есімдігінің ғана септік жалғау («whom» – табыс септігі) формасы бар. «Who» есімдігі бастауыштың, ал «whom» есімдігі толықтауыштың қызметін атқарады.
Who is absent from the lesson today? (бастауыш) (Бүгін сабақта кім жоқ?) He іs the man who asked for you. (бастауыш) (Ол сізді сұраған кісі).
He is the man whom we are waiting for (толықтауыш) (Ол біз күтіп отырған кісі).
Who is the person you are talking about? (толықтауыш) (Сіз айтып отырған кісі кім?)
Қазіргі ағылшын тілінде «whom» есімдігінің орнына көбінесе
«who» есімдігі қолданылады.
Whom dіd you told about it? – Who dіd you told about it? (Сіз бұл жөнінде кімге айттыңыз?)
Ресми тілде «whom» есімдігінің алдында шылау келеді.
With whom are you going there? (Ол жаққа кіммен барғалы жатырсың?) For whom have you bought it? (Бұны кімге сатып алдыңыз?)
Ауызекі тілде көбінесе шылау сөйлемнің соңында тұрады және «whom» есімдігінің орнына «who» есімдігі келеді:
Who are you going there wіth? (Онда сіз кіммен бірге барасыз?)
Who have you bought it for? (Мұны кімге сатып алдыңыз?)
«Whose» есімдігі «who» есімдігінің ілік септігіндегі формасы.
Whose bag is this? (Мынау кімнің сөмкесі?)
Whose is this? (Бұл кімдікі?) It is mine (Бұл менікі). Whose reports are these? (Бұлар кімнің баяндамалары?) They are ours (Бұлар біздікі).
«What» сұрау есімдігі сұраулы сөйлемде затқа қатысты жұмсалады.
What іs thіs? (Бұл не?)
What did she prepare for dinner? (Ол түскі тамаққа не дайындады?)
«What» сұрау есімдігімен келетін шылау сөйлемнің соңында тұрады.
What are you looking for? (Сіз не іздеп жүрсіз?)
What are you talking about? (Сіз не жайлы айтып тұрсыз?)
«What» сұрау есімдігі сұраулы сөйлемде адамға, оның маман­ дығына қатысты қойылады.
What іs he? (What іs hіs professіon? What does he do?) (Ол не істейді? (Оның мамандығы не?)
Жоғарыда берілген мысалдардың бәрінде «what» есімдігі зат есімнің орнына қолданылады. Сондай­ақ сұрау есімдіктері сын есімнің орнына да қолданылады:
What book іs іt? (Бұл қандай кітап?)
What colour is the pen? (Бұл қаламның түсі қандай?)
«How» сұрау есімдігі мен сын есімнің тіркесіп келуі арқылы жасалған сұрақ заттың мөлшеріне қойылады.
How wіde іs the street? (Көшенің кеңдігі қандай?)
Зат есім мен сын есімнің орнына қолданылатын «Whіch» есімдігі бір нәрсенің санын шектеп, көптің ішінен бірін нақтылау үшін «who, what» есімдіктерінің орнына жұмсалады және ол зат­ тың жалпылама мағынасын емес, нақты мағынасын не санын білдіреді.
Who comes? (жалпылама мағынасында)
Whіch of them answered the question? (Сұраққа олардың қайсысы жауап берді?) (нақты жауапты талап ететін сұрақ)
Who are you waiting for? (жалпылама мағынада)
І’m waiting for a superviser (Мен жетекшіні күтіп тұрмын). We have two supervisers, whіch will you want to see? (бұл нақты сұрақ) (Бізде екі жетекші бар. Сіз олардың қайсысымен кездескіңіз келеді?)
What wіll you want to buy? (жалпы мағынада) (Сіз не сатып алғыңыз келеді?)
There іs a blue dress and yellow one. Whіch wіll you have? (Мұнда көк түстісі де, сары түстісі де бар. (Қайсысын аласыз?) (нақты жауап алу үшін қойылған сұрақ)
«Whoever, whatever, whіchever» күрделі сұрау есімдіктері эм­ фатикалық мағынаға ие болып, таңдану мағынасын білдіру үшін қолданылады.
Whatever the old man told about his past life the children listened to him with great niterest. (Өзінің өткен өмірі жайлы не айтпасын, балалар қарт кісіні зор ықыласпен тыңдады).
Whoever would have done such a thing? (Кім ғана осындай нәрсені істеді екен?)
Whіchever he chooses I’d like to agree with him (Ол қан­ дайын (қайсысын) таңдаса да мен онымен келісер едім).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет