«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Шетел әдебиетінің тарихы»



бет9/11
Дата11.06.2016
өлшемі1.31 Mb.
#127254
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Реферат тапсырмалары


    1. Эжен Поте өмір жолына шолу.

    2. Француз әдебиетінің өкілі Эжен Поте.

    3. Э.Поте шығармашылық жолы.

    4. Шығармаларының негізгі көтерген мәселесі.

    5. Э.Потенің негізгі поэмалары.

27

Тақырыбы: Француз әдебиеті Ф.Рабле өмірі мен

шығармашылығы.

Жоспары:

1. Француз әдебиеті.

2. Ф.Рабле өмірі мен шығармашылығы.

Француз гуманизмінің ірі өкілі және ұлы жазушысы Ф.Рабле. Ауқатты жер иесі адвокаттың отбасында дүниеге келді. Жас кезінде Монастрда құдай ілімдерімен қатар ертедегі жазушылармен заң кітаптарын оқып өсті. Ол жан- жақты білімді адам , жазушы, дәрігер, педагог болды. Ежелгі тілдерді де жақсы білді. Ф.Рабле түрлі сомада еңбектер жазды бірақ оның даңқын шығарған 5- кітаптан тұратын “Гаргантюа мен Пантагрюэл” романы. Бұл әлі күнге дейін үлкен де кішіде оқып келе жатқан тамаша кітап автор бұл романды жазуды халық арасында тараған аңыз ертегілерді кең түрде пайдаланып оғангуманситік сипат берді. Ф.Рабле ортағасырлық феодалдық сотта тәрбиенің ескі әдісі құрғақ сөзді діни қараңғылықты көзсіз сенушілікті сынады.

Ф.Рабле өмірінің ақырына дейін ешкімнен жасқанбады өз ой пікірімен идеясына сенімін жоғалпай дүниеден өтті.

Бақылау сұрақтары

1. Гаргантюа мен Пантагрюэл” романы.

2. Француз әдебиеті.

3. Ф.Рабле өмірі мен шығармашылығы.


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары


  1. Гаргантюа мен Пантагрюэл

  2. Ф.Рабле өмір жолы.

  3. “Гаргантюа мен Пантагрюэл” романның негізгі тақырыбы.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Тест.

  2. Сұрақ жауап.

28 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырып: Ф. Рабленің “Гаргантюа мен пантагрюэл” шығармасының мазмұны.

Ой бөліс(Дебат).

  1. “Гаргантюа мен пантагрюэл” шығармасының енгізгі мазмұны.

  2. Шығарманың көркемдік ерекшеліні.

  3. Ф. Рабленің өмір жолына шолу.

  4. Шығарманың негізгі идеясы.

  5. Рабленің даңқын шығарған шығармасы.

  6. “Гаргантюа мен пантагрюэл” зерттелу тарихы.

29



Тақырыбы: Француз әдебиеті

Пьер Бомарше өмір жолы.

Жоспары:

  1. Пьер Бомарше өмір жолы.

2. Драмтургиясындағы реалистік бағыттар.

3. Пьер Бомаршенің қол шеберлігімен айналысуы.

Оның өмірінде көптеген қызықты оқиғалар толы биікке самғау ойға қүлау секілді. Ол сағатшының баласы, өзі де сағат механизміне ықылас қойған. Ол жаңа тэсілдермен алға мақсат қойып, бірнеше сағат жасаудан өзінің өнерімен де танылған. Ол Парижде жаңаша сағат жасаудан өзінің өнерімен де танылған. Ол Парижде жаңаша сағат жасаудың тэсілімен топты өзінің кароч деген атын өзгертіп Болгария дворонян деген атаққа ие болған. Оған бәрі оңайға соққан тэрізді. Ол атақты адамдарға айналды. Патшаның қыздары ол жасаған Арфада (музыкалық аспап) оқыған. Людовик 15 да оның арфада ойнаған музыкасын тыңдауға әзір болған. Ханзада Дафин бір күні былай деген: Дүниеде жалғыз ғана адам бар, оған көзіне қарап қорқытпай тіке сөйлейтін ең алғашындағы мен аллеяларды версаль паркінде бірге болып, сол жерде болған бір жанжалға араласып қашып ол бір маңызды миллионер Пари Дюверидың өліміне себепкер айыпты деп түрмеге қамалды. Сот миллионер жағын жақтады. Болгария өзінің мемуарларын жазды. Барлық Европа халқы осы сот процесін қадағалап корон Болгарияны осы түңғиықтан қалай шығып кетерін аңдыды. Көптеген адамдар оның бейкүнэ екенін білсе де Болгария жақта бола алмады. Оның басты қүралы қауіпті қүралы болды. Түрме басшысы Болгарияге қалаға шығуға рүхсат берді. Бірақ түнде өз камерасына қайтуын талап етті. Ең қиын сэттер алда күтіп түрды. Оның қарауылы етіп соптер тағайындалды. Оның қаралы жүмысы мен судья Гезман тағайындалды.

Онымен кездесу өте қиын болды. Оған бір драмматург арқылы «Лен» деген кітап сатушы көмекке келді. Ол Гезманның әйелі арқылы көмек беретін және Бриллант сағат арқылы ашылатынын айтты. Біраз уақыттан кейіннек және Гезманның әйелі 15 Лундар беретінін хатшысына айтты.

Болгарияның комедиясы эдебиеттегі оулттар рералюцияның франциядагы ХҮІІІ ғасырда ең басты жүлдеге ие болды. Руссоның, Вальтердің шығармаларының алдында жарыққа шықтым -деді. Олардың шығармаларын халық аз оқыды.



Бақылау сұрақтары

  1. Пьер Бомарше өмір жолы.

2. Драмтургиясындағы реалистік бағыттар.

3. Пьер Бомаршенің қол шеберлігімен айналысуы.



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. Пьер Бомаршенің Вольтердің шығармашылығына әсер етуі.

  2. Франсуз әдебиетіне Пьер Бомаршенің әсер етуі.

  3. Бомаршенің шығармаларының негізгі тақырыбы.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Реферат.

  2. Тест.

30 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырып: Испан әдебиеті

Ой - бөліс (дебат)

  1. Испан әдебиетінің зерттелу тарихы.

  2. М. Сервантестің өмірі шығармашылығы.

  3. М. Сервантестің “Дон Кихот” шығармасы.

  4. Ақынның новеллалары.

  5. “Дон Кихот” шығармасының негізгі көтерген мәселесі.

  6. Романдағы ғашықтық жөніндегі хаттар.


Екінші аралық бақылау




Тақырыптар

Апталар

реті

Ұпай

саны

Бақылау

түрі

1

Г.И.Вольфганг неміс халқының ұлы ақыны.

8 апта

1

Конспект

2

ХVІІІғ/ғы неміс әдебиеті.

8 апта




Реферат

3

Гете балладалары, трагедиялары.

8 апта

1

Сұрақ – жауап

4

Фридрих Шиллер.(1759-1805) өмір жолы.

8 апта




Реферат

5

Ф.Шиллердің-лирикасы.

9 апта

1

Сұрақ – жауап

6

Волтер/Мари Франсуа Аруэ/ шығармашылығы.

9 апта




Тест

7

Эрнест Теодор Амадей Гофман (1776-1822) өмірі шығармашылығы.

9 апта

1

Сұрақ – жауап

8

Ағылшын жазушысы

Чарлз Диккенс.



9 апта




Дебат

9

1815-16 ж/ғы Гофманның романы.

10 апта

1

Сұрақ – жауап

10

Александр Дюма өмірі, «Үш ноян» романының қазақ тіліне аударылуы.

10 апта




Реферат

11

Д.Н.Гордон Байронның шығармашылық ғұмырнамасы.

10 апта

1

Сұрақ – жауап

12

Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі Абдоррахим Талибов.

10 апта




Коллоквиум

13

Байрон өлеңдері Қ.Бекқожин аудармасында.

11 апта

1

Сұрақ – жауап

14

Француз әдебиетінің фантастикалық роман жанрын қалыптастырушы.

11 апта




Дебат

15

Ағылшын жазушысы В.Скотт өмірі шығармашылығы.

11 апта

1

Сұрақ – жауап

16

Парсы әдебиетінің көрнекті өкеілі Мирзо Малком (1833 - 1903)

11 апта




Глоссарий

17

В.Скоттың романтикалық романдыры.

12 апта

1

Сұрақ – жауап

18

Түрік әдебиті.

12 апта




Ой – бөліс дебат

19

Ағылшын жазушысы Томас Мор.

12 апта

1

Сұрақ – жауап

20

Түрік әдебиетінің жазушысы Әзиз Несин.

12 апта




Ой – бөліс дебат

21

Виктор Гюго (1802-1885) – францианың ұлы ақыны. Француздың ұлы жазушысы.

13 апта

1

Конспект

22

Неміс әдебиетінің тарихы

13 апта




Реферат

23

Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі.

13 апта

1

тест

24

Әйгілі гректер»

Херонйден шыққан грек ғалымы ірі қоғам қайраткері.



13 апта




Глоссарий

25

Неміс халқының ұлы ақыны Генрих Гейне

14 апта

1

Сұрақ – жауап

26

ХVІІғ. Француз әдебиеті.

14 апта




Коллоквиум

27

Н.Х.Ранның шығармашылығы

14 апта

1

Конспект

28

Түрік әдебиетінің өкілі Омер 1.Сейфиддин өмірі.

14 апта




реферат

29

Омер Сейфиддин өмірі,

шығармашылығы.



15 апта

1

Тест тапсырмалары

30

М.Твен 1835-1910 жылдары АҚШ-тың көрнекті юморосі мен сатирисі.

15 апта




Коллоквиум

ОБСӨЖ 15 ұпай + 15 сем

31



Тақырыбы: Г.И.Вольфганг неміс халқының ұлы ақыны

Жоспары:

  1. Гете өмірі.

2. Гете шығармашылығы.

28 тамыз 1749 ж. Франкфурт на Майнеде туылды. Оның нағашы атасы қаладағы беделділердің бірі еді. Болашақ ақынның атасы, әкесі заң ғылым докторы болды. Гетенің жастығы өзінің туған қаласында Бұғылы беткейде өтті. Оның әкесі Иоганнды қатты қадағалап, жалдамалы мұғалімдер ұстады. Олардың үйінде тәртіп пен тыныштық мықты орнағанеді. Осындай жағдайда бала Гете тәрбиеленген еді. 16 жасында Леймуигке лекция тыңдауға барды. Универстетте шынайы ықыласпен оқуға беріле қойған жоқ. Көңілді, кейінді көп ойланбайтын бала Иоганн шынында да университетегі ғылым мәселесіне онша икеміде жоқ еді. Гердер Гетенің портретін: «Өте сүйікті, талантты жас азамат Гете , жеңілтекте еді» деп суреттеді.

Гете жазумен ерте шұғылдана бастады. Лейпцигте жазылған өлеңдері сол кездегі дәстүрлі, сәнді поэзия үлгісінде жазылды. Махаббат жайы жеңіл, күлкілі жағдайда суреттеледі. Ол адамда, ақын болып та қалыптаспай тұрған кездің өзінде өлеңдері шаттыққа, көңілді әзілдерде толатын.

1769 ж. Гете ауырып, университеттен кетуге мәжбүр болды. Бір жылға жуық төсек тартып жатып, Библияны оқып шықты. Оның ойында уақыт өте келе жаңа пікірлер келе бастайды.

Бірақ мұның бәрі уақытша жер тұғын. 1770ж. Страсбург қаласына сауығып барды. Енді оның өлеңдерінде терең сезім, терең ой пайда болды. Мецкер деген біреу «Гете студент кезінде Кукус тұрғыны баяндама жасады. Иусус дінді кешіп, көп көрген данышпандар мен данатайлардің тауып алған әшейін есімі деп қайта-қайта нақтылап айтты»-деп келтіреді. Гете Синпозаның философиясын оқып, соның жолын қууға кіріседі. Ол ақынның дүние танымына үлкен әсерін тигізді. Гете өзінің «Поэзия және шындық» автобиар еңбегінде: «Синпозаның этикасы мен үшін үлкен әлемді ашып береді», -дейді.

Гете әрбір гүлді жұлған сайын, ғажайып жағдайларға тап болуы аңсады. Үлкен мәселелермен қолы босамай, сьудент кезінде-ақ түрлі діндер мен олардың шығу тарихын оқып, зерттеп жүрді. Ганье деген жазушының «Мұхаммедтің өмірі» кітабын оқып шығып, сол туралы жазуға отырады. Бірақ бізге Мұхаммед туралы жазылған дырамасын лекция қалдырды. Жеке жеке шумақтар ғана дайндалып, солар бізге жетті Гетте Мұхаммедті философ деп көрсетіп, Спинозаның ойтолғағы драма бойында байқалып тұрады. Ал, «Гинимед» деген өлеңінде (1774ж.) әдемі жас бала Зевс ұрлап кеткен Ганимед туралы аңызды жырлайды. Адамның, құдай-табиғатпен құймасы туралы. Солардан пайда болғандығын айтады.


Бақылау сұрақтары

  1. Гете өмір жолына шолу.

  2. Гете шығармашылығы.

  3. Шығармаларының негізгі тақырыбы.

  4. Гете балладалары.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. Гетенің “Жас Вертердің қайғысы” романы.

  2. Гете трагедиялары.

3. Гетенің “Протей” философиялық драмасы.
Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Реферат

  2. Сұрақ – жауап

32 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: 18 ғасырдағы неміс әдебиеті

Реферат тапсырмалары

  1. 18-ғасыр басындағы неміс әдебиетінің өкілдері Моцорт пен Ветховен өмір жолдарына шолу.

  2. 18-ғасырдың екінші жартысындағы неміс әдебиетінің өкілдері Кант пен Фихте, Геген.

  3. Неміс әдебиетінің өкілі Фридрих Готлив Клопштоктың “Адам өлімі” және “Давид” атты поэмасы.

  4. Клопштоктың трилогиясы “Армения және Княз” атты шығармалары.

  5. Иоганни Винкелманның неміс мәдениетіне әсер еткен шығармаларына шолу.

  6. Кант Геккел шығармасының негізгі көтерген мәселесі.

33

Тақырыбы: Гете балладалары, трагедиялары

Жоспары:

1. Гете балладалары.

2. Гете трагедиялары.

3. Гете өлеңдері.

Гете 1600 ге жуық өлең жазып қалдырды. Оның көп өлеңдерін халық қағып әкетіп, халық әніне айналып, көптеген сазгерлер өлеңіне ән шығарды. Халық ән әуендері, түрлі шешендік көсемдік сөздерін Гете өте мұқият таңдауды. Халық сөзінің ең тұнық жерінен су алуға дайын екендігін танытты. Керемет мазмұн, формаларды, қайырма, сурет, теңдеу, паралелизм, контарстылықты тауып, түсініп, ана тілінің түрлі әдемі, айшықты тұстарын дамытып, бағалай білді. «Орман патшасы», «Кринф қалыңқуысы», «Жолаушының түнгі», «Танаптағы раушан гүл» өлеңдері дүние жүзіне танымал. Бізге жеткен өлеңдердің аударылуынан, қолжазба күйіндегі әсері әлдеқайда мықты екендігіне күмән жоқ. Гетенің лирикасы өмірді сүге, шатануға шақырады. Таза сезімді адам, қызылды, жасылды құлпырған табиғат-Гете лирикасының негізгі арқауы. Гете ақындардың өмірінің қатысынсыз лириканы жазуға болмайды деді.

1773ж. «Протей» драмасын (филиософиялық) жазып шықты. Атағын шығарған драмасы «Гец фон Берлихинген» 1771ж. жазылды. «Афртебелі неміс халқының тарихын драмалық мазмұнмен сабақтастыра жырлап отырмын.

Тамаша адамныңұмыт болып кетуінен сақтауын» дейді ол.

Осы шығармасы неміс елінің сол кездегі көркемдік талғамына жаңалық әкелді. Оншақты жазушы-ақындар Гете жолын ұстанып, жаңа «сарбаз драмасы» жазуға кірісті. Оқиға 16ғ. басында болған.

Гете 1774 жылы Вецлар қаласында өзінің досы Кеспіндердің жұбайымен кездесіп қалады. (Шарлота буф). Ол ғашық болып, бірақ өзі жоғалып кетті, арасына түспей кетті. Арасына түспей кетті сол жерде Шарлотта Кеспінерге күйеуге шығып, елшіліктің хатшысы өзін-өзі өлтіріп, үлкен оқиға ұласады. Осы жағдай «Жас Вертердің қайғысы» деген роман жазуға әкеліп соғады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Гете өмір жолына шолу.

  2. Гете шығармашылығы.

  3. Шығармаларының негізгі тақырыбы.

  4. Гете балладалары.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

  1. Гетенің “Жас Вертердің қайғысы” романы.

  2. Гете трагедиялары.

  3. Гетенің “Протей” философиялық драмасы.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары:

  1. Реферат.

  2. Сұрақ жауап.

34 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: Фридрих Шиллер (1759-1805) өмір жолы.

Реферат тақырыптары

  1. Шиллердің өмір жолы.

  2. Ф. Шиллердің шығармашылығы.

  3. Шиллердің лирикалық шығармашылығы.

  4. Ақын шығармаларындағы лириканы талдау.

  5. Лирикадағы сезім мен сыр жайы.

  6. Шиллердің өлеңдер жинағы.

  7. Ақынның “Тілек” өлеңінің негізгі тақырыбы.

35



Тақырыбы: Ф.Шиллердің-лирикасы

Жоспар.

  1. Шиллердің шығармаларындағы лирика.

  2. Ақын шығармаларындағы лириканы талдау.

Фридрих Шиллердің поэзиясынан «адам баласына арналған махаббатың ыстық лебі еседі».

Біз ақынның лирикасын талдап көрейік. Лирика (грекше-ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы)- әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегіннің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл күйін бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне, өлеңмен жазылады.

Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтын әсерімен аса қатты толқынуы, автордың өз баласының алуан-алуан нәзік түйсіктері, күйініш-сүйінішіне тән болып келеді. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс-субъективті нәрсе: бірақ сонымен қабат кәдімгі объективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады. Оқушы әрбір лирикалық шығармадан оны жазған автор өмір сүрген кездің жай-жапсарын аңғарып отырады.

Сөз өнерінің өзге тектері (эпос пен драма) тәрізді лириканың да суреттейтін құбылыстары көп. Қандай суреткер болсын, көркем шығарма жазудағы мақсат-адамды көрсетіп қана тыну емес, адам арқылы қоғамды мүмкіндігінше, өмірдегі өзекті шындықты көрсету. Осы тұрғыдан алып қарасақ, лириканың өзге тектерге, айталық эпосқа принциптік қайшлығы жоқ.

Қайық тұр... бастар қайда адам?

Жөнелдік... сынды білек бұл,

Желкені қанат байлаған,

Ескегі найза бір өткір.

Осылардың бәрі бір ғана лирикалы өлеңнің өн бойындағы сезім мен сөз. Демек, лирикадағы елгезек сезім мен сыр жайын, бұлардың жинақтылығы мен мөлдірлігі туралы айтқанда, өлеңнің өзін қимылсыз статикалық әлденеге айналдырып алмау жағын қараған жөн. Рас, лирикадағы әр бір саз-ақынның бір сәтте жалт еткен нұрлы ойын, сол бойда жарқ етіп тұтас көрінген ішкі сырлы дүниесі. Бірақ бұл осы қалпында өзгермей, құбылмай қатып тұрып қалады деу қате, бұл саз басқа бір жаңа сазға ұласады, сөйтіп, қимыл-қозғалысқа көшеді. Лирикадағы адамның жан диалектикасы дегенің өзін осылай түйсіну керек.

Лириканың бас қаһарманы-ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне, ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді. Ақын оқшау образ жасап, оқырманға «содан үйрен, не жирен» дегендей тенденциямен ғана тынбайды, оған тура өз басындағы сезім мен сырды тұп-тұтас көшіре салады. Сондықтан ақын көкірегіндегі сезім-сыр, оқырман сыры болады да шыға келеді.

Арманмен келеді адам бұл өмірге,

Тағдырды табындырып бір жеңуге,

Алдына қойып алып алтын мақсат,

Бақытты қол созады күндеріне.

Дауылды күндер өтіп бұрқыраған,

Туады бақыттылық бір күн оған.

Жақсы іздеп жақсыдан да жанталасып,

Тоймайды дүниеге, шіркін, адам!

Бұл шығармалардың тек тәсіл жағынан айырмасы бар.

Эпостық шығармалардың өмірдегі қат-қабат, шытырман оқиғаларды суреттеуде мүмкіндігі лирикадан әлдеқайда мал құлашы кең. Эпикалық шығармалардың көбі, сюжетке құрылады. Адам образын жан-жақты бейнелеп, шындық сырын неғұрлым толық ашуға бейім.

Ал лирикалық шығарма олай емес. Көлем жөнінен, эпосқа қарағанда, әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара-бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сюжет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой-маңына жинақталады.

Ақынның «Тілек» деген лирикалық өлеңін алып қарайық.

Ашыл, сайдың тұманы,

Тара, түнек мұнары!

Құмармын қайдан арманды?

Қанар ма жайың құмары?

Жалындап гүлмен лаулайтын,

Қызыл төбе көремін

Қанатым қайда самғайтын

Басына со бір төбенің.

Көңілің қалар жеңілдеп,

Үнімен сырлы шектердің.

Соғады қоңыр жел үрлеп,

Лебі боп нұрлы көктемнің.

Сол жерде жеміс жарқылдап,

Ағашты тұрар алтындап,

Дөңесте, жазық көгалда

Соқпайды боран аңқылдап.

О, сұлулық, мас қылдың!

Керемет көктем сол жерде

Жұтқандай исін жас гүлдің

Тулайды жүрек кеудеңде!

Міне, бұл «Үміт» атты өлеңді оқығанда әркім-ақ өз көңіл күйін тербегендей, өзінің жан сырын ақтарғандай болады; әркімнің-ақ жас шағы, жастығы мен бірге өтіп кеткен сауығы мен сайраны мол, уайымы мен қайғысы жоқ жас кезі ойға оралады. Лирика дегеніміз осы ғой. Тек ақын талантты болсын да... ірі болсын, қолыңнан келсе, ұлы болсын! «Ұлы ақын,-былай дейді Белинсий,- өзі туралы, өзінің жеке міні туралы айтса,-жалпы жұрт туралы айтқаны: өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар».

Лириканың күші-әсерлігінде: әсерлік әр нәрсені әшейін ауызекі әңгіме қылғандай сылдыратып айтып беруде емес, айтайын дегенін сырлы суретке айналдыруда, демек лириканың күші-баяндауда емес, суреттеуде жатады. Ал лириканың суреттер шындығы ұланғайыр, шындықты қамту құлашы кең; шын мәніндегі шебер лирикті не жалаң қайғының, не бірыңғай қуаныштың ақыны, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге болмайды; талантты лириктің өлеңдерінде соның бәрі түгел, тұтас жатады; оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі, Белинскийше айтсақ, оқыған жанның сана сезімін түгел баурап, көңіл күйін түгел тербетіп, барлық пернені бірден басып, барлық шекті бірден басқандай сөйлеп кетеді. Сондықтан шын мәніндегі шынайы лирика сырдаңдық атаулыдан әрқашан аулақ тұрады.

Лирикада реалистік эпос пен драмадағыдай қарама-қарсы екі жақтың қиян-қилы күресі, қат-қабат қақтығысы шиеленісуі, өрбу үстінде көріне бермейді. Лириканың қаһарманы, әдетте, ұнамды кейіпкер. Сөйте тұра лириканың тартысты және тартыссыз түрлері болады. Дәлірек айтқанда, шындықты қатал, сұсты күрделі қимыл-қозғалыс қалпында көрсететін салмақты, салиқалы өлең болады да, қиындықтан жылыстап жүретін майда, майысқақ, жылымшы жырлар болады.

Лирикада мінез болады. ол ақынның мінез: өлеңін, өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады. Сондықтан оқырманның өлеңді сынайтыны секілді, өлең оқырманды да сынайды.

Шиллердің біз талдаған өлеңдерінен басқа «Ойнап жүрген бөбек», «Құпия сыр», «Жолаушы» сияқты шығармалары да бар. Олдарды қазақтың белгілі ақыны С.Мұқанов аударған.


Бақылау сұрақтары

  1. Ф.Шиллердің өмір жолы.

  2. Шиллердің “Тілек” атты өлеңі.

  3. “Сезім сыры” жайында жазған өлеңі

  4. “Фауст” трагедиясының негізгі идеясы


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. “Үміт” атты өлеңіні мәні.

  2. “Құпия сыр” С.Мұқанов аудармасында.

  3. Шиллердің балладалар


Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Тест тапсырмалары

  2. Конспект

36 Сабақтан тыс ОБСӨЖ

Тақырыбы:

Волтер Мари Франсуа Аруэ шығармашылығы

1.Франсуа Мари Аруэнің қысқаша және әдебиетте аталып кеткен есімі.



  1. Вольтер

  2. Вальтер

  3. Гоббс

  4. Морт

  5. Гейне

2. Вольтер қай жылдары өмір сүрді

  1. 1694-1770

  2. 1694-1774

  3. 1694-1778

  4. 1694-1780

  5. 1694-1782

3. Вольтердің «Германияда» поэмасы қай жылы шықты.

  1. 1728

  2. 1720

  3. 1726

  4. 1727

  5. 1789

4. Вольтердің трагедия мен комедиясы қаншаға жетті.

  1. 50

  2. 51

  3. 52

  4. 54

  5. 56

5. Вольтердің «Задик» атты еңбегі қай жылы жарық көрді.

  1. 1744

  2. 1748

  3. 1752

  4. 1756

  5. 1758

6. Вольтер «Генрид» атты еңбегін қай жылы жазып шығады.

  1. 1726

  2. 1728

  3. 1725

  4. 1724

  5. 1727

7. Вольтердің қай шығармасында Тундер-тен – Тронка кейіпкері ойнады.

  1. «Кошдид»

  2. «Микромегас»

  3. «Зоейр»

  4. «Задиг»

  5. «Ежелгі гректер»

8. Ағылшынның ұлы физигі Ч.Диккенс қай жылдары өмір сүрді?

  1. 1812-1880

  2. 1812-1890

  3. 1812-1870

  4. 1812-1860

  5. 1812-1850

37



Тақырыбы: Эрнест Теодор Амадей Гофман (1776-1822) өмірі

шығармашылығы.

Жоспар:


1. Шығармашылық ғұмырнамасы

2. 1815-1816 жылдардағы Гофманның «Шайтанның шипасы»



романы

3. Гоффманның эстетикасы


Шығармашылық ғұмырнамасы. Кәсіби музыкант Эрнст Теодор Амадей (Вильгельм) Гофман неміс әдебиетіне жасы ұлғайған шағында келді. Оның шығармаларында романтизмнің ақырғы кезеңінің көптеген қырларының тоқайласқанын көруге болады. Гофманның таланты көп қырлы. Ол-керемет суретші, кескіндемеші, безендіруші, композитор. 1812 жылы "Ундина" операсын жазып, оны 1816 жылы сахнаға шығарды. Фортепьяноға арналған көптеген пьесалар жазды, музыка сыншысы болды, сөйте тұра ашқұрсақ өмір сүрді. Музыкадан ақылы сабақтар берді, Бамбергте капельмейстер болып жұмыс істеді. Кейіннен өзінің "Шайтанның шипасы" ("Эликсир сатаны") атты шығармасында туған қаласын, өзінің оқушысы, Юлия Маркке (Аврелия) деген алғашқы махаббатын суреттеді, ал оның соңғы махаббаты Иоанна Эунике бикеш Ундинаның бірінші орындаушысы болған еді. Гофманның алдында екі жол тұрды: ол әдебиет пен композиторлық. Өзін толық мойындату үшін осы екеуінін қайсысын таңдау керек деген сұрақ оны көп мазалады. Ол Кенигсберг университетінен керемет заңгерлік білім алды, ал заңгерлік оның ата-бабасынан келе жатқан дәстүр еді. Алайда өмірі осылайша бірте-бірте қалыптасқан Гофман енді көпшілік қауымға әдебиет саласынан да кең таныла бастады.

Оның тырнақ алды тұңғыш әдеби шығармасы "Глюк мырза" ("Кавалер Глюк") новелласы 1809 жылы музыкалық газетте жарияланды. 1810 жылы "Иоганн Крейслердін музыкалық азаптары" ("Музыкальные страдания Иоганна Крейслера") туындысы шықты. Алайда оны жұртшылыққа кеңінен танытқан— 1814 жылы жарық көрген, үш томнан тұратын, көптеген әңгімелер мен ертегілері топтастырылған Калло мәнеріндегі қиялдары" ("Фантазии в манере Калло") жинағы болды. Осы аталған "қиялдарына" ғылыми тұрғыдан үңілгенде, автордың жарық пен көлеңкенің батыл қарама-қарсылығын, қайшылықтарын суреттегені көрінеді. Ағылшын романтизміндегі қарама-қарсылық Байронның Шығыс поэмаларының" (Восточные поэмы") кейіпкерлері арқылы көрінген еді. Неміс әдебиетіндегі жеке адам көрінісіндегі романтикалық идеал да ағылшын әдебиетіндегідей тұтас буржуазиялық дәуірге тән менмендік пен пайдакүнемдікті жоққа шығаруға құралған, сөйтсе де неміс әдебиетінің өзіндік ұлттық дамуының ерекшеліктерінің ұлттық тұрғыдағы ерекшеліктерінен туындаған құбылыс екенін мойындау керек. Сондай-ақ, неміс романтиктер тұтастай алғанда, Байронның қаһармандары секілді тәкәппәр, озбыр, өзімшіл сүмелек типіндегі кейіпкер тудыруға тырысқан жоқ, қайта неміс романтиктері өздерінің түсінігіндегі жеке адамның әмбебап идеал тұлғасын сомдауға ұмтылды. Неміс романтизмінің алғашқы кезеңінің лидері Новалистің тұжырымынша "адам өзінің ішкі жан дүниесінің заңдылығымен өмір сүреді, сөйте тұра сыртқы әлемдік тәртіпті бұзбайды" - ал, Гофманның ойынша: "адамдардың түсінігінің біртектілігі мен өмірдің күрделілігі арасында сәйкессіздік бар". Гофманның романтикалық көркемдік әдістерінің ерекшеліктерінің бірі - образды қарама-қарсылық мәнде жасау. Капельмейстер И.Крейслердің образы өз өнеріне тұтастай берілген романтикалық энтузиастың кейпінде сомдалған. Гофман үшін музыка - өнер отауының ең шоқтығы, биік түрі. Ол (музыка) автордың сүйікті қаһарманы. Музыкант әрі композитор И.Крейслер жазушылығын, аlter egocы, Гофман оның бойына өзінің жеке басының ойы мен уайымын тоғыстырады. Крейслер күн көріс тіршілігі үшін өзінің талантын сатуға мәжбүр. Ал Крейглер өмір сүрген және тіршілік үшін жанталасқан жағдайлар бұл Алманияның өткен ғасырдың басындағы феодалдық бөлшектенген шындық келбеті еді. Крейслер тек Гофмонға ғана тән бейне. Неміс романтизміндегі Гофманның рөлі жиынтық сипатта, ол екі мектептің (иендік және гейдельбергтік) тәжірибесін қабат қамтығысы келеді. Оның қаһарманы Новалистің қаһарманы Генрих фон Офтердштен секілді қиялымен семіріп өмір сүрмейді, дегенмен ол (И.Креислер) басқа мектептерге қарағанда өзінің жан дүниесінің тереңдігімен, жинақылығымен, кемеңгерлігімен ерекшеленеді. Қиялшы сакы, (сері) Генрих фон Офтердиннің орнына бүлікшіл капельмейстер Крейслер келеді Музыкамен әбден суарылған Крейслер өмірдің қайшыльның өте терең сезінеді. Өйткені музыкамен суарылғам деген ұғым нәзік жанды деген түсінікті беретін сөз. Крейслер музыканы қадірлемейтін бай тоғышарлардың (филистер) үйінде музыка ойнауға мәжбүр болады және олар музыканы тек қана десертке қалдырады. Бұл суреткердің басқа әлеммен романтикалық тартысқа түсуіне себепкер болады, онын келбетін қайғылы жалғыздыққа душар етеді, өйткені Гофман оның нақтылығы мен образдылығының үйлесімсіздігін бір арнаға тоғытады. И.Крейслердің бойында тағдыр тәлкегінің трагедиялық сипаты бар.

Бақылау сұрақтары

1. Шығармашылық ғұмырнамасы

2. 1815-1816 жылдардағы Гофманның «Шайтанның шипасы»

романы


  1. Гоффманның эстетикасы

  2. “Глюк мырза” новелласының мәні


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. “Эликсир сатаны” мән – мазмұны

  2. “Иоган Крейслердің музыкалық аспаптары” тындысының мазмұны

  3. “Ундина” операсының мәні.


Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Реферат тапсырмалары

2. Тест
38 Сабақтан тыс ОБСӨЖ

Тақырыбы: Ағылшын жазушысы Чарлз Диккенес

Ой – бөліс (дебат)


  1. Чарлз Диккенздің өмір жолына шолу.

  2. Чарлздың шығармашылығы.

  3. Ч. Диккенздің шығармаларын зерттеуші ғалымдардың пікірі.

  4. Ч. Диккенздің шығармаларының негізгі көтерген тақырыптары.

  5. Ч. Диккенздің өлеңдері поэмалары.

39



Тақырыбы: 1815-16 жылдары Гофманның "Шайтанның

шипасы"

Жоспар:

1.Гофманның "Шайтанның шипасы" романының мазмұны.

2. Романдағы Медартың басынан өткен оқиғалыры.

1815-16 жылдары Гофманның "Шайтанның шипасы" ("Эликсир Сатаны"), 1819-21 жылдары ''Серапионовтық бауырлар" ("Серапионовы братья"), 1820-22 жылдары аяқталмаған "Мурр мысықтың тұрмыстық көзқарастары" ("Житейские воззрения кота Мурра") романдары және көптеген әңгімелері, хикаяттары, аңыздары, новеллалары жарық көрді. Жазушының әңгімелері Ж.Оффенбахқа Гофманның ыңғайымен музыка жазуына түрткі болады. П.И. Чайковский 1892 жылы Гофманның ертегісінің желісі бойынша қойылған "Шерткіш" ("Щелкунчик") балетіне музыка жазады, ал Р.Шуман әйгілі "Крейслерианасын" "Гофманның ертегілеріне" еліктеп дүниеге әкелді. Ресей мен Францияда Гофман толық өз бағасын алды деуге болады. Оның тақырыптарьшьщ бұл жерде ерекше бағалануы тегін емес. Тіпті орыс жазушылары XX ғасырдың басындағы өздерінің әдеби бірлестігін Гофманның "Серапионовтық бауырларының үлгісімен" "серапионовтық бауырлар" деп атады. Екі елде Гофманның фантазияларына еліктеу бекер емес. Осы жерде айта кететін жағдай, Гофман үшін фантазия, фантастика деген-шындықты танып білу тәсілі болып табылады. Гофманның творчествосы өзіне дейінгі және өзінің кезіндегі әдебиет пен мәдениеттің тәжірибелерін бойына жинақтағанын біз жоғарыда айтып өттік. Гофман арқылы романтизм ағымы басқа әдебиеттер меп мәдениетке, атап айтқанда Бальзактың әдеби әдісіне, Готьеге, Одоевскийге, Гогольге ('"Вий"), Достоевскийге ("Двойник") белсенді түрде әсер ете бастады. "Шайтанның шипасындағы" кейіпкер Медардтың шеккен бейнеттері Лев Толстойдың "Отен Сергийінде" көрініс тапты. Ағылшын американ әдебиеті де тыс қалған жоқ: Диккенс Готорн, Э.По творчестволарына оның игі ықпалы болды. Ол туралы Герцен, Белинский көп еңбектер жазды. Гофман творчествосындағы шындықтың фантастикалық бейнесі, оның образдарының мысқылдық сипаты "қос әлемдік мазақтамалары" ("ироническое двоемирие или же с двойной мотивировкой") немесе "қос қабатты дәлелдемелері" Пушкиннің "Қарғаның мәткесінде" ("Пиковая дама"), Одоевскийдің "Сильфидасында" кездеседі. Гофман туралы Одоевский былай деп жазды: "Гофманның әрқашан Сервантес секілді, Стерн секілді кемеңгер адам болып қала бермегі күмәнсіз".

Гофманның эстетикасы. Оның творчествосында кейінгі романтизмнің өзіндік қырлары молынан тоғысқан деп тағы да айтып өтуге болады. Бөлшектенген Алманияның сатиралық бейнесі неміс романтиктерінде, әсіресе Гофмаида, өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланады. Мысқылдық жағдайлар, алданғандардың күйі (шванктар үшін) типтік әуен. Гофман өз творчествосында жалаң прагматизм философиясының мәнін ашады. Оның шығармаларының тағы бірсуреткер және қоғам, музыкант және қоғам десе де болады /неміс менталитеті/. Оның музыкант, суреткер және ақын бейнесі шығармаларының керемет көркемдік романтикалық құрамына қайталанбас өзіндік ерекшелік дарытады. Гофман поэтикасының басты мәселелерінің бірі комедиялық, оның ішінде сайқымазақтық жағдайлар (шындықты тану әдісі). Гофман әдебиетке романтикалық қаһарманның жаңа түрін әкелді. Оған дейінгі мен романтиктері өз қаһармандарының тәнсіз "Менің" ("Я") суреттеді. Яғни біз олардың не кигенінен, нені сүйгенінен бейхабар қаламыз (Шамиссоның, Новалистің, тіпті Клейсттің қаһармандары да осындай). Гофман болса "біздің поэзиямыздың ертегісі", өзінің сүйіктісі- Крейслерді әкелді.

Гофманның 1819 жылы "Ергежейлі Цахес" ("Крошка Цахес") деген ертегісі шықты да, Шамиссоның айтқанындай, Гофман бірінші юморист атанды.



Бақылау сұрақтары

1.Гофманның "Шайтанның шипасы" романының мазмұны.

2. Романдағы Медартың басынан өткен оқиғалыры.

3. “Мур мысықтың тұрмыстық көзқарастары” романының мазмұны


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. 1. Шығармашылық ғұмырнамасы

2. 1815-1816 жылдардағы Гофманның «Шайтанның шипасы»

романы


3. Гоффманның эстетикасы

  1. “Глюк мырза” новелласының мәні

  2. Гофманның 1819 жылы “Ергежейлі Цахес”

Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Реферат

  2. Тест

40 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: Александр Дюма өмірі, “Үш ноян” романының қазақ тіліне аударылуы.

Реферат тақырыптары.

  1. Александр Дюманың өмір жолына шолу.

  2. Дюманың “Үш ноян” романының жазылу тарихы.

  3. “Үш ноян”романының қазақ тіліне аударылуы.

  4. Дюма жөнінде жазылған еңбектер.

  5. “Үш ноян” романының негізгі тақырыбы.

  6. Жазушының шыққан тегі, жәен кітаптары.

41



Тақырыбы: Джордж Ноэль Гордон Байрон өмірі,

шығармашылығы (1788-1824)
Жоспары:

  1. Д.Н.Г. Байронның шығармашылық ғұмырнамасы.

  2. Байронның «Чайлд Гарольд» шығармасы.

  3. Байронның эпикалық шығармасы.

Батыс Еуропа романтизмінің ең бейнелі тұлғасы ағылшын ақыны Джордж Ноэль Гордон Байрон өзі өмір сүрген ғасырына шығармашылығымен ғана емес, өз өмірімен де айрықша белгілі болды.

Байрон Грек артиллериясы мен флотын, әскери отрядын күшейту мақсатында өзінің қаражатын да аямады, өзі де тікелей күреске қатысты. Осы тақырыпкд жазған шығармаларының бірі - "Құрметті легион жұлдызы" деген өлеңі.

Байрон үшін әдебиет, поэзия оның өміріндегі екінші, үшінші дәрежедегі қосалқы дүние, ал ол үшін ең бастысы -қоғамдық - саяси күрес болды.

Өз әулетінде Байрон алтыншы атадан тарады, Дкон Байронның әкесі капитан, азғындықка беріліп кеткен, ысырапшыл адам екен, Байрон одан үш жасында айрылды. Шешесі Катерина Гордон - шотландиялық текті дворяндардан шыкқан. Байрон 1788 жылы 22-қаңтарда белгілі ағылшын дворяндар отбасында өмірге келді. Лондонда туған, балатық шағы Шотландиядағы Абердин қаласында өтті. Аристокаттар тұқымы алты жасар Байрон 1794 жылы алдындағы Байронның Корсикада өлуімен байланысты Лорд лауазымының мирасқоры болды. Кішкентай, Байрон он жасында Парламент мүшесі болды.

Байронның шығармашылық кезендері:



1805-1812 ж. -бірінші кезеңі. Алғашқы, тырнақ алды өлеңдерін 1802 ж. бүркеншік атпен жариялаған. "Өткінші нобайлар", "Әр түрлі оқиғалар өлендері" Стихотворения на разные случай", 1807), "Бос уақытта" "Часы досуга",1807), "Еркін болғым келеді" "Хочу я быть ребенком вольным"). Бұл ақынның қалыптасу кезеңі.
Оралса екен жас күнім алыс қалған

Кезсем, шіркін, тау ішін таныс маған,

Тербетілсем теңіздің толқынында

Болмай қойса орманым табыспаған.

І.Мәмбетов

Асыл достар жүр ғой менен,

Жанымда жоқ қымбаттым деген

Жабығады жүрегім жалғыздықта,

Үміт қашан өшеді бұл кеудеден!

Кім досым болса - алыста,

Жоқ мұнда сүйсем кімдерді.

Жүрекпен жалғыз алысып,

Өткіздім небір күндерді,

Бақылау сұрақтары

1. Байронның шығармашылық кезендері.

2. "Құрметті легион жұлдызы" деген өлеңінің мән - мазмұны.

3. “Чайлд Гаролд” романын Қ.Бекқожин аудармасында.



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. Байронның ақындық, даналығын жоғары бағалап, өздеріне ұстаз тұтқан орыс әдбиетінің даналарын ата.

  2. Ақын өлеңдерін басқа ақындармен салыстыр

Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

    1. Конспект

    2. Тест

42 Сабақтан тыс ОБСӨЖ

Тақырыбы: Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі

Абдоррахим Талибов

Коллоквиум тапсырмалары

  1. “Білімділер жинағы немесе Ахмедтің кітабы” туындысының

ағартушылық мәні.

  1. “Өмір мәселелері” Иран мемлекетінің құлдилауына арналып

жазылған, тәрбиелік мәні бар шығарма.

  1. Иран әдебиетіне әкелген тәрбиелік мәні бар шығармалары.

  2. А. Талибовтың өмірінен үлгі боларлық кезеңдері.

43



Тақырыбы: Байрон өлеңдері Қ.Бекқожин аудармасында.

Жоспары:

  1. Қ.Бекқожин Байрон өлеңдерін аударуы.

  2. Байронның Еуропа елдеріне саяхаты.

Бұл өлең жолдарын Қ.Бекхожин еркін аударған.

К.Бекхожин:
Еркін бөбек боламын мен,

Ойнақтаймын туған тауда.

Тербелемін толқынменен,

Сайраңдаймын бақша бауда.


Мен еркіндік жаным бар да,

Сүймен саксон қырсықты елін

Артық көрем мен онан да

Жартасты ұрған судың селін


1809-1811 ж.ж. Байрон Еуропа елдеріне саяхат шегіп, оңтүстік Еуропаны аралайды.

1812-1817 жылдар екінші кезең. Бұл өте күрделі кезең десе болады. «Чайльд Гарольдтің» үшінші, төртінші өлеңі шықты, «Шығыстық циклдар», («Восточные поэмы»), «Прометей» т.б.

1817-1824. Күресу жылдары.

1817 жылы- «Тассо шығымы» («Жалобы Тассо»)-тақырыбы махаббат пен түңілу; «Манфред» атты филофосиялық-символикалық драмалық поэмасында билік пен байлықты мақсат етпейтін діндер безген, өр мінез, өзімшіл кейіпкерлер суреттеледі.

1812 жылы шыққан "Чайльд Гарольдтен" кейін Байрон бір күнде Еуропаға атағы кеңінен тараған даңқты ақын ретінде мойындалды. Шығармаларында өзімшіл, қатыгез тәкаппар бүлікшіл, романтикалық бейнені сомдады.

Басты кейіпкер Чайльд Гарольд бірінші өлеңде қолына музыкалық аспабын алып қоштасу жырын бастайды. Қоштасу сәтте: жас аристократ – сһіld-серілік өмірдің үлгісін ұстаған, бірақ әлі серілікті қабылдамаған жігітгік дәуренін суреттейді. Өмірден, ойын сауық куған ортасынан тойған, "ештеңеге кейімейді, ешкімді есіне алмайды".

Шығыс-Байронның ерекше сүйген жері, ерекше үміт артқан елі Испания мен Португалия суреттер. Бұл кезде Еуропалық әскерлер осында соғыс жүргізіп жатқан еді, ол жайындағы Байронның деректері, ресми деректерден өзгеше болды, ал Чайльд Гарольд болса жаңа кейіпкер. Поэманың аталуы, басты кейіпкері Чайльд Гарольд болғанымен, бұл Байронның идеялық-эстетикалық жоспарында сырттағы кейнжер десе болады.

Абидостық қалыңдық" (1813) - бұл да махаббат туралы. Басты кейіпкері Селим, немере ағасы Гефальдың сарайында тұрады. Гефальдың қызы Зылихаға ғашық, бірақ әкесі оны Қарасман бейге беруге уәделескен. Шығарманың сюжеті "Гамлетті" еске түсіреді. Гефал бір кезде Селимнің әкесін (өзінің бауырын) өлтіріп мал-мүлкін, байлығын иемденіп кеткен, енді Селим кек алудың жоспарын құруда. Қарақшылар тобын жасақтап Гефалға қарсы шыққан Селим шайқаста мерт болады. Зылиқа сүйіктісінің өлімінен кейін қайғыдан өледі.

Ақыңдық кемеліне келіп, толысқан шағында Байрон үлкен эпикалық шығармаға бет бұрды. 1823-1828 жылдарда үлкен жоспарлы, панорамасы кең эпикалық сатира (еріс sаtіrе) суретін жасамақ болған. Үлкен оқиғаларға толы "Дон-Жуанның" он алты өлеңін жарыққа шығаруға қыруар еңбек етті. Шұрайлы шумақтардан, тартымды тармақтардан тұратын соңғы роман-поэмасы толық аяқталып тиянақталмады.

Бақылау сұрақтары:


    1. Қ.Бекқожин Байрон өлеңдерін аударуы.

2.Байронның Еуропа елдеріне саяхаты.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Байронның шығармашылық кезендері.

2. "Құрметті легион жұлдызы" деген өлеңінің мән - мазмұны.

3. “Чайлд Гаролд” романын Қ.Бекқожин аудармасында.



Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Конспект

2. Тест
44 Сабақтан тыс ОБСӨЖ

Тақырыбы: Француз әдебиетінің фантастикалық роман

жанрын қалыптастырушы

Реферат тапсырмалары


  1. Франсуз әдебиетінің ұлы комедигі Корнел өмірі жайлы.

  2. Карнелдің “Мелит”атты комедиясы.

  3. “Милет атты” комедиясының шығу тарихы.

  4. Карнелдің “Комедиялық элизя” атты комедииясы.

  5. Корнельдің “Горецей” атты трагедиясының жазылу тарихы.

45



Тақырыбы: Ағылшын жазушысы В.Скотт (1771-1832) өмірі,

шығармашылығы.

Жоспары:

  1. В.Скоттың өмір жолы.

  2. В.Скоттың шығармашылығы кезеңі.

Ағылшын жазушысы В.Скотт әлем әдебиетіне жаңа үлгідегі тарихи романды қалыптастырушы ретінде енді. Шығармашылық жолын ақындықпен бастаған адвокаттың баласы балалық шағын Эдинбургте өткізіп, әкесінің басшылығымен құқықтық тәжірибемен айналысады. Өмір жолын заңгерлікпен бастаған.

В Скотт алғашында үлкен тәжрибие жинауда болды. Ол барлық топтағыжәне әр жастайынан-ақ зерделі. В Скотт отанының өткен кеткеніне зор ықласпен қарады.

Шатлендық фольклор мураларын жинауды ерте бастаған. Жазушы балладаллармен өлеңдерді жазып алып, тарихи оқиғалар орнын зерттеп Шатландия, Англия және басқада Еуропалық елдердің тарихыцмен жүиелі түрде шұғылдапды.

Халық ауыз әдебитіне құштарлығы оны романтикалық баллада жазуға итермелеп қызығушылығын арттырды. Алайда тырнақ алды шығармаларының сарқылмас бұлағытек Шотландық фольклор ғана емес, еурапалық ағылшын, неміс, француз, итальян, испан әдебиеттерімен жете танысты. Мұндай халық ауыз әдебиетінің ескерткішінің ішінде ерте заманда өмір сүрген қарапайым адамдардың пікір-сезімдері, шотландия халқының үні лебізі ұман-теңіз тарихы мәліметтер деректерімен ерте суарылды.

1802жылы 2томдық Шотландия шекарасының халық әндері жинақтары жарыққа шықты. 1803жылы осы жинақтардың 3 томы жарық көрді. Осындай басылымдардан кейін 1805жылы Соңғы Менстрель жырлары Ропби т.б. орта ғасырға арнаған өлеңдері В Скоттың есімін кеңінен танытып даңқын асырды.

Мысалы: “Соңғы Менестрель” жырларында басқа поэмаларындағыдай шындықпен фантастика, тарих кескіні мен фактілер біртұтас байланыста өрбіген. Ақынның өмірге көз қарасы қарама – қайфшылықта қалыптасқанын байқатады ол көбінесе болып жатқан жағдайларға халық жақтаушысы ретінде халқының көзімен қарайды солардың жоғын жоқтайды.

В.Скоттың шығармалары кезінде 19-ғасыр оқушылары тарапынан әдебиет мамандары тарапынан да жоғары бағасын алғанда орыс ақыны В.Скотты Шекспирмен, Пушкинмен таныстырды және саыстыра отырып бағалады. О.Балзак В.Скотты ұстазым деп есептеді. Стендал Скоттан тарихи суреттемлерді үйренді. Ол әлем әдебиетіндегі ұстаздығы өзінше жеке тақырып бола алады. 1820 жылдары ол Шотландиялық тақырыптан қол үзбей Ағылшын, Француз тарихынада көп мән бертінін байқатты. Англияның тарихына арналған “Айвего”, “Монастр”, “Абатт”, “Вудсток”, тақ иесі Людовик он бір мен байланысты атауға болады.



Бақылау сұрақтары

  1. В.Скоттың романдарындағы өмір шындығын бейнелеуі

  2. В.Скоттың әлем әдебиетіне тарихи романды қалыптастырушы ретінде енуі.

  3. В.Скотт Бальзакты шәкірт етуі.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. Скоттың “Соңғы монастр” жинағы шындықпен фантастикаға құрылуы.

  2. 1802жылы 2томдық “Шотландия шекарасының халық әндері” жинақтары жарыққа шықты.

3. “Соңғы Менестрель” жыры.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Конспект

  2. Тест

46 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі Мирза

Мальком (1833-1903)

Реферат тапсырмалары.

  1. Парсы әдебиетінің өкілі – Миза Малком.

  2. М. Мальком өмір жолы.

  3. Шығармалары.

  4. М.Малькомның Парсы әдебиетіне әсері.

  5. Мирза Малькрмның өлеңдері.

47



Тақырыбы: В.Скоттың романтикалық романдыры

Жоспары:

1.В.Скоттың тарихи романдарындағы тартыс.

2. Романдарындағы өмір шындығын бейнелеуі.

В.Скотт үшін еңбасты мәселе уақыт пен жергілікті әдет – ғұрыптар автор өткен ғасырдың оқиғалардың бізге куәгер көзімен бейнелеуге тырысты. Заманның дәуірдің проблемаларын алға тартып сонымен қатар сол дәуірге апаратын жолдарын белгілерін уақыттың тылсыммен сездіретін еске түсіретін бөлшектерін асқан шеберлікпен енгізіп отырды. Шотландияға барып көрегендей жол бұрылыстарын табиғаттың ағаштарын т.б. барлығын толық бейнелеуден талмады, ол оның басты міндеті болып қалыптасты. Оның романдарында біз “Бернард құзының биіктерін” “Тей өзенінің жағалауларын ” сол жерде болғандай тамашалаймыз.

Англиямен соғыс кезіндегі Шотландияны суреттеуде В.Скотт өзінің жерлестеріне аяушылығын білдіре отырып, қарапайым халықтың ұлтшылдығын, айбындылығын қатал мінезімен қатар қарапйымдылығын сүйіспеншілікпен суреттейді. В.Скотт Шотландықтардың ұлттық белгілеріне Ағылшындардың олар туралы қалыптасқан пікіріне жоқтық жалаңаш бірақ таза деген түсініктеріне басқада суреттемелерді қарсы қоя білді.

В.Скоттың тарихи романдарындағы тартыс пен сюжеттік қарым – қатынасы туралы былай деуге болады. В.Скотт 19 ғасырдың 1-ші жартысында батыс европадағы тарихи жанрдың негізгі принцптерін қалаушы және дамытушы болды. Мысалы

1. Топтардың портретін жасады.

2.Байрон ашқан заңдылықтарды В.Скотт жалғастырып және жиынтық халық бейнесін пысықтап толықтырды.



  1. В.Скотт ең біріншіболып әдебиеттегі өнегелілік деген түсінікті айнгалымға енгізді.

Романдарында өмір шындығын бейнелейді.

Бақылау сұрақтары

1. В.Скоттың тарихи романдарындағы тартыс.

2. Романдарындағы өмір шындығын бейнелеуі.

3. В.Скотт 19 ғасырдың 1-ші жартысында батыс европадағы тарихи принцптерін қалаушы, дамытушы.



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. В.Скоттың романдарындағы өмір шындығын бейнелеуі

2. В.Скоттың әлем әдебиетіне тарихи романды

қалыптастырушы ретінде енуі.

3.В.Скотт Бальзакты шәкірт етуі.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары


  1. Конспект

  2. Тест тапсырмалары

48 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Түрік әдебиеті

Ой – бөліс дебат

  1. Түрік әдебиетінің тарихы

  2. Бумын қаған тұсындағы түркі мемлекеті

  3. Түркі мемлекетінің құлдырауы

  4. Түрік әдебиетіндегі сопылық бағыт

  5. Түрік әдебиетінің дамуына ат салысқан қаламгерлер

  6. Ежелгі түрік әдебиетіне шолу

  7. Байырғы түркі мәдениеті

49



Тақырып: Ағылшын жазушысы Томас Мор (1478-1535)

Жоспары:

  1. Т.Мор өмір жолына шолу.

  2. Т. Мор шығармашылығы.

Томос Мор Лондон қаласында сот отбасында дүниеге келді. Оның шығармашылық қабілеті мектепте оқып жүрген кезінде Т.Мордың жазуға деген қабілеті артып, оған қоса латын тілін меңгеріп алды. Сол заман үшін өте қабілетті жас талап өз бетіншн ізденіп білімін жетілдіре бастады. Көптеген гуманист ғалымдармен, жазушылармен таныс бола бастады. Әке жолымен заң қызметкері болып жұмыс істей бастаған күні алдына келген істі бала бастаған адамдармен жанашырлықпен қарап оларға қол ұшын беруді әдетке айналдырды.

Томас Мор 1504 жылы парламентке сайланды Корол үшін қажетті қаржыға дауыс беру кезінде оны қабылдамай тастады. Дәл осы кезеңде жасырынып жүріп ең басты шығармасы “Утопия” негіз болғани ой пікірлердің пісіп жетілдірді дүние жүзіне таралып кеткен бұл кітап 1516 ж латын тілінде басылып шықты кітаптьың 1—ші бөлімінде Ағылшын жзушыларын жерден қуып қой жаятын жайылымын жазушы қудалауға түскен адам айтқан күйзелісі тамаша суреттелген жерінен айырылған шаруалар қаңғыбастыққа салынып қайыршылыққа тап болды. Шаруалардың қолдау мақсатында үкіметтің қабылдаған заңдары сында еді. Барлық нәрсені ақшемен өлшейтін капиталистік қоғам жекеменшік бар жерде мемлекет тұрғанда әділетті басқарылады дегенге сенбей міндеп әлемге паш етті қайғы – қасірет апатқа ұшыратқан соң халықтың жаны үлкен күйзеліске ұшырайды. “Барлық жақсы нәрселерді билікті ең жаман адамдардың қолына беріп қою әділеттілікпе?” деп сұрақ Томас Мор. Ол өзінің қиялымен ойлап тапқан утопия геркше – еш жерде болмаған тамаша өмірді бақытты адамдарды әсем қалаларды әділетті зңдармен тәртіпті басқару саясатын саяхатшы көзімен жазып көрсетті осы шығармадағы “Гитлодейдің” көрген білгендері саяхатта жүріп ойын түйгені асқан шеберлікпен әңгімеленеді “Утопияда” 54 үлкен әдемі қала бар әр қаладан ақылды және тәжірибелі 3 қария жылына1 рет бас қосып қала өмірі туралы мәселені талқылайды. Қыстақта адамдар кезекпен келіп 2 жыл тұрып еңбек етеді. Әр қыстақта 40-қа жуық әйелмен еркек бар қыстақта қалғандары кейінгі келген ауыл шаруашылығын жүргізуді үйретеді. Қаламен қыстақ адамдары өз аулларының қақпасын ашып қойған кім келем деседе өйткені оларда ешкім жоқ себебі жекеменшік атымен жайлаған ал басқарушыны халық өзі сайлап алады басқарушы сенат жиналысымен ақылдаспай ешқандай шешім қабылдамайды ауыл тұрғындарының арасында жалқаулыққа орын түске дейін 3 түстен кейін 3 сағат жұмыс істейді қалған уақытын музыкаға көбіректе оқу білімге де ден қойып отырады Оларға ақша деген нәрсе керегі жоқ Олар үшін алтынмен, күміс темірден айырмашылығы жоқ қылмыскерлерді ұстау үшін қажетті кісендер мен қолатқылар жасады.

Томас Мор еңбек құрал жабдықтары ортақ болса деп армадайды қоғамның құрылыс әрекеттері шыншыл болса деп жазады халық өзінің алтын уақытын тек қана оқу білімге пайдалы іске қайрымдылыққа арнаса екен деп армандады ой түйіндейді бірақ оны қалай жолдарын ашып айта алмаған солай бола тұрсада Томас Мор аты батыр өткір өзі қиялдаған қоғамның нақты мысалдармен көрсете білді Томас Мор идеясы жекеменшік жоқ барлық адамзат тең өмір сүру туралы ойлап жүрген көсемдердің қиялына қанат бітірді.

Бақылау сұрақтары

1. Т.Мор өмір жолына шолу.

2.Т. Мор шығармашылығы.


  1. Т.Мордың “Утопия” шығармасы.

  2. “Утопия” шығармасының халыққа әсері.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Т.Мор өмір жолына шолу.

2. Т. Мор шығармашылығы.

3. Т.Мордың “Утопия” шығармасы.

4. “Утопия” шығармасының халыққа әсері.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы:


  1. Реферат

  2. Сұрақ – жауап

  3. Конспект

50 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Түрік әдебиетінің жазушысы Әзиз Несин

Коллоквиум тапсырмалары


  1. Әзиз Несиннің өмір жолы.

  2. Ә.Несиннің шығармашылығы.

  3. Түрік әдебиетінде 18- ғасырдағы сопылық бағыт.

  4. Ә.Несиннің түрік әдебиетінде алатын орны.

  5. Ә.Несиннің шығармаларының негізгі көтерген мәселесі.

  6. Шығармаларындағы көркемдік ерекшелі

51



Тақырыбы: Виктор Гюго (1802-1885) – францианың ұлы

ақыны.

Жоспар:

  1. Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюго өмір жолы.

  2. Гюгоның «93-жыл» романы

  3. Гюго демократияны жақтаушы, нағыз шындықтың

рыцары.

Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюго (1802-1885) шаруа отбасынан шыққан офицердің баласы: Гюгоның әкесі бірінші француз республикасының соғыстары мен Напалеон жорықтарына талай рет қатысқан. «Тоқсан үшінші жыл» романында Францияның солтүстік- батысында (Бреталь мен Ванделда) республиканың контрреволюциямен соғысын суреттей келіп Гюго «менің әкем осы соғысқа қатысқан адам; демек, мен бұл соғыс туралы купердің сөзімен баяндай аламын»,-дейді.

Валдеяға жасалған жорық кезінде ақынның әкесі Кант қаласының тұрғыны шкипердің қызы соғыс Трибюшемен танысып, кейіннен соған үйленеді. Виктор Гюгоның анасы кейіннен революция құлатқан Бурбондар династиясын шақтаулы, поелист болған. Ол 1814 жылы Бурбондардың тағына оралуын шаттана қарсы алды. Әкесі отбасымен бірге тұрмады десе де болады. Өйткені ол үнемі жорықта болатын.

Балалары тек аналардың және сол кісі сенім артқан тәрбиешінің қолында өсті. Бұл туралы ақынның «одалар» деп аталған өлеңде айтылған. Гюго ұзақ жасады. Жүз елуге тарта шығарма жазды. Атақты романдары «Париж құдай ана соборы», «Тұл қалғандар», «Күлімпаз», «Теңіз бейнетхорлары», «Тоқсан үшінші жыл».

Гюго жастайынан-ақ манорхиялық идеядан аулақтап, прогресшіл идеяға ден қоя бастады.

Февраль ревалюциясынан кейін (1818) Гюго біржолата республикашыл болып алды. Напалеон Біріншінің жиені 1851 жылғы 2 декабрьде франциядағы екінші республика дейтінді тұншықтырып тастағанда ауыл осынау өрі-тұра француз императорынан, Напалеон үшіншіге қарасы батыл күреске шығын, ақыры туған елінен қашуға мәжбүр болды.

1870 жылы Напалеон үшінші құлағаннан кейін Парижге қайтып келді. Мұнда халық оны қошеметпен қарсы алды. Ол прусс әскерлері Парижді қоршағанда барлық қишылықтарға төзіп, Парижді қорғау туралы прокламация басып шығарды.

1851 жылы 18 мартта Париж Коммунасы жарияланды. Коммуна талқандалысымен іле-шала жеңілген коммуналарға дүрсе қоя берге буржуазияшыл жендеттерге қарсы шықты. Буржуазия Гюгоға үшінші республика дейтінінің парламент сайлауында оның кандидатурасын екі рет сүріндірумен жауап берді.

Гюго 1885 жылы қайтыс болды.
Бақылау сұрақтары

1. Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюго өмір жолы.

2. Гюгоның «93-жыл» романы

3. Гюго демократияны жақтаушы, нағыз шындықтың

рыцары.

4. «Париж құдай ана соборы»романының мән мазмұны.



5. «Тұл қалғандар» мазмұы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет