Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет8/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

ОБСӨЖ №8



1. Сабақтың тақырыбы: Президенті институты.

2.Сабақтың жоспары:
1. Президент институтының негізгі мәні.

2. Қазақстанда президент институтының қалыптасуы.

3. Президент сайлауы.
3.Теориялық мәліметтер:

1. Кеңес империясы күрегеннен кейін оның орнына келген тәуелсіз мемлекеттердің бәрінде президенттік жүйе президенттік лауазымнан кейін пайда болды. Тәуелсіз елдер алдымен өздерінің президентін сайлап алды. Саясаттану ғылымында «Президент пен Президенттік жүйе» туралы түсініктердің шегін белгілеп аудың қажеттігі туды.

Президенттік жүйе- бұл экономикалық, әлеуметтік, саяси, ха-лықаралық жағдайлардың өзгеруіне байланысты жетіліп, өзгеріп отыратын конституциялық институт. Осымен бірге ол ең жоғарғы сайлап қойылатын саяси институттар әрі саяси және қоғамдық құрылым. Президенттік жүйе өз құрамына үкіметті, министрлер мен ведомстваларды, бюрократтық аппаратты қамтитын атқарушы билік жүйенің биік шыңы әрі көп салалы мемлекеттік жүйенің бір бөлігі.

Президенттік жүйе билік институты ретінде президенттік сайлау тәртібін, оның билік басында боу мерзімін, президенттің өкілеттігін, оны орнынан тайдыру (импичмент) процедурасын , президенттің халық пен атқарушы билікпен, парламентпен, сот билігімен қарым- қатына-сын қамтиды.

Ал президенттің мемлекеттегі ролі ол мемлекет басшысы болып сайланғанмен мемлекеттің заң жүйесінде белгілеген сипатына қарай Парламенттік немесе Президенттік республика екеніне қарай белгіленеді.

Парламенттік республика – Президентті мемлекет басшысы ретінде парламент сайлайды. Оған жергілекті шектелген өкілеттік береді. Ол үкіметті тағайындай алмайды.

Президенттік республикада- мемлекеттік басшылықтың негізгі тұтқаларын өз қолында ұстап отырған күшті президент болады. Ол мемлекет басшыларының дәстүрлі қызметі сыртқы қытынастардың жүргізілуімен , мемлекеттердің атынан әрекет жасауымен, заңдарға қол қоюымен, кешірім жасау және т.б. құқықтармен бірге оған ең жоғарғы атқарушы билік тапсырылады. Ол үкіметті құрады және оған басшылық жасайды. Осы арқылы бүкіл мемлекеттік аппаратты басқарады. Барлық мемлекеттік (сот органдарында) лауазымдарды тағайындау Президентке байланысты. Президентті халық сайлағандық-тан ол парламенттен тәуелсіз, оған және осымен бірге заң шығару процесіне ықпал жасай алады. Президент қарулы күштердің бас қолбасшысы болып саналады.Президенттің осы және басқа қызметі мен міндеттері оны мемлекеттегі басты тұлға етіп белгілейді.

Алайда конституциялық құрылыс мемлекет басшысының құқықтық дәрежесін жоғарыдағы парламенттік және президенттік республикамен шектелмейді. Осымен бірге басқарудың «аралас» түрі де пайда болды. Бұл басқарудың республикалық түріне жатады, мұнда президенттік және парламенттік басқару аралас жүреді.

Президенттік, Парламенттік және аралас республиканың бір- бірінен айырмашылығы ең алдымен мемлекет басшысы Президентті сайлау тәртібіне байланысты болады.

Парламенттік республикада Президент бүкіл халықтың тікелей сайлауында жасырын дауыс беру арқылы сайанады.

Президент кейбір елдерде референдум арқылы сайланады. Мысалы, Сирияда, Египетте Президент осы жолмен сайланады.

Парламенттік және Президенттік республикалардың бір- бірінен екінші өзгешелігі Үкіметті құруда және оның кімге бағынып, кімнің алдында жауапты екенінде.



Парламенттік республикада Үкімет парламенттік негізде қалып-тастырылады да, оны Премьер- Министр басқарады. Үкімет парламент алдында есеп береді, сонымен бірге жеке министр де парламент мүшесі болып табылады. Парламенттік республикада атқарушы үкіметтің өзі іс жүзінде заң шығарушы биліктің жалғасы болып табылады. Сондықтан бұл екеуінің арасында келіспеушілік өте сирек кездеседі. Мұндай басқарудың артықшылығы осында. Ал бұл жүйенің кемшілігі ретінде партиялық жүйенің, осыған сай парламенттік коалицияның солқылдақтығын, осының салдарынан үкіметтің тұрақ-сыздығын айтуға болады.

Президенттік республикада үкімет парламенттен тыс жолмен құрастырылды. Оның мүшелерін парламенттің келісімімен Президент тағайындайды және соның алдында жауап береді. Президент үкіметті таратып жібере алады. Төтенше жағдайларда елге Президент басшы-лық етеді. Президенттік жүйе, парламенттік жүйеге қарағанда елдегі саяси тұрақтылыққа күштірек кепілдік береді. Өйткені ол Конститу-цияда белгіленген мерзімге сайланады.

1990 жылы 25-наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш демократиялық сайлауы болды. Ал 24- сәуірде оның бірінші сессиясы-ның ашылған күні Қазақ ССР-ның тұңғыш Президенті болып Н. Назар-баев сайланды. Сөйтіп республиканың саяси жүйесін қалыптастыру-дың демократиялық саяси институттарын, жаңа ақпарат құралдарын қалыптастырудың кезеңі басталды.

Президенттік жүйе Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясында заң жүзінде бекітілді. Рас бұл Конститу-цияда заң жүзінде бекітілді. Рас бұл Конституцияда белгіленген мемлекет басшысының құқықтарымен міндеттері белгілі дәрежеде шектеулі болатын, әлі бізде дәстүрлі формадағы президенттік басқару жүйесі жасалды деп айтуға болмайтын еді. Ал Республиканың 1995 жылы қабылдаған Конституциясы еліміз Президентінің мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазым иесі, халық пен мемлекеттік биліктің бірлігі, конституциямыздың, адам және азаматтың құқы мен ботандығы бұзылмайтындығының символы мен кепілі ретіндегі жаңа дәрежесін белгілеп берді.

2. Қазақстанда Президент қызметі тұңғыш рет 1990ж.24 сәуірде Жоғ. Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғ. Кеңес 6 жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Қ Р-ның тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаєв сайланды. Конституцияға 1998 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды. Мемлекет басшысы ретіндегі Қ.Р. П- нің өкілеттігін былайша топтастыруға болады: Ел Парламентінің қызметімен байланысты құқықтарымен міндеттері: Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған Заңға 15 жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Үкіметке сенімсіздік білдірілгенде, Премьер- Министрді тағайындауға келісім беруден Парламент қатарынан екі рет бас тартқанда, Парламент палаталарының арасында немесе Парламент пен мемл. Биліктің басақа да тармақтарының арасында болған елеулі пікір алшақтығынан саяси дағдарыс туғанда Парламентті тарата алады.

Ел Үкіметінің қызметімен байланысты құқықтарымен міндеттері: Парламенттің келісімімен Үкімет басшысын- Республика Премьер- Министрін қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады; Премьер- Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Үкімет құрамына кірмейтін орт. Атқарушы органдарын белгілейді, таратады, қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды отырыстарына төрағарлық етеді; Үкіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облыстар, респ. маңызы бар қалалар әкімдері мен Астана әкімі актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Үкімет басшысының ұсынуымен Республика-ның мемл. бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызмет-керлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің біріңғай жүйесін бекітеді; Өз бастамасы бойынша да, Үкіметтің мәлімдемесі бойынша да, сондай- ақ, Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да Үкіметтің өкілеттігін тоқтату не оның орнынан түсуі туралы шешім қабылдайды және оның кез-келген мүшесін қызметтен босатады; Парламенттің келісімімен ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы, сондай- ақ, Парлемент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық Қаіпсіздік камитетінің төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Қорғаныс пен сырқы қарым- қатынастар саласындағы құқықтары-мен міндеттері: Президент ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады; Жоғарғы қолбасшыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Әскери доктринаны бекіте-ді; Қауіпсіздік Кеңесін құрады және оны басқарады; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында не оның жекелеген аумағында әскери жағдай енгізеді; ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды; Сыртқы саясатқа басшылықты жүзеге асырады және халықар қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді; келіссөздер жүргізіп , ҚР-ның халықар қатынастарын бекіту грамо--таларына қол қояды, шет мемлекеттердің елде тіркелген дипломат және өзге өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

Президенттің Конституцияда бекітілген басқа да өкілеттіктері бар: Президент өз өкілеттігін жүзеге асыра отырып, нормативке сай мазмұнда да, бейнормативтік мазмұнда да жарлықтар және құқықты қолдану құжаттары болып табылатын өкімдер шығарады; Сондай- ақ, Конституцияның 54-бабының 4- тармағына сәйкес Парламент Прези-дентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауысымен, бір жылдан аспайтын мерзімге Заң шығару өкілеттігін беру мүмкін, сонда Конституцияның 61-бабының 2- тармағына сәйкес, Президент Заң күші бар Жарлықтар шығарады.

2000ж. 27 маусымда ҚР Парламенті палаталарының біріккен отыры-сында Елбасының өмірлік мәртебесін анықтаған «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы» ҚР-ның конституция-лық Заңы қабылданды.

3. Қазақстан Республикасының Президенті- мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Республика Президентіне халық пен мемл. билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі ретінде әрекет ету өкілеттігі берілген. Бұл өкілеттікті президен Парламентте бекітілетін заңдарды қарау, басқа мемл. органдармен өзара байланыс жасау процесінде пайдаланады.

ҚР Конституциясында белгіленген тәртіппен президент ҚР-ның егемендігін , оның тәуелсіздігін, мемл. тұтастығын қорғау шараларын қолданады, мемл. биліктің барлық тармағының келісімді жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамта-масыз етеді. Ол конституцияға және заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықар қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.



Қ.Р. П-н конституцияға сәйкес (41- бап) жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмілетке толған аза-маттары жасырын дауыс беру арқылы 7 жыл мерзімге сайлайды. 40 жасқа толған, мемл. тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын (41- бап), соттылығы жоқ, тумысынан республика азаматы президент болып сайлана алады.

Бір адам қатарынан екі реттен артық мерзімге президент болып сайлана алмайды. (42-бап). ҚР П-нің кезекті сайлауын Парламент Мәжілісі тамыз айының алғашқы жексенбісінен кешіктірмей тағайын-дайды және ол жеті жылдан кейін тиісті жылдың алғашқы жексен-бісінде өткізіледі. Оның өткізілу мерзімі Парламенттің жаңа құрамы-ның сайлауымен бір мезгілге сай келмеуге тиіс. Қ.Р. П-нің кезектен тыс сайлауы президент қызметінен келтірілген, не қайтыс болған күн-нен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Сайлаушылар-дың 50 % -дан астамы қатысса, сайлау өтті деп саналады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 % - ынан асамын жинаған кандидат сайланды деп саналады. Егер бір де бір кандидат көрсетілген дауыс санын жинай алмаса, қайта дауыс беру өткізіледі, оған ең көп дауыс санын жинаған 2 кандидат жіберіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. Қ.Р. П-н сайлау мәселелері конституциялық заңмен реттеледі. Ел Конституциясында Қ.Р. П-н сайлаудың парламенттен тыс тәсілі белгіленген. Мұның өзі президент басқаратын республикаға тән сипат. Мұндай жағдайда мемлекет басшысы өз мандатын. Тікелей халықтан алады. Бұл президенттің мемлекеттік істер үшін жауап-кершілікті өз мойнына барынша толық алуына мүмкіндік береді. Қ.Р.П-нің өкілді органның депутаты болуға өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ, сондай- ақ, ол өз өкілеттігін атқару кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Қ.Р.П.-нің құзыреті ҚР Конституциясының 44,45- баптарында белгіленген. Қ.Р.П. Қазақстан халқына салтанатты түрде ант берген сәттен бастап өз өкілеттігін атқаруға кіріседі және бұл өкілеттік жаңадан сайланған Қ.Р. П.-нің қызметіне кіріскен кезінен бастап, сондай- ақ, қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген жағдайда, не науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі анықталған жағдайда, не қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Мұндай жағдайда Президент өкіметтігі қалған мерзімге Парламент Сенатының төрағасына, оның бұл өкілеттікті қабылдауы мүмкін болмаған ретте Парламент Мәжі-лісінің төрағасына, оның да өкілеттікті қабылдауы мүмкін болмаған ретте Республика Премьер- Министріне көшеді. Президент өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның ҚР Конституциясына өзгерістер мен толық-тырулар енгізу жөнінде бастама көтеруге құқығы жоқ. Қ.Р.П. өзінің міндеттерін атқаруы мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылады және осы іс- әрекеті үшін оны Парламент қызметтен кетіре алады. Айып тағу және оны Парламент қызметтен кетіре алады. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттары санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың көпшілік дауысымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғ. сот қорытын-дысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр Палата депутаттарының кемінде төрттен үшінің дауысымен қыбылданады. Айып тағылған кезден бастап 2 ай мерзімде түпкілікті шешім қабылданбаса, Прези-дентке тағылған айыптың , күші жойылады. Кезектен тыс сайланған Қ.Р. П- нің өкілетігі кезекті Президент сайлауында сайланған Қ. Р. П. қызметіне кіріскенге дейін жалғастырылады. Бұл сайлау кезектен тыс сайлаудан кейін 7 жыл өткен соң, желтоқсанның алғашқы он күнінде өткізілуге тиіс.
4.Бақылау сұрақтары:

1. Президенттік жүйе?

2. Парламенттік республика?

3. Президенттік республика?

4. Қазақстанға Президент қызметі қашан енгізілді?

5.Үкімет қызметімен байланысты құқықтар мен міндеттер?

6.Қазақстан Республикасының Президенті?

7. Қандай жағдайда президент міндетін кімдер атқаруы мүмкін?


5.Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Заңы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет