Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет6/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

ОБСӨЖ №6





  1. Сабақтың тақырыбы: Демократияның алғышарттары




  1. Сабақтың жоспары:

1. Экономикалық және әлеуметтік алғышарттары.

2. Тұрғындардың саяси мәдениеті демократияның маңызды алғышарттары.

3. Демократияландыру-дың сыртқы саяси алғышарттары.




  1. Теориялық мәліметтер:

1. Демократия деген сөз гректің «демос»- халық және «кратос»-билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.

Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуәідегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден- бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конситуциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекет-терде халықтың астамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды.

2.Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.б. V ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада- халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс.

3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық- жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс- тұрыс, іс- әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымды беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсаттарын-да пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?

4. Оның кепілі- әділеттілік.Әділеттіліктің де біріңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизицияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу - әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.

5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптері-не сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

Сонымен біз халықтың мемлекеттік билікті жүргізуге қатысу керектігі, құқық, теңдік, еркіндік жөнінде әңгіме еттік. Осы принциптер-дің бәрі түгел болағанда ғана әділдік болады. Бұл- әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол, өкінішке орай, адамзаттың басқа да арман – мұраттары сияқты бірден толық орындала бермейді.

Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық прин-ципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін- өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс.

Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын . Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен санасу керектігі мойындалды.

Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлау-дың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау- дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.с.с.

Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады.

Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.

Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман- аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен, ол- шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси дамуының мақсаты.Ағылшынның көп жылдар Премьер- Министрі болған Уинстон Черчилльдің айтуы бойынша, «демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда- бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ».

2.Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі- өнегесінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.

«Әлеуметтену» деген ұғымды XIX ғ. Аяғында Америка әлеуметтану-шысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтты. XX ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушы-лары «саяси әлеуметтену» деген ұғым да ойлап шығарды. Г. Алмонд, С. Верба, Д. Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс- әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды.

Ресей саясаттанушысы Е. Б. Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс- әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.

Саяси әлеуметтену мәселесі XX ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институт-тарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық кбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтейзм ( саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. XX ғасырдың 70-80 жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық феминистік қозғалыстар дүр сілкіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материал-дық құндылықтарға (жеке табыс, байлыққа тырысу) қарсы шыққан субмәдениет пайда болды. Мысалға XX ғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық . Оған ірі саясаткерлердің , бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін- өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін- өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал- шашын алуы, өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін таза киінуі, сақал- шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық- тесік киім киді, өз диалектілерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік пен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағыттала-ды:

- қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

- қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс- әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

- саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік- саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігі-нің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.

Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс- әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт- дәстүрлерді, білімді меңгереді.



3. Адамдардың саясатқа араласуы мен оған етер әсері әр түрлі келеді. Сондықтан ғалымдар саяси әлеуметтенуді мынадай типтерге бөледі: үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау- жанжалдық.

Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттары-ның арасында адам сияқты қолайлы психологиялық қатынастар қа-лыптасқанда пайда болады. Мұнда құқықтық тәртіп орындарына, мемлекетке, өзінің азаматтық міндеттеріне құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасында сыйластық, туындаған саяси мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялық дәстүр, азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ, Ұлыбритания елдерін жатқызуға болады.

Саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрі өзінің саяси және әлеу-меттік жүйесінен басқа жүйелерге жат көзбен қарап, оларды жақтыр-майды. Мұнда саяси әлеуметтену бір таптық, діннің немесе идеология-ның негізінде қалыптасады. Саяси әлеуметтенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге тән. Мысалы, оған бұрынғы КСРО-ны, қазіргі Солтүстік Кореяны жатқызуға болады.

Саяси әлеуметтенудің плюралистік түрінде адам басқа адамзаттар-дың, олардың құқығы мен еркіндігін, теңдігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал бола алады.

Саяси әлеуметтенудің дау- жанжалды түрі топаралық күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғанстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б. әрқайсысы өз салт- дәстүрлерін, өз ұлтының құндылықтарын жоғары қойып, әр түрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде әлсін әлі дау- жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде, Саяси әлеуметтенудің типтерін қарастырғаннан кейін біздің қазіргі Қазақстан Республикасының аза-маттарының саяси әлеуметтенуін қай типке жатқызуға болады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Оның басын ашып айту әзір қиын. Өйткені біз өтпелі кезеңде тұрмыз. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі гегемонистік саяси әлеуметтенудің түрінен бас тарттық. Ал дәстүрлі либеральдық құндылықтарды игергеніміз жоқ, олар боймызға сіңген жоқ. Оған көше қою да оңай шаруа емес. Себебі көптеген отбасылар жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты күнделікті күн көрістің қамымен жүр. Балаларды саяси әлеуметтендіру тұрсын жалпыға бірдей оқу орнына беру кейбір отбасына оңайға түспеуде. Бұрынғы жастар ұйымы (октябряттар, пионерлер, комсомол) өз жұмыстарын тоқтатты. Олардың орнын басарлық ұйымдар әлі туа қойған жоқ. Көппартиялықтың аты бар да, заты шамалы. Сайлау кезінде болмаса, саяси әлеуметтендірумен жүйелі шұғылданып жатқан олар жоқ. Нарықтық экономика кезінде ақпарат құралдары қаржының тапшылығынан жарнамаларды жариялауға көбірек көңіл бөлуде.

Сайып келгенде, қазіргі саяси әлеуметтену процесінде 2 түрлі үрдісті байқаймыз. Біріншіден қоғамның демократиялануы, халықтың саяси іске араласуына мүмкіндіктің молаюы. Екінші жағынан көпшілік халықтың тұрмысы төмендеп, жұмыссыздық көбейіп, саясатқа селқос қараушылықтың өрістеуі.




  1. Бақылау сұрақтары:

1.Демократия сөзінің мағыналары?

2. Демократиялы принциптерге не жатады?

3. Демократия дегеніміз не?

4. Адамдардың саяси сауатын қалай көтереді?

5. Саяси әлеуметтену мәселесі қай кезде кеңінен көтерілді?

6.Саяси әлеуметтену процесі қандай үш негізгі мәселені шешуге бағытталады?

7. Әлеуметтенудің үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау- жанжал-дық типтері?


  1. Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест


Глоссарий
7. СӨЖ тапсырмасы: Партиялық жүйелердің түрлері және олардың құрылымы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет