«Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» Акционерлік Қоғамының



жүктеу 387.22 Kb.
бет3/3
Дата22.02.2016
өлшемі387.22 Kb.
1   2   3


қызметтерді сатудан түскен табыс 2004 жылы жалпы табыстың 0,98% құрады.

Қызметтерді сатудан түскен табысты 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 444 мың теңгеге (43,49%) азайды.

Кезең шығындары 2004 жылы жалпы шығындардың 11,15% құрады.

Кезең шығындары 2004 жылмен салыстырғанда, негізінен, еңбекақының, іссапар шығындарының, байланыстың, жалдаудың және басқа да шығындарды ұлғаюының есебінен 4 106 мың теңгеге (128,47%) ұлғайды..

Негізгі емес қызмет бойынша табыстар 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 123 мың теңгеге азайып, 9 мың теңгені құрайды.

2004 жылы шығын 2003 жылмен салыстырғанда 4 673 мың теңгеге ұлғайып, -6 716 мың теңгені құрады.



38. Табыстар мен шығындардың 2003 және 2004 жж. құрылымы.


Баптың атауы

2003 ж.

2004 ж.



Мың тг.

Мың тг.

Мың тг.

1

2

3

4=3-2

Табыстар:

10 523

58 782

48 260

Негізгі қызметтен түскен табыс

1 021

577

-444

Инвестициялардың шығуынан түскен табыс

8 301

57 122

48 821

Акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыс

1 201

1 084

-118

Шығындар:

3 196

7 302

4 106

Материалдық шығындар

797

318

-479

Автокөлікті ұстауға кеткен шығындар (ЖЖМ, ТМҚ, қосалқы бөлшектер)

18

48

30

Кеңсе тауарлары

2

43

41

Басқа материалдық шығындар

777

228

-550

Еңбекке ақы төлеу

297

4 204

3 907

Еңбекақы (с.і. ЗҚ, табыс салығы)

169

3 702

3 533

Аударымдар (әлеуметтік салық)

128

463

335

Демалыс ақылары

0

39

39

Іссапар шығындары

0

377

377

Қызметтер

1 452

2 264

812

Оқу, семинарлар

38

76

38

Банк қызметтері

90

49

-40

Жалдау

141

318

177

Байланыс

68

348

281

Заң қызметтері

17

75

59

Ақпараттық қамтамасыз ету бойынша шығындар

30

127

97

Аудиторлық және бухгалтерлік қызметтер

617

620

3

Қызметкерлерді басқару бойынша қызметтер

36

44

7

Жарнама және PR қызметтер

0

31

31

Басқа қызметтер

416

576

160

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы

121

134

13

салықтар (түрлері бойынша)

20

5

-15

Басқа жалпы және әкімшілік шығындар

510

0

-510

Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар

5

0

-5

Инвестициялардың шығуы бойынша шығындар

9 365

58 196

48 831



39. Қаржылық коэффициенттер





2003 ж.

2004 ж.




Автономия коэффициенті

0,81

0,88

N≥0,5

Жабу коэффициенті

13,93

128,07

N≥2

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

13,93

128,07

N≥1

Абсолютті өтімділік коэффициенті

11,84

118,94

N≥0,2

Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілгендік

71 357

64 022

(ДС+ДЗ) - КЗ



40. Акцияларды шығарудың проспектісінің күніне Қазақстан Республикасынаң заңнамасы белгілеген пруденциялық нормативтер мен басқа да орындалуы міндетті нормалар мен лимиттердің мәндері.

Меншікті капиталдың жеткіліктік коэффициенті: 1,41.
41. Қоғам акцияларды шығару туралы шешім қабылдағанға дейін соңғы алты ай ішіндегі берілген кепілдіктердің көлемі мен саны:

Қоғам кепілдіктер бермейді

42. Акционерлік қоғамның ол ертеректе берген кепілдіктердің, сот талап-арыздарының нәтижесінде пайда болуы мүмкін міндеттемелерге қатысты өзге де ақпарат:

Қоғам ертеректе ешқандай кепілдіктер берген жоқ, жауапкер не қосалқы жауапкер ретінде сот үрдістерінің қатысушысы болған емес және болып табылмайды.

6. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

43. «Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» акционерлік қоғамы құнды қағаздардың бір шығарылымын тіркеді:

1) әр шығарудың құнды қағаздарының жалпы саны, түрі, санаты және номиналды құны, шығару түрі, сондай-ақ құнды қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеуді іске асырған орган, құнды қағаздарды шығарудың мемлекеттік тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркеу күні:

  • Шығарылған акциялардың жалпы саны – 9 000 тал;

  • Шығарылған акциялардың, түрі, санаты – атаулы қарапайым акциялар;

  • Шығарылған акциялардың номиналды құны – 1 000 теңге;

  • Шығару түрі – құжатсыз;

  • «Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» АҚ акцияларының бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеуді 30.06.1997 жылы Қазақстан Республикасы Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы іске асырды және KZ1С04280417 Ұлттық теңестіру нөмірін бере отырып, Мемлекеттік тізілімге А0428 нөмірмен,енгізді. Эмиссия проспектісі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясында А0215 нөмірмен тіркелген.


2) құнды қағаздарды орналастыру басталған және аяқталған күн. Егер құнды қағаздарды орналастыру аяқталмаған болса, қоғам құнды қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін берген құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкес құнды қағаздарды орналастыру нақты басталған күн мен орналатыру аяқталатын күнді көрсету қажет :

Орналастыру басталған күн – 30.06.1997 жыл;

Орналастыру аяқталған күн – 30.06.1997 жыл.
3) орындалмаған міндеттемелердің көлемдері және оларды орындаудың мерзімі өткізілген күн туралы ақпаратты қоса, қоғамның құнды қағаздарды ұстаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін орындамау, облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кідірту), қарапайым және артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлемеу (төлеуді кідірту) деректері туралы мәліметтер. Дивидендтерді есептеу және төлеу бойынша берешек бар болған жағдайда, себептерін көрсету керек;

Таза табыстың жоқ болуына байланысты Қоғам соңғы 2 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімдер қабылдаған жоқ. Дивидендтер төленген жоқ. Дивидендетерді есептеу және төлеу бойынша қандай да бір берешектер жоқ.
4) егер орналастырылған не айналысқа түсірілген құнды қағаздар тоқтатылған болса не құнды қағаздарды шығару қанағаттарлық емес деп танылған болса, осы шешімді қабылдаған мемлекеттік органды, шешім қабылданған күн мен негізді көрсету керек;

«Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» АҚ қатысты қҚоғамның құнды қағаздарын айналысқа түсіруді тоқтату туралы не Қоғамның құнды қағаздарын шығаруын қанағаттанарлық емес деп тану туралы шешімдер қабылданған жоқ.
5) облигациялар бойынша төлемдерді өтеу күні және жалпы көлемі

«Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» АҚ облмигациялар шығарған жоқ.
6) бір акцияға (қарапайым, артықшылықты) шаққандағы дивиденд сомасы және соңғы екі қаржылық жылдың әр жылында акциялардың әр түріне шаққандағы дивидендтердің жалпы сомасы;

«Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» АҚ қарапайым акциялары бойынша соңғы екі қаржылық жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер төленген жоқ. «Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» АҚ артықшылықты акциялар шығарған жоқ..

7) саудаларды ұйымдастырушылардың атауларын қоса, қоғамның құнды қағаздарымен сауда іске асырылған негізгі нарықтар.

Құнды қағаздардың ұйымдастырылған нарықтағы саудасы іске асырылған жоқ.
7. ЖАРИЯЛАНҒАН АКЦИЯЛАРДЫ ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
44. Акциялар туралы мәліметтер:

  1. Акциялардың саны, түрлері – 50 000 (Елу мың) тал, қарапайым;

  2. Құрылтайшылардың арасында орналастырылатын акциялардың саны, түрлері – 41 000 (Қырық бір мың) тал;

  3. Құрылтайшылар төлейтін бір акцияның номиналды құны -1 000 тал;

  4. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік етілген көлемі – Қоғам артықшылықты акциялар шығармайды.


45. Қоғамның айырбасталатын құнды қағаздары.

«Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» АҚ айырбасталатын құнды қағаздар шығармайды.
45-1. Төлем агенті туралы мәліметтер

«Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» АҚ төлем агенті жоқ. Табысты төлеуді Қоғам өз бетінше іске асырады.
46. Акционерлік қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер.

«Орталық құнды қағаздар депозитариі» акционерлік қоғамы (02.02.2005ж.Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 12301-1910-АҚ),орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 үй. Тел.: (3272) 72-10-23, 72-10-25, факс: 72-07-22, e-mail: csd@csd.kz;

Құнды қағаздард ұыстаушылардың тізілімін жүргізу бойынша қызметті іске асыру лицензиясы № 0406200303, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2004 жлдың 25 қазанында берген.

Тіркеушімен жасалған шарттың күні және нөмірі – 2005 ж. 13 мамырындағы № 5-Р Шарт..
8. ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР
47. Акцияларды шығаруға кеткен шығындар

Қоғам акцияларды шығарудың проспектісін дайындау бойынша кеңесшінің қызметтеріне шығын шығарған жоқ..
48. Инвесторларға арналған ақпарат

Инвесторлар «Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» АҚ Жарғысының көшірмесімен және акцияларды шығарудың проспектісімен «Greenwich Capital Management қаржы компаниясы» АҚ атқарушы орналасқан жерде таныса алады: 050004, Алматы қ., Жібек жолы даңғылы, 76.

«Greenwich Capital Management»

қаржы компаниясы» АҚ Президенті В.Ю. Ткаченко

Бас бухгалтер Т.Ф. Андронова

1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет