«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Шетел әдебиетінің тарихы»


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы



бет10/11
Дата11.06.2016
өлшемі1.31 Mb.
#127254
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы


1.«Күлімпаз» романының мазмұны.

2. «Теңіз бейнетқорлары» романының мазмұны.

3. 2. Гюгоның «93-жыл» романының маңызы

4. Гюго демократияны жақтаушы, нағыз шындықтың

рыцары.

5. «Париж құдай ана соборы»романының мән мазмұны.



6. «Тұл қалғандар» мазмұы.

7. Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюго өмір жолы.



Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

  1. Реферат

2. Конспект

  1. Сұрақ – жауап

52 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Неміс әдебиетінің тарихы

Реферат тақырыптары


1. 15 - ғасыр соңындағы неміс гуманистері

2. Неміс әдебиетіндегі жаңа бағыттар.

3. Неміс әдебиетінің дамуына айрықша үлес қосқан қаламгерлер

4. Неміс әдебиетіне байланысты Қазақстандағы баспасөздер.


53

Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі Әбілқасым Лахути

Жоспары:

1. Ә.Лахути (1887-1957) өмір жолы.

  1. Ә.Лахути поэзиясында көңіл – күй лирикасы.

Әбілқасым /Ғасем/ Лахути /1887-1957/- Иран әдебиетінің XX ғасырының басындағы ірі ақыны. Ол Ираңдағы кедей Керманшахтың кебіс тігушінің отбасында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап жоқшылықты, зорлық-зомбылық, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп есейген ол қарапайым халық тұрмысын реалиетікпен жырлай білетін жыршыға айналды. Ол 1905-1911 жылдардағы Ирандағы революциялық қозғалыстарға қатысты. Ол 1922 жылға дейін туған елі Иранда тұрды. Лахути шығармашылығы - ежелгі парсы поэзиясының шығармашылығындағы жырларды тақырыптық жағынан бірнеше топтарға бөлеміз. Олардың ең бастысы -туған елі, Иранның қайғы-қасірет шеккен тағдыры туралы толғаныстар. Мысады, "Қирады ғой жұрты - Иран" /1909/, "Қалталының шаңырағы" /1909/, "Керемет қой адам бұл" /1910/, "Шығыс" /1914/, "Отанға қайтып оралу" /1914/, "Біреу Рим, Эллада құдайларын" /1916/, "Иран халқына" /1950/, "Иранның әнші қызына"/1950/т.б.

Туған елі, тағдырлас Шығас халықтарының жат жұрттықтарға тәуеллді болған мүшкіл халіне күйінген ақын жырлары перзенттік махаббаттан ең кіршіксіз тазалық, мөлдірлік қалпымен жыр болып төгілді. "Қирады ғой жұртым - Иран" атты жырын парсы поэзиясындағы газел жанрының ежелгі пішінінде жазады да, сол газел-жырдың мазмұнында Туған халқының мұңлы-шерлі тағдырын лирикалык сезім тереңдіктерімен жырлайды:

Қирады ғой жұртым - Иран,

бақшадайын жайнап қашан тұрады?

Мұсылман ба, кәпір ме әлде,

халқының бұл қайғысына кінәлі?

— Білмеймін.

Бәрі-дағы өз Отанын

сүйем деуді қайталайды әрқалай,

Сүйем ме, жоқ сүю жайлы

ғаламға тек жар салу ма бұл әлі?

-Білмеймін

Отанымды кім құтқармақ?

Ақсүйектер жиыны ма қалаулы?

Әлде жауды аяу білмес,

тіліп түсер қанжарым ба қайраулы?

— Білмеймін.

Ә.Лахути жырларының алтын арқауы — адам. Адамның еңбек ету арқылы жер-жаһанды жайнатқаны, талай-талай ғажайыптарды жасағаны, ақын тілімен өрнектеледі. "Керемет қой адам бұл" жырында ақын туған ел тақырыбындағы ойларының гуманизмдік биіктігін онан сайын айқындайды.

Ә.Лахути шығармашылығындағы басым жырланған тақырыптардың бірі — махаббат мәселесі. Әлемдік әдебиеттің арқауы болып келген махаббат тақырыбы Ә.Лахути жырларында Шығыс поэзиясының дәстүрлі нақыштарымен түрлене көз тартады. Мысалы, "Шырағдан мен көбелек" /1914/, "Пәренжімен көздің нұрын" / 1917/, "Иран қызына" /1918/, "Жан жүректі" /1918/, "Сүйгеніне берік сенген" /1918/, "Тордан қарап тұрған бұлбұл" /1919/, "Жайдарылау қарасаңшы" 1919/, "Таң қаламын" /1920/, "Сүйіктімді ертерек" /1921/, "жарқ етіп бір қарағаның" /1921/ деген жырлардағы лирикалық кейіпкер — Ақынның ғашықтық, ынтызарлық сезімдері шынайы, нәзік көңіл-күй үрісіде шарқ ұрады. Ақынның ғашықтық-сүйіспеншілік сезімдеріне арқау болғандар — иран, түрік, араб қыздары. Бұлар — ақын жырларының мазмұнында сыртқы кескін-келбеттерімен де, ішкі жан-дүниелік мінез-құлық қалыптарымен де бейнеленеді. Шығыс сұлулары — әлем әдебиетіндегі сұлулық тақырыбындағы дара тұрған кейіпкерлер. Ә.Лахути жырларындағы Шығыс қыздары — еркек жынысының мәңгілік ардақталатын асылдары. Мысалы, "Иран қызына" жырындағы аруды ақын "Иранның алтын айы", "Жақұты Шығыстың", "Сымдай түзу сымбатың", "Хош иісті қолаң шашың", "Оқтай өткір отжанарың және т.б. дәстүрлі баламалы бейнелеу сөздермен мадақтай отырып Шығыс аруының халық болашағына тірек боларлық азаматты парасат биіктігіңді уағыздайды:

Ұл мен қызың алсын сенен ұлағатты тәрбие,

Лайық Ана болу үшін өзің де бол Арға ие!

Ұл мен қызың ұлы еңбектің сырына әбден қанықсың,

Ел алдында еңбек ету — парызы ғой, соны ұқсын!

Біле-білсін — тоңмойындық —. жанын қолдау екенің,

Біле-білсін — адал еңбек — арын қолдау екенін.

Біреулерге үстемдік қып, біреуге көз алартып,

Еңбек етпей нан жегенше, өлгенінің өзі артық!

Сүйсін балаң бостандықты, ғылым, шындықты, еңбекті,

Елге деген жан алауы жарқыратсын жер-көкті!

Сонда ғана ұлы анасың, қонды дей бер қолға құт,

Айың туып, әкелгенің Отаныңа мол бақыт!

Ә.Лахути поэзиясыңда көңіл-күй лирикасы да бар. Бұндай өлеңдерінде ақынның заман, тұрмыс, адамдармен қарым-қатынас мәселелерінің ортасында жүріп, алуан сырлы көңіл-күй әуендерінің теңсізінде жүзетіндігі байқалады. Мысалы, "тағдыр маған қаталдығын" /1921/, "Құдіретті екі қол бар біздерде" /1921/деген өлеңдерінде өмірді сүйген өршіл гуманизм рухындағы күрескер жігерлі ақын көңіліңнің табиғатына қанығамыз. Мысалы, "Тағдыр маған қаталдығын" деген жырындағы философиялық мағынада алынған бейнелі сөздердің астарында тағдырдың асу-белестерінде өмірді сүйген ер бейнесін еңкейтпей өтерлік Ақын қайсарлығына сенеміз.

Дауыл — менің желпеуішім, соққан кезде аңызақ,

Түні бойы жүріп келем... әлі алдымда жол ұзақ.

Түні бойы жүріп келем, бағдар табам жасыннан,

Ал, қоп-қою қараңғылық шөлді қымтап жасырған...

Отаршылық езгінің қараңғылығы тұмшалған елінің жағдайы түндей болса, сол елінің бақытты күндерге жетуге ербір елдің абыз ақындары аңсап өткен емес пе? Халқы үшін Жерұйық — болашақ іздеген ақындар дәстүрімен сол жолда Ә.Лахути да қиындықтан тайсалмаған. Сондықтан да ол "Құдіретті екі қол бар біздерде" деген өлеңінде адамдардың бақытты болашағы үшін күресте жүрген сапарында өзінің Азаматтық тұлғасын айқындай жырлайды:

Суық қанжар тірелсе де алқымға,

Бола алмаспыз салқын жүрек — сыз кеуде!

Көмек күту жараспайды мәрт ұлға,

Құдіретті екі қол бар біздерде!

Әбілқасым Лахутидың шығармашылық өмірбаянындағы 1922-1956 жылдарындағы кезең Тәжікстанда өтті. Кеңестер Одағындағы саяси-әлеуметтік оқиғалардың, коммунистік идеологияның қалың ортасында жүріп Ә.Лахути халықтық мазмұндағы шығармашылығы тоқтаткан жоқ. Халықтар достығы, жер бетіндегі баянды бейбітшілік, адам еңбегінің ұлылығы және т.б. тақырыптар ауқымында лирикалық өлеңдер, эпикалық дастаңдар да жазды.

Әбілқасым Лахути шығармашылғы — иран-тәжік әдебиеттерінде ортақ тұлға ретінде қарастырылатын мұра. Қазақ поэзиясындағы ауызша дәстүрлі ақындардың алыбы ұлы Жамбыл да Шығыс әдебиетіндегі осы тұлға туралы арнау жыр шығарған еді. Ә.Лахути ұлы Жамбылға үкімет наградасы берілген кезде "Жамбылға" деген құттықтау жырын жазғанда туысқан иран-тәжік халықтары перзентінің жүрек-лебізіне ұлы Жамбыл қуана, тебірене жыр арнайды:

Сорғалат, көтер даусың, әидет әсем,

Ұрпағы Фердаусидің ақын Ғасем.

шындардың астын қуған бұлақтай боп,

Сылдырлар бізбен бірге миллион шешен...

Газелі парсы елінің, қазақ жыры,

Қосылып толтырады бірін-бірі.

Мадақтап ел ағасын, жұрт данасынш.

Шырқаған азат елдің шығады үні.

Ә. Лахути - Иран және тәжік халықтары әдебиеттерінде ортақ тұлға. Әрине, ақынның 1922-1956 жылдар арасындағы шығармашылығы да тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері тұрғысынан талдауға тиісті.
Бақылау сұрақтары


  1. Ә. Лахути өмір жолы.

  2. XX ғасырдың басындағы ірі ақын.

  3. "Иранның алтын айы" мән – мазмұны.

Студенттің аудиторияд орындайтын тапсырмасы

1. Ә. Лахути өмір жолы.

2. XX ғасырдың басындағы ірі ақын.

3."Иранның алтын айы" мән – мазмұны.



Студенттің аудиторияд орындайтын тапсырмасы

  1. Реферат.

  2. Сұрақ - жауап

54 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: Әйгілі гректер Херонейден шыққан грек ғалымы

ірі қоғам қайраткері

Глоссарий тақырыптары

  1. Плутархтың саяси, діни, педагогтық шығармалары.

  2. Плутархтың тарихқа құштарлығы кездейсоқ емес еді.

  3. Плутарх кітаптары “салыстармалы өмірнамалар” деп аталуы.

  4. “Әйгілі гректер” еңбегінің өмірнамалық маңызы.

  5. “Салыстырмалы өмірнамалар” тарихи еңбегі.

55

Тақырыбы: Неміс халқының ұлы ақыны Генрих Гейне

Жоспары:

1. Генрих Гейненің өмір жолы.

2. Г.Гейненің шығармашылығы.

Неміс халқының ұлы ақыны Генрих Гейне 1797 жылы Дюссельдорф қаласындағы шағын шаруалы еврей семьясында туып, 1856 жылы қайтыс болды. Алғашында жергілікті Лицейде оқиды. Сонан кейін университетте түсіп, 4-5 жылдай заң ғылымын зерттейді, сонда романтикалық мектептің оқымысты уәкілі Шлегель мен жақын танысады. Бұдан кейін Геттин-генде, Берлинде-Бойпанның, Вольфтың және Гегельдің лекцияларын тыңдайды. 1825 жылы Геттингенде заң ғылымының докторлық дәрежесіне ие болды. Ол кездегі немістің буржуазиялық қоғамның идеологиядағы реакциялық бағыты әдебиеттегі романтикалық мектепте ықпалын тигізе отыра, феодалдың тұрмысты көздеді. Гейне алғашқы кезінде романтикалық мектептің шәкірті болабастады да, көп ұзамай одан бас тартып, әдебиетті өмірге, қоғамның саяси қозғалысына жақындауға бар жігерін жұмсайды. Сонымен Гейне Германияда өз шығармалары арқылы буржуазиялық-демократия бағытындағы поэзия белесін бастады.

Гейненің тұңғыш өлеңі баспаға 1817 жылы жарияланды. Оның содан кейін 1821 жылы 1823 жылдары әр түрлі атпен кітаптары да шыға бастады. 1827 жылы басылып шыққан «Жырлар кітабы» деген атпен шыққан өлеңдер жинағы Германияда неміс әдебиетінің лирикалы өлеңдер тарихындағы Гетеден кейінгі бір үлкен белесті оқиға болып танылады. Гейне поэзияның халықтың формасын өз шығармаларында прогресшіл, демократиялық идеямен тоғыстыра білді. Гейне өзінің «Жырлар кітабында» терең философиялық ойларға барып, үстемшілік жүргізіп отырған немістің мешандық қоғамның сораңғы қылмыстарын қылықтарын, жағымсыз мінездерін сынақтап, мінеп, сынап жазды.

Гейне өзінің «Атта Гролпь» деген атақты поэмасында немістің сол кезгі ұсақ-буржуазиялық, радикалдың поэзиясына қарсы, сөзуар ұсақ буржуазияшыларды сықақ етіп көрсетті, олардың сотқарлық мінездерін (көрсетті) әшкереледі. Гейненің «Германия» деген поэмасы неміс реакциясына қарсы, ақынның революциялық патриотизм айқын танытатын, саяси маңызы зор әйгілі шығармасы. Бұл поэма Гейне шығармаларының биік шыңы деп саналады. «Еріксіздер кемесі» деген өлеңінде ақын, капиталистік қоғамның адамгершіліктің шегіннен шығып кеткен айуандығын көрсетіп, оларды айқын әшкерелеп-сипаттайды. Гейненің өзінің жас кезіндегі шығармаларында көптеген ауытқу қате жолдары да болды. Ол кемшіліктері мен қателіктеріне бұл жолы тоқталып жатуды оншалықты қажет деп таппадық.

Қазақ тілінде 1965 жылы басылып шыққан кітапшаға «Шат көңілді-ер Герман», «Еріксіздер кемесі», «Филантроп», «Жетімдерді еске алу», «Екі сері», «Ғашықтар шолжаңы», «Ақылды төбет», «Қызыл кебіс» деген өлеңдер кірді.

«Шат көңілді-ер Герман»-Дат елінің аңызынан алынып, жазылған ертедегі тәрізді өлең. Мұнда-автор қара-құзғынның жауыздығын, бала батыр Германмен оның ғашық қызының махаббатын және олардың ерлігін суреттейді. «Ерінсіздер кемесінде капиталистердің адамгершіліктен безгендік-хайуандығын, негрлерді топ-тобымен мал орнына ақшаға сатылып, пайда түсіретін құлқын иесі қанаушыларды көрсетеді. «Филантропта» бай ағасы өзінің бірге туған кедей қарындасына көк тиын да көмек бермей, ақырында қарындасының бір үзім нан таба алмай аштан өлгенін сипаттайды. Ал «Жетімдерді еске алуда» жетімдердің аянышты халін, халділердің той-думанды өмірін бейнелейді. «Екі сөріде» өзінің киімін, тонын жақсы көретін.


Бақылау сұрақтары

  1. Генрих Гейненің өмір жолы.

  2. Г.Гейненің қзақ тіліне аударылған өлеңдері.

  3. Гейненің “Германия” атты поэмасы.

  4. Гейненің поэмаларындағы өзіндік ерекшелік.

Студентің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Гейненің “Жырлар кітаы” атты өлеңдер жинағы.

  2. Генрих Гейненің өмір жолы.

3. Г.Гейненің шығармашылығы.

Суденттің уйде орындайтын тапсырмасы

  1. Тест.

  2. Сұрақ жауап.

56 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: 17 ғасырдағы Француз әдебиеті

Коллоквиум тапсырмалары

  1. 17-ғасырдағы Франсуз әдебиетінің өкілдері.

  2. 17-ғасырдағы Франсуз әдебиетінің философы Декарт.

  3. 17-ғасырдағы Вольтердің “Эдип ” атты трагедиясы.

  4. Франсуз әдебиетінің өкілі Буалоның “Поэтикалық өркениет атты ”поэмасының негізгі тақырыбы.

  5. Франсуздың классисизі Моллер өмірі.

6. Классицизм - ХVІІғ.ғы француз әдебиетінің көркемдік стильдік бағыты.

7. Мольер шығармашылығы.

8. Әйгілі Француз Революция кезеңінде 1789-1794

жылдары басты тарихи уақыттар


57

Тақырыбы: Назым Хикмет Ранның шығармашылығы

/1902-1963/

Жоспары:

1. Назым Хикметтің саяси лирика жайлы жазған өлеңдері.

2. Драмалық шығармалары

Назым Хикмет-түрік әдебиетінің көрнекті тұлғасы, түрік революциялық поэзиясының негізін қалаушы. 1918 жылы КССРО-ға келеді, Бакуде болды. Мәскеудегі Шығыс халықтарының коммунистік университетінде оқиды.

1938 жылы соғыс қызметкерлерін көтеріліске шақырғандығы үшін әскери-соғыс трибуналы Назым Хикметті 15 жыл, одан кейін тағы да 13 жыл түрмеге отыруға үкім етеді. Бірақ Ғ.Мүсірепов айтқандай: «Бірақ халыққа арналған өмір-жыры өшкен жоқ, өрши берді, еңбек жұртының жүрегіне, ойына тарады, студенттердің қойнына, солдаттардың қонышына түсті. Хикметтің тиым салынған шығармалары офицерлердің чемодандарынан да табылды».

36 жастағы ақын Бурса қаласындағы түрмеге түскеннен кейін тағы да 27 жылдық түрме жазасы қосылады. Сонымен отыз алтыдағы Хикмет ақын табандатқан елу бес жыл түрмеде отырып, тоқсан бір жасында түрмеден құтылмақ еді.

Назым Хикмет 1950 жылы шілде айында түрмеден босатылады.

Назым Хикметке Бейбітшілікті жақтаушылардың дүниежүзілік екінші конгресінде агрессияға қарсы жазылған әдеби-шығармашылық еңбектері үшін Халықаралық Бейбітшілік сыйлығы берілді. Ол дүниежүзілік бейбітшілік қорғау Кеңесінің бюро /1950/ және Президиум мүшесі /1950/.

Жаңару, өркендеу жолындағы тәуелсіз мемлекет Туркияның ұлттық әдебиетінің дамуында, әрине, Назым Хикмет шығармашылығы-өзіндік өрнекті мұра. Олай дейтін себебіміз, оның шығармашылық өмірбаянын күресшіл, революцияшыл мазмұнға құрылады. Көркем шығармашылық әлемдегі көркемдік. Әдістер, романтизм мен релазим әдістерін егіз қолдана жазған, халқын сүйген талай-талай ақындар шығармашылығынан біз осыны танимыз. Үндістанның ұлы ақыны Рабиндранат Тагордың, 1922 жылға дейін Иранда өмір сүрген иран-тәжік әдебиеттерінің ақыны Әбілқасым Лахутидың, қазақ ақындары С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтың, Қ.Аманжоловтың және қазіргі әңгіме арқауындағы ақын Назым Хикмет шығармашылығынан біз осындай ерекшеліктерді танимыз.
Назым Хикмет-әдебиет тарауындағы ұлы ақын. Сонымен қатар ол-көркем прозашы, драматург, киносценарииші. Шығармалары /жарияланған кітаптары/:


  1. «Күн нұрына суарылғандар жыры » /1928/

1. «835 тармақ» /1929/

2. «Даусын жоғалтқан қала » /1931/

3. «Адамдық кеңестік» /1941-61 ж.ж. Бұл түрік тілінде 1966-67 ж.ж. жарияланған эпопея/.

4. Драмалық шығармалары: «Елеусіз қалған есіл ер» /1935/; «Дарақы» /1955... т.б.

Назым Хикметтің шығармашылығы әдеби тек жағынан лирика, эпос, драма түрлерін түгелдей қамтиды. Назым Хикметтің әлемдік сөз өнеріндегі негізгі тұғыры-ақындығы. Ақынның лирикалық шығармашылық құдіретін әлемге танытқан ерекшелік-оның туған елін Туркияны, Анадолы жерін, Ыстамбулды, дүниежүзінің еңбекшілерін азаматтық, гуманистік жүрекпен жырланғандығы Хикметті түсіну үшін лирика табиғатына үңілу керек. «Лирика... шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөліп, ойымен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі»... «Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты». Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, - сол өз кезінің шындығымен сыры жатады.

... «Лириканың бас қаһарманы-ақынның өзі... Өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақынмен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді... Сонда ақын көкірегінде сезім-оқырман сезімі, ақын көңіліндегі сыр-оқырман сыры болады да шығады». /Қабдолов З. Екі томдық таңдамалы шығармалары. А., Жазушы. т.2. 315-316, 319 беттер/ Бұл айтылған тұжырымдарды Н.Хикмет жырлары арқылы түсінеміз. Назым Хикметтің лирикалық шығармашылығын өлең тарихындағы қалыптасқан жіктеулер тұрғысынан саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы түрлерінде қарастыруға болады.

Назым Хикметтің саяси лирикасына мынадай өлеңдері жатады:

«Лидия Ивановнамен сырласу», «Сендердің қолдарың хақында һәм жалғандық жайлы өлең», «Мадрид қақпасы алдында», «Шығыс адамы және СССР», «Үміт», «Сені ойлаймын», «Құрыш білектер», «Ағаштар», «Қайран, он тоғыз!», «Бес тәулік ашыққанда», «Мұнайстанға саяхат», «Мен түрмеге түскенге», «Ешбір ағаш берген жоқ мұндай ғажар жемісті», «Әлем достар, жаулар, сен және жер», «Поль Робсонга», «Айқас» және т.б.

Ақынның саяси лирикасынан адамзаттың бақыты жолындауы күреске өмірін арнаған лириканың қаһарманның асқақ мұраттары жырланды. Құрлықтарды мекендейтін барлық нәсілдегі адамдарда сүйетін гуманистік бауырмал үні шынайы қалпымен естіледі.

Африка не Азиядан,

Не Таяу Шығыс елінен.

Не Қиыр Шығыс,

Не Тынық мұхитының шегінен.

Қай тараптан да бол, мейлің,

Планетамның халқының төрттен үш бөлігі,

Бөрі де маған бауырлас туған ел деймін.

/ «Сендердің қолдарың хақында»/

Ал, «Өлген қыздың елесі» жырында Хиросимадан басталған атомдық зұламатқа қарсылық үнін танимыз. Мәңгілік апат, қырғын атаулыға жаны түршіге қарсы ақынның күрескерлік жырының қуаты айқын.



Бақылау сұрақтары

  1. Түрік поэзиясыныңнегізін салушы Н.Х.Ран

  2. Назым Хикмет Ранның өмір жолы.

  3. Н.Х.Ран жазушы қоғам қайраткері.

  4. Ранның өлең жинақтары.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Назым Хикметтің саяси лирика жайлы жазған өлеңдері.

2.Драмалық шығармалары.


  1. Н.Х.Ран жазушы қоғам қайраткері.

  2. Н.Ранның өлең жинақтары.

Студентің үйде орындайтын тапсырмасы

    1. Сұрақ жауап.

    2. Реферат.

58 Сабақтан тыс ОБСӨЖ

Тақырыбы: Түрік әдебиетінің өкілдері

Реферат тақырыптары

1. Омер Сейфиддин (1884-1920) түрік сатирасын

қалыптастырушы .

2. Сейфиддин шығармаларындағы реализмдік әуен.

3. Омер Сейфидиннің негізгі тақырыбы ұлт мәселесі.

4. “Білім ошағы”, “Бостандық жалауы”, “Биік өкшелер” 1923 жылғы әңгімелерінің тәрбиелік мәні.

5. “Ақ гүл”1938 жылы.

6. “Ноқат” 1956 жылы.

7. “Эфруз бей” 1970 жылы.

59



Тақырыбы: Түрік әдебиетінің өкілі Омер Сейфиддин өмірі,

шығармашылығы

Жоспар:

1. Омер Сейфиддин (1884-1920) түрік сатирасын қалыптастырушы .

2.Сейфиддин шығармаларындағы реализмдік әуен.
28.02.1884 жылы Генен қаласында туып, 06.03.1920 жылы Стамбулда қайтыс болған Түрік жазушысы Омер Сейфиддин әскери білім алған. 1914 жылдан Стамбулда Қабаташ лицейінде әдебиеттен сабақ берді. Шығармалары 1911 жылдан бастап жарияланды. Оның туындыларында жас түріктер 1908 жылы кеійінгі түрік буржуазиясына тән қайшылықтар ашылды. Дін иелерімен дін басыларының надандығын, пәлеқорлығын, арамзалығын әшкерелеген. “Әулие құтқарушы” буржуазия саяхатшы сымақтарының суайттығын “Эфруз бей”, “Прогресс” феодалдық, патриархалдық мешеулікті “Діннен безген” көрсеткен әңгімелерінде сатиралық бейнелеуде бой ұрды.

Омер Сейфидин негізгі тақырыбы ұлт мәселесі. “Білім ошағы”, “Бостандық жалауы”, “Биік өкшелер” 1923 жылы, “Ақ гүл”1938 жылы, “Ноқат” 1956 жылы, “Эфруз бей” 1970 жылы т.б әңгіме жинақтарының авторы.



Бақылау сұрақтары

1. Омер Сейфидиннің негізгі тақырыбы ұлт мәселесі.

2. “Білім ошағы”, “Бостандық жалауы”, “Биік өкшелер” 1923 жылғы әңгімелерінің тәрбиелік мәні.

3. “Ақ гүл”1938 жылы.



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Омер Сейфиддин (1884-1920) түрік сатирасын қалыптастырушы .

2. Сейфиддин шығармаларындағы реализмдік әуен.

3. Омер Сейфиддин шығармаларының негізгі тақырыбы.



Студентің үйде орындайтын тапсырмасы

  1. Реферат.

  2. Сұрақ –жауап

  3. Тест.

60




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет