Бұл конструкцияның ерекшелігі – оның зат есімнің атау септігі немесе «іt, thіs» есімдіктері арқылы жасалған бастауышы бар, екінші элементі есімше не көсемшеден жасалады. Мұндай конс трукциялар пысықтауыштың және пысықтауыш бағыныңқылы сөйлем қызметін атқарады. Абсолютті есімшелі конструкциялар ауызекі тілге қарағанда әдеби, ғылыми стильде көп қолданылады.
Абсолютті есімді конструкция пысықтауыштың мынадай түрлерінің қызметін атқарады:
а) мезгіл пысықтауыш
Match finished, players shaked hands each others (Матч аяқталғасын, ойыншылар бірбірімен қол алысты).
ә) себепсалдар пысықтауыш
The weather being so nasty we delayed our trip to the moun tain (Ауарайы сондай қолайсыз болғандықтан, біз тауға саяхаттауды кейінге қалдырдық).
The task being so difficult I couldn’t find the right variants (Тапсырма қиын болғандықтан, мен дұрыс жауабын таба алмадым).
б) шартты мағыналы пысықтауыш (пысықтауыштың бұл түрі сирек қолданылады)
Circumstances occurring, we shall turn to this problem once again (Жағдай (мүмкіндік) туа қалса (бола қалса), біз бұл мәселеге тағы да ораламыз).
Existed time we’ll be able to afford ourselves to solve it (Уа қыт болғанда біздің мұны шешуге мүмкіндігіміз болады).
б) қимылсын пысықтауыш
The meeting couldn’t be announced open two of participants being out (Екі кісінің қатысуынсыз, жиналысты ашық деп жариялай алмады).
Абсолютті есімшелі конструкция қимылсын пысықтауыш қызметін атқарғанда «with, without» шылауларымен келеді.
After the performance he stayed in his place with two other remaining (Көрініс біткеннен кейін ол орнында қалған тағы бірекі кісімен орнында қалды).
Everybody must come to the exam with an allowance per- mitting to the exam (Әркім емтихан тапсыруға рұқсат алған қағазымен келуі керек).
Еск ер т у. Ағылшын тілінде екінші элементі сын есімнен, шы лаумен келетін зат есімнен немесе үстеуден жасалған есімшесіз де абсолютті конструкция бар).
The classes over students began moving to the door (Сабақ бітіп, студенттер есікке қарай жылжыды).
209
Time out we finished the game (Уақыт бітіп, біз ойынды аяқтадық).
The child likes to sleep, hands upright (Кішкентай бала қолын көтеріп ұйықтағанды жақсы көреді).
Something had gone wrong with the traffic lamp so a policeman was standing on the crossing, a whistler in the left hand, a stick in his right (Бағдаршам бұзылып қалып, бір қолында ысқырық, екінші қолында таяғы бар милиция жолдың қиылысында тұрды).
Абсолютті конструкцияның бұл түрі «with, without» шылауларымен келеді.
He was explaining something with a sheet of paper in his hand (Қолында бір парақ қағазы бар ол бірнәрсені түсіндіріп тұрды). They walked long with heavy rack sacks in their back (Арқасында арқалаған қапшықтары бар олар ұзақ жүрді).
He sometimes went to sleep a chewing gum in his mouth (Ол кейде аузындағы сағызымен ұйықтап қалатын).
Достарыңызбен бөлісу: |